Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Рұқсат беру органдарының құқықтары мен



Pdf көрінісі
бет94/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

111-бап. Рұқсат беру органдарының құқықтары мен
 
               міндеттері
 
      1. Екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген лиензиарлар мен 
органдар рұқсат беру органдары болып табылады.
 
      2. Рұқсат беру органдарының өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға 
лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа, оның 
ішінде ақпараттық жүйелер арқылы сұрау салумен жүгінуге құқығы бар.
 
      3. Рұқсат беру органдары:
 
      1) осы Кодекске және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруға;
 
      2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың рұқсаттар алуы кезінде олар үшін қажетті 
жағдайлар жасауға;
 
      3) лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері, бұл үшін талап етілетін құжаттар тізбесі 
және осындай құжаттарды алу және ресімдеу тәртібі туралы толық және анық ақпаратты 
қолжетімді нысанда беруге;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      4) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-
бабының 
7-тармағынан
 қараңыз.
 
      4) мемлекеттік органдарға және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік 
корпорациясына лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін, оның ішінде ақпараттық жүйелер 
арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты беруге;
 
      5) өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды 


иеленушілердің бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге 
бағытталған шаралар қолдануға;
 
      6) рұқсаттар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің 
іркіліссіз жұмыс істеуін және толықтырылып отыруын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етуге;
 
      7) Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш 
берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсаттар 
беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға жазбаша келісімін алуға, оның 
ішінде электрондық құжат нысанында алуға міндетті.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет