Қазақстан Республикасының Кодексі және Заңдары Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы


-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алиментті



бет11/19
Дата01.04.2018
өлшемі3,25 Mb.
#40029
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

163-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алиментті
ұстап қалу

      Нотариаттық куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алимент осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің елу пайызынан аспаған жағдайда да ұсталып қалуы мүмкін.



164-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орнын
ауыстырғаны туралы хабарлау міндеті

      1. Сот шешімі немесе нотариаттық куәландырылған алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалушы ұйымның әкімшілігі алиментті өндіріп алу жөніндегі шешім орындалатын жердегі сот орындаушысына және алимент алушы адамға алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ өзіне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерін үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндетті.


2. Алимент төлеуге міндетті адам сот орындаушысы белгілеген мерзімде соңғысына және сондай-ақ алимент алушы адамға, жұмыс орнының немесе тұратын жерінің өзгергені туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген жағдайда қосымша табысының немесе өзге де кірісінің болуы туралы хабарлауға және хабардар еткені туралы растау алуға тиіс.
3. Алимент төлеуге міндетті және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кететін адам көші-қон полициясы органдарына алимент төлемдері бойынша қарыздарының жоқтығын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
4. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді дәлелсіз себептермен хабарламаған жағдайда бұған кінәлі лауазымды адамдар және өзге де азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

165-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу

      1. Алимент төлеу туралы келісіммен немесе сот шешімімен белгіленген мөлшерде алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек алимент төлеуге міндетті адамның табысынан және өзге де кірісінен өндіріп алынады, табысы және өзгеде кірісі жеткіліксіз болған жағдайда алимент сол алимент төлеуге міндетті адамның банктердегі шотындағы немесе банктік емес қаржы мекемелеріндегі ақша қаражатынан ұстайды. Бұл қаражат жеткіліксіз болған жағдайда ол алимент төлеуге міндетті адамның заң бойынша өндіріп алуға болатын кез келген мүлкінен өндіріліп алынады.


2. Алимент төлеуге міндетті адамның шотындағы ақша қаражатынан және оның өзге де мүлкінен алимент өндіріп алу заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

166-бап. Алимент бойынша берешекті белгілеу

      1. Алимент төлеу жөніндегі келісім негізінде немесе атқару нарығының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару парағы немесе нотариаттық куәландырылған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгеннен бұрынғы үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі.


Алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан ұш ай бойы қатарынан өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда борышкердің мүлкінен өндіріп алынады, бұған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүлік кірмейді.
2. Атқару парағы негізінде немесе нотариаттық куәландырылған келісім негізінде алимент ұстау алиментті төлеуге міндетті адамның іздестірілуіне байланысты жүргізілмеген жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімге қарамастан және асырап-бағуға алимент төлеу белгіленген адамның кәмелетке толғанына қарамастан, алимент бүкіл кезең үшін өндіріп алынады.
3. Берешек мөлшерін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ставкасы бойынша берешекті төлеу кезіндегі индекстеу коэффициентін қолдана отырып, сот шешімінде немесе алимент төлеу туралы келісімде белгіленген алимент мөлшерін негізге ала отырып, сот орындаушысы анықтайды.
4. Осы Заңның 136-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетін алимент бойынша берешектің мөлшері алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі табысы мен өзге де кірісі негізге алына отырып анықталады. Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін куәландыратын құжат тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшері негізге алына отырып анықталады.
Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс істемеген болса, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар үшін алимент бойынша берешек бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде анықталады.
5. Сот орындаушысының алимент бойынша берешекті анықтауымен келіспеген жағдайда кез келген тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот орындаушысының әрекетіне шағымдана алады.
6. Алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-ананы іздестіру кезеңінде төленген, Қазақстан Республикасының заңнамасында балаға белгіленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары сол ата-аналардан төленген сомалардың он пайызын бюджет кірісіне есептеу арқылы өндіріп алынады.

167-бап. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату

      1. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату немесе тараптардың келісімі бойынша алимент төлеген кезде осы берешек, кәмелетке толмаған балаларға алимент төлейтін жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келісімі бойынша азайтылуы мүмкін.


2. Алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент оның сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептер бойынша төленбегенін, оның материалдық және отбасы жағдайы алимент бойынша пайда болған берешекті өтеуге мүмкіндік бермейтінін анықтаса, оны алимент бойынша берешекті төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.

168-бап. Алиментті уақтылы төлемегені үшін жауапкершілік

      1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған жағдайда кінәлі адам сол келісімде көзделген тәртіппен жауапты болады.


2. Сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған жағдайда кінәлі адам алимент алушыға кешіктірген әр күні үшін төленбеген алимент сомасының оннан бір проценті мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Алимент алушы алимент төлеуге міндетті, алименттің уақтылы төленбегеніне кінәлі адамнан алименттік міндеттемелерді орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл залалының тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға құқылы.

169-бап. Алиментті есептеуге және кері өндіріп алуға жол
бермеу

      1. Алименттерді басқа қарсы талаптармен есептеуге болмайды.


2. Төленген алимент сомаларын:
1) Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 240- і -бабында көзделген;
2) алимент алушы тарапынан алдау, қорқыту немесе күш көрсетіп ықпал жасау салдарынан алиментті төлеу жөніндегі келісім жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, кері талап етуге болмайды.
3. Егер осы баптың 2-тармағының 2-тармақшасында келтірілген әрекеттерді кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз алимент алушының өкілі жасаған болса, алимент кері өндіріліп алынбайды, ал төленген алименттің сомасы алимент төлеуге міндетті адамның талабы бойынша кінәлі өкілден өндіріп алынады.

170-бап. Алиментті индекстеу

      Сот шешімі бойынша тұрақты ақша сомасымен өндіріп алынатын алименттің индекстелуін алиментті ұстайтын орын бойынша ұйымның әкімшілігі заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің өсуіне бара-бар жүргізеді.



171-бап. Алимент төлеуге міндетті адам шет мемлекетке тұрақты
тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу

      1. Алимент төлеуге міндетті адам шет мемлекетке тұрақты тұруға кеткен жағдайда ол заң бойынша қаражат беруге міндетті отбасы мүшелерімен осы Заңның 154-159-баптарына сәйкес алимент төлеу туралы келісім жасасуға құқылы.


2. Келісімге қол жетпеген жағдайда мүдделі адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу туралы немесе алиментті бір жолғы төлеу туралы не алимент есебіне белгілі бір мүлікті беру туралы немесе алиментті өзге бір жолмен төлеу туралы талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.

172-бап. Соттың бұрын белгіленген алимент мөлшерін өзгерту
және алимент төлеуден босату

      1. Егер алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тараптың талап етуі бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгертуге немесе алимент төлеуге міндетті адамды оны төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшері өзгертілген немесе оны төлеуден босатылған жағдайда сот тараптардың назар аударарлық мүддесін де ескеруге құқылы.


2. Егер кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам алиментті төлеуге міндетті адамға қатысты қасақана қылмыс жасағаны немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайы анықталса, сот оған алимент өндіріп беруден бас тартуға құқылы.

173-бап. Алименттік міндеттемелерді тоқтату

      1. Алимент төлеу туралы келісіммен белгіленген алименттік- міндеттемелер осы келісімнің күшінде болу мерзімі біткенде немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ак тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.


2. Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:
1) бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетін алған жағдайларда;
2) асырап-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;
3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;
4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге тұрғанда;
5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

6-бөлім. Азаматтық хал актілері

23-тарау. Жалпы ережелер

174-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу

      1. Туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда осы Кодексте белгіленген мерзімде міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс. Азаматтық хал актілерін басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің мемлекеттік тіркеуі танылмайды және жол берілмейді.



175-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы
бастапқы куәліктерді беру

      1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген соң оған қатысты акті жазбасы жасалған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.


2. Туу туралы куәлік жаңа туған балалардың ата-аналарына не жеке тұлғаларға, туған бала асырап-бағуында болатын және болған мемлекеттік мекемелердің өкілдеріне беріледі.
3. Некені қию туралы куәлік ерлі-зайыптыларға некені қиылған жері бойынша мемлекеттік тіркеген күні беріледі.
4. Некені бұзу туралы куәлік ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені бұзуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша беріледі.
5. Әкелікті анықтау. туралы куәлік ата-аналарының тілегі бойынша мемлекеттік тіркеу орны бойынша беріледі, сондай-ақ ата-аналарының тілегі бойынша куәлік олардың әрқайсысына берілуі мүмкін.
6. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік ауыстыру жүргізілген адамға ғана мемлекеттік тіркеу орны бойынша беріледі.
7. Қайтыс болу туралы куәлік оның мұрагерлері қатарына жататын қайтыс болған адамның жақын туыстарына, не қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам асырауында тұрған (жазасын өтеген) мемлекеттік мекеме әкімшілігінің өкілдеріне беріледі.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша берілуі мүмкін.

176-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді
жүргізетін органдар

      1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді аудандық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу бөлімдері жүргізеді.


2. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде, азаматтық хал актілерін тіркеуді кент әкімі он күнге дейінгі мерзімде құжаттарды жинауды және оларды он күн мерзімде азаматтық хал актілерін тіркеу және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорына мәліметтер тапсыру үшін азаматтық хал актілерін жазу актілері бөлімдеріне тапсыруды ұйымдастырады.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасы астанасының аумақтық әділет органына беріледі.

177-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу
ережелері. Акт кітаптары

      1. Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және күшін жою тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандары және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандары, акт кітаптарын сақтау тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу ережелері, сондай-ақ некеге тұратын адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы туралы өзара хабардар ету, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

178-бап. Акт кітаптарын сақтау тәртібі және мерзімдері

      1. Акт кітаптары жүз бірдей (сәйкес) актілер жазбасынан екі данада бір-бірінен кейін қатаң жүйелі түрде жасалады, тігіледі және бауланады.


Акт кітаптарының бірінші даналары аудандық (қалалық) әділет органының мұрағатында азаматтық хал актісін бастапқы тіркеу орны бойынша, екінші дана - әділет департаментінің мұрағатында сақталады.
2. Акт кітаптарының бірінші және екінші даналарын бір ұй-жайда (ғимаратта) сақтауға жол берілмейді.
3. Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары 75 жыл бойы сақталады, содан соң аумақтық мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады.

179-бап. Мемлекеттік баж

      1. Шетелдік азаматтардың бала асырап алуын, неке қиюды, некені бұзуды, тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркеу ушін, сондай-ак ұлтын және жынысын өзгертуге, туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілердің жазбаларын толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктер беру, қайтадан куәліктерді, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды талап еткені және бергені ушін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.


2. Тууды, қайтыс болуды, әкелікті анықтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуын тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазу кезінде жіберілген қателерге байланысты қайтадан куәліктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынбай жүргізіледі.

180-бап. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды өзгерту,
толықтыру және түзету тәртібі

      1. Тіркеу туралы бастапқы акті жазбалары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі адамдардың арасында дау тумаған жағдайда азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау туған жағдайда азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу, оларды түзету мәселелері сот тәртібімен шешіледі.


2. Азаматтық хал актілері жазбаларындағы орын алған өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы арыздар - арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына беріледі.
3. Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы бастапқы жазбаның сақталу орны бойынша азаматтық хал' актілерін жазу органына беріледі.
4. Азаматтық хал актілері жазбаларындағы орын алған өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жазылған жер бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган жүргізеді. Азаматтық хал актілерін жазуға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуден бас тартуға арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

181-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

      1. Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы арыз сол арызды берушінің тұрақты тұратын жері бойынша азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы бастапқы жазбаның мемлекеттік тіркелген (жоғалған) орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына беріледі.


2. Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғанын растайтын құжаттар болған жағдайда немесе акті жазбасын қалпына келтіру туралы тіркелу орны мен уақыты көрсетіле отырып сот шешімінің негізінде жасалады.
3. Тарихи отанына қайтып оралғандарға қатысты туу туралы азаматтық хал актілерін қалпына келтіру, жеткілікті негіздер жағдайда және осы фактіні құжаттамалық растау (акті жазбасының жоқтығы туралы анықтама немесе хабарлама) мүмкін болған кезде не ішкі істер органдарының осы адамдардың Қазақстан Республикасына заңды келуі туралы растауы және олардың Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы өтініші болған кезде, жүргізіледі.
Репатрианттардын (оралмандардың) тууы туралы жазбаны қалпына келтіруді тіркеу олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.
4. Азаматтық хал актілері жазбасының жоғалғанын сол жоғалған жазба болған жер бойынша азаматтық хал актілері жазбасының облысты (қалалық) мұрағаты растауға тиіс.
5. Азаматтық хал актілерін жазатын органдардың жоғалған жазба қалпына келтіруі мүмкін болмаған жағдайда азаматтық хал актілерін тіркеу фактісі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен анықталады.
6. Азаматтық хал актілерін жазуды қалпына келтіруді мемлекеттік тіркеуді жоғалған жазба болған жердегі азаматтық хал актілерін жазу органы жүргізеді.

182-бап. Азаматтық хал актілеріндегі жазаларды жою

      1. Азаматтық хал актілері жазбасының:


1) сот шешімінің негізінде;
2) мүдделі адамдардың арызы бойынша;
3) жойылуға тиісті бастапқы, қалпына келтірілген немесе; қайталап жазылған жазбаны тапқан азаматтық хал актілерін жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкін.
2. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою туралы арыз сол арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша сотқа немесе азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы бастапқы жазбаның сақталу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына жойылуға тиісті азаматтық хал актісі жазбасының сақталу орны бойынша беріледі.
3. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою жойылуға тиісті жазба болған жерде жүргізіледі.

183-бап. Жеке және отбасы өмірінің құпиясы мен бала асырап
алу құпиясын жария еткені үшін лауазымды адамдардың
жауапкершілігі

      Лауазымды адамдар азаматтардың жеке басы және отбасы өмірі туралы мәліметтерді, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жауапкершілікті көтереді.



184-бап. Азаматтық хал актілерін жазу туралы заңнаманы
бұзғаны үшін жауапкершілік

      1. Тууды тіркеу, неке қию, некені бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру, қайтыс болу туралы азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде азаматтық хал актілерін жазу органдарында міндетті тіркеуге жатады.


2. Некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актілерін жазу органдарына жалған мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда азаматтар әкімшілік жауапкершілік көтереді.

24-тарау. Тууды мемлекеттік тіркеу

185-бап. Тууды тіркеу үшін негіз

      1. Баланың тууын тіркеуге туу туралы медициналық куәлік негіз болып табылады.


Медициналық ұйымнан тыс жерде, соның ішінде үйде босанған жағдайда туу туралы медициналық куәлікті босанғаннан кейін анасы дербес өтініш жасаған медициналық ұйым, медициналық қызметкер немесе босандырған жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға оның жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес ресімдейді.
Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, тіркеу сәтінде дәлелді себеп бойынша ата-аналары туралы мәлімет неке туралы куәлікке не осы азаматтық хал актілерін жазу органындағы неке қию туралы акт жазбасына сәйкес толтырылады. Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарында ата-анасы, ата-анасының аты, әкесінің аты, тегі, ұлты туралы жазба осы Заңның 51, 52, 58-баптарының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
2. Баланың тууы туралы медициналық анықтама баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметті (тегі, аты, әкесінің аты), сондай-ақ баланың туған күнін және жынысын, құжаттың берілген күнін қамтуы тиіс. Куәлік лауазымды адамның қолымен және медициналық ұйымның мөрімен расталуы тиіс.
3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын мемлекеттік тіркеу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Суррогат ана туған баланың туғанын мемлекеттік тіркеу жалпы тәртіппен жүргізіледі.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тууды мемлекеттік тіркеу ушін негіз болмаған кезде тууды мемлекеттік тіркеу осы әйелдің баланы туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

186-бап. Тууды мемлекеттік тіркеу орны

      1. Балалардың тууын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары баланың туған жерінде немесе ата-аналарының не олардың біреуінің тұрғылықты жерінде жүргізеді. Ата-аналарының (олардың біреуінің) тұрғылықты жері азаматтарды тіркеу кітабындағы олардың заңды мекен-жайына сәйкес анықталады.


2. Егер ата-анасы өзара некеде тұрмаса, ортақ баланы туу өзін баланың әкесімін деп танитын адамның тұратын жерінде тіркелуі мүмкін. Тууды тіркеу туралы өтінішпен бірге әкелікті анықтау туралы өтініш беріледі.
3. Туу туралы акт жазбасында баланың туған жері ретінде тууды мемлекеттік тіркеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөлінісінің атына сәйкес нақты туған жерінің атауы көрсетіледі.
4. Экспедицияларда және азаматтық хал актілерін жазу органдары жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ анасының теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда болған кезінде туған балалардың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасы тұратын жеріне қайтып келгеннен кейін ата-аналарының немесе олардың бірінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі.
Мұндай жағдайларда баланың туған жері болып тууды мемлекеттік тіркеу жүргізілген әкімшілік-аумақтық бөлініс көрсетіледі.

187-бап. Туу туралы арыз беру мерзімдері

      Туу туралы арызды баланың ата-аналары, не басқа да мүдделі адамдар азаматтық хал актілерін жазу органдарына бала туған күннен бастап екі айдан, ал бала өлі туған жағдайда арызды денсаулық сақтау (медициналық) ұйымның жауапты лауазымды адамы босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей беруі тиіс.


Екі айлық мерзім өткен соң тууды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша аумақтық әділет органының азаматтық хал актілерін жазу бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.

188-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы арыз

      Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы арызды ата-анасы немесе олардың біреуі, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге себептермен арыз беру мүмкін болмаған жағдайда - мүдделі адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкімшілігі жазбаша нысанда береді. Арызға ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ некені кию туралы куәліктің көшірмелері қоса беріледі.


Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуді ата-аналары емес, басқа адамдар жүргізсе, онда арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат берілуі тиіс.
Екі немесе одан көп балаларды мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш әрқайсысына қатысты бөлек беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет