үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму
стратегиялары мен
жоспарларын келіседі;
12) конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді
және бекітеді;
13) отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14) ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың
тізбесін әзірлейді және бекітеді;
15) жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау
карталарына енгізу тәртібін әзірлейді;
16) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
17) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
18) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық дамыту саласындағы ұлттық
даму институты көрсететін қызметтерге ақы төлеу тәртібін әзірлейді және айқындайды;
20) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру және жүргізу
тәртібін әзірлейді;
21) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету
бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу
қағидаларын әзірлейді;
22) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын
операторларды айқындайды;
23) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
24) еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну
қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде
көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: