субъектiлерiмен шарттар жасасу арқылы кепiлдік берiлген тапсырысты орналастырады.
Көрсетiлген шарттардың талаптары бағаны, сапаны, қолжетiмдiлiктi, тасымалдау шарттарын
қоса алғанда, ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық
компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделерiне сай
келуге тиiс және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне қайшы келмеуге
тиiс.
3. Кепiлдік берілген тапсырыс «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгiлiк
қағидалар негiзiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды
берушiлердiң дерекқорына енгiзiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi
барлық әлеуеттi берушілер арасында сатып алу рәсiмдерiн ұйымдастыру арқылы
орналастырылады.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң және оларды берушiлердiң
дерекқоры отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң және оларды
берушiлердiң тiзбесiн білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: