Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Ұлттық палатаның құзыреті



Pdf көрінісі
бет49/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

60-бап. Ұлттық палатаның құзыреті
 
      Ұлттық палата осы Кодексте, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де 
заңдарында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
 
      61-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік
 
              органдармен өзара іс-қимыл
 
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
 
      1) міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекітеді;
 
      2) өзіне Конституциямен, осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де 
заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де 
функцияларды орындайды.
 
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы оны құру 
мақсатына және оның міндеттеріне қол жеткізуге бағытталады.
 
      3. Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік 
органдармен өзара іс-қимылы осы Кодексте және өзге де нормативтік құқықтық актілерде 
көзделген тәртіппен мынадай нысанда:
 
      1) Ұлттық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын 
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама 
жасауға қатысуы;
 
      2) Ұлттық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын, 
Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама 
жасауға қатысуы;
 
      3) Ұлттық палатаның орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 
консультативтік-кеңесші органдарды құруы;
 
      4) Ұлттық палатаның орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан 
кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша 
құрылатын консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысуы;
 
      5) Ұлттық палатаны құрудың мақсатын, оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға 
бағытталған өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
 
      4. Коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын 
мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар Ұлттық палатаның сұрау салуы бойынша 


Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты 
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынуға міндетті.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      62-бап өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін 
қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 
N 375-V
 Кодексімен.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет