1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі кәсіпкерлік субъектілері
жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтарын қорғау
негізінде құрылады және әлеуметтік мәселелерді шешуде және еңбек жағдайларын
регламенттеуде кәсіпкерлік субъектісі мен оның жұмыскерлері арасындағы әріптестік
қатынастарды дамытуға бағытталуға тиіс.
2. Жұмыс орындарын сақтау, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек жағдайларының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау нормаларын сақтау,
сондай-ақ ішкі саясатты бекіту кәсіпкерліктің жұмыспен қамту және еңбек қатынастары
саласындағы негізгі бағыттары болып табылады.
3. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастар саясатын іске асыруға
қатысады.