1. Осы Кодекске сәйкес жол берілетін деп танылуы мүмкін келісімге қол жеткізу
ниеті бар нарық субъектілері монополияға қарсы органға қажетті құжаттарды электрондық
нысанда қоса отырып, келісім жобасының осы Кодекстің талаптарына сәйкестігін тексеру
туралы өтініш жасауға құқылы.
2. Монополияға қарсы орган күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде нарық
субъектісінің келісімі жобасының осы Кодекстің талаптарына сәйкестігі немесе
сәйкессіздігі туралы шешім қабылдайды.