Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі



Pdf көрінісі
бет58/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      73-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі
 
              міндеттері мен қағидаттары
 
      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері:
 
      1) Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету 
мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимыл жасауы үшін 
жағдайлар жасау;
 
      2) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету инфрақұрылымы мен жүйелерін дамыту 
үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекеттің 
экономикасына инвестициялар тарту;
 
      3) халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін 
ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік 
деңгейін және сапасын арттыру;
 
      4) Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның 
ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу 
болып табылады.
 
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттары:
 
      1) дәйектілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы 
өзара қатынастарды кезең-кезеңмен орнату;
 
      2) конкурстық қағидаты – «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық 
негізде айқындау;
 
      3) теңгерімділік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру 
процесінде міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдерді және кірістерді мемлекеттік әріптес 
пен жекеше әріптес арасында өзара тиімді бөлу;
 
      4) нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік нәтижелеріне қол 
жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар мен көрсеткіштерді белгілеу болып 
табылады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет