Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-тарау. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет60/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

   6-тарау. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
 
      75-бап. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің жалпы
 
              ережелері
 
      1. Кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экологиялық және өзге де салаларды 
дамытуға ерікті үлес қосуы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.
 
       2. Мемлекет Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі 
үшін жағдайлар жасайды. 
 
      3. Кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік жауапкершілік бойынша қызметті жүзеге 
асыруға мәжбүрлеуге ешкім құқылы емес.
 
      Қайырымдылықты жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне 
мемлекеттің заңсыз араласуына жол берілмейді.
 
      4. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметінде жұмыспен қамту және еңбек қатынастары, 
қоршаған ортаны қорғау салаларында және өзге де салаларда кәсіпкерліктің әлеуметтік 
жауапкершілігін ендіре алады.
 
      Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін кәсіпкерлік субъектілері қайырымдылық 
арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де нысандарда 
жүзеге асыра алады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет