1. Мемлекет қайырымдылықты жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ
олардың бірлестіктерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
2. Қайырымдылықты жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ олардың
бірлестіктері мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтаса алады
және өзара іс-қимыл жасап, олармен келісімдер жасаса алады, сондай-ақ шарттар негізінде
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген белгілі бір жұмыстарды орындай алады.
3. Осы Кодекстің нормалары филантропиялық қызметтің мақсаттары үшін
пайдаланылмайтын байланысты және байланысты емес гранттарды тарту, бағалау,
мониторингтеу және пайдалану тетігіне қолданылмайды.