сараптама жасауға тартылған консалтингтiк ұйымдардың қызметiне ақы төлеу;
2) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта
ілгерілету бойынша шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр
бөлiгiн өтеу қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау
саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
4. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган
мен жергiлiктi
қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негiзiнде
индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар
мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа ілгерілету бойынша
шығындарын өтеуге бөлiнген
қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резидентi – екiншi
деңгейдегi банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетiн ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары индустриялық-
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және тиiсiнше
мемлекеттiк бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесi
қаржы жылында индустриялық-
инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен
көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа ілгерілету бойынша шығындарын өтеуге жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: