Қазақстан Республикасының Кодексі және Заңдары Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы


-бап. Әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке



бет12/19
Дата01.04.2018
өлшемі3,25 Mb.
#40029
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

189-бап. Әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке
бұзылғаннан кейін не неке заңсыз деп танылғаннан кейін туған
балалардың тууын мемлекеттік тіркеу

      Некеде тұрған кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке бұзылғаннан кейін не неке заңсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу, егер әкесі қайтыс болған немесе неке бұзылған не ол заңсыз деп танылған күннен екі жүз сексен күннен аспаған болса, жалпы негіздерде жүргізіледі.



190-бап. Туу туралы акт жазбасына ата-аналары туралы
мәліметтерді енгізу тәртібі

      1. Өзара некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады. Мұндай жазбаға некеге тұру туралы куәлік негіз болып табылады.


2. Некеде тұратын және бойға бала бітірудің жасанды әдісін қолдануға немесе эмбрион имплантациясына жазбаша нысанда ез келісімін берген адамдар осы әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туған жағдайда туу туралы жазбалар кітабына оның ата-анасы болып жазылады.
3. Егер суррогат ана туралы шартта өзгеше айтылмаса, некеде тұратын және оны көтеру мақсатында басқа әйелдің эмбрион жазбаша нысанда өз келісімін берген адамдар баланың ата-анасы болып жазылады.
4. Егер ата-аналарының арасында неке бұзылған, сот жарамсыз таныған немесе жұбайы қайтыс болған жағдайда, бірақ некені бұзған, оны жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз сексеннен астам күн етсе, анасы туралы мәлімет Кодекстің 185-бабына көрсетілген құжаттардың негізінде, баланың әкесі туралы мәлімет - некені немесе бұзу туралы куәліктің негізінде енгізіледі.
Егер бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған күннен бастап екі жүз сексен күн еткеннен кейін туса, бұрынғы жұбайы тек әкелікті анықтау туралы акт жазбасының негізінде гана баланың әкесі болып жазылуы мүмкін.
Босанған әйелдің жұбайы болып табылмайтын адамды жазбаша таныған жағдайда және оның күйеуінің жазбаша келісімі болғанда баланың әкесі болып осы адам жазылады.
5. Егер ата-ана өзара некеде тұрмаған жағдайда, анасы туралы мәлімет Кодекстің 186-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Мұндай жағдайда әкесі туралы мәлімет:
1) егер баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде әкелік анықталған және тіркелген жағдайда, әкелікті анықтау туралы акт жазбасының негізінде;
2) егер әкелік анықталмаса. некеге тұрмаған ананың өтініші бойынша енгізіледі.
Тууды жазу кітабында баланың әкесінің тегі анасының тегі бойынша баланың әкесінің аты мен оның әкесінің аты оның көрсетуі бойынша жазылады. Енгізілген мәлімет әкелікті анықтау туралы мәселені шешу үшін кедергі болып табылмайды.
Анасының тілегі бойынша баланың әкесі туралы мәлімет туу туралы акт жазбасына енгізілмеуі мүмкін.
3) қандайда бір басқа адамның өтініші бойынша енгізіледі. Анасы туралы мәлімет осы Кодекстің 186-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде енгізіледі, әкесі туралы мәлімет осы адамның көрсетуі бойынша жазылады.
Бұдан әрі баланың анасы туу туралы акт жазбасына енгізілген баланың әкесі туралы мәліметке келіспеген кезде түзету белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

191-бап. Бала туғанда мемлекеттік тіркеу кезінде оған тегін,
атын, әкесінің атын беру тәртібі

      1. Тууды мемлекеттік тіркеу кезіңде баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі эр түрлі болғанда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша баланың тегі ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан жүргізілуі мүмкін. Баланың тегіне қатысты ата-ана арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.


2. Азаматтардың тілегі бойынша қазақ ұлтындағы адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуда қазақ тіліне тән емес -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -ины, -на, - овна, - евна, - ович, - евич аффикстерін алып тастауға, ал олардың орнына әкесінің атына -ұлы, -қызы деп бірге жазуға болады.
3. Қазақ ұлтындағы адамдардың аттарын екі мүше сызбасы бойынша жазуға жол беріледі, әкесінің аты тегін ауыстырып тұрғанда, міндетті тәртіппен бірінші орында, содан кейін аты тұрады, ал әкесінің аты жазылмайды.

192-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған
балалардың тууын мемлекеттік тіркеу

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған балалардың тууын мемлекеттік тіркеу келген елдің аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде не Қазақстан Республикасының басқа елдегі қоса атқарушы шетелдік мекемелерінде жүргізіледі.



193-бап. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың
туылғанын мемлекеттік тіркеу тәртібі

      1. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншы және қамқоршы органның, балалар мекемесі әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей тіркелуге тиіс.


Өтінішке бала тауып алынған уақытты, орынды және мән-жайларды көрсетіп, ішкі істер органы немесе қорғаншы және қамқоршы орган жасаған хаттама немесе акт; тауып алынған баланың жасын және жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және бала туралы басқа да жеке мәліметтер қоса тіркеледі.
2. Баладан медициналық ұйымда (перзентханада) бас тартылған жағдайда осы ұйымның әкімшілігі заңнамада белгіленген нысан бойынша ананың жазбаша өтінішін ресімдеу жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Баланы белгісіз ана қалдырған жағдайда медициналық ұйымның әкімшілігі екі куәгердің-қатысуымен хаттама жасайды. Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде хаттамалар тастанды (бас тартылған) баланы тіркеу туралы медициналық ұйымның лауазымды адамының өтінішіне қоса тіркеледі.

194-бап. Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында
шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу

      1. Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында бала туған немесе шетінеген кезден бастап бес тәуліктен кешіктірілмей тіркеледі.


2. Өлі баланың тууы медициналық ұйым немесе жеке айналысатын дәрігер берген перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктің негізінде тіркеледі.
Өлі туған баланың тууы туралы куәлігі берілмейді. Ата-аналарының өтініші бойынша өлі туған баланы мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.
3. Бала өмірінің алғашқы аптасында шетінеген жағдайда оның тууын мемлекеттік тіркеу - туу туралы медициналық анықтаманың және шетінегені - перинаталдық өлім туралы куәліктің негізінде жүргізіледі.
Туу және қайтыс болуы туралы жасалған акт жазбаларының негізінде қайтыс болуы туралы куәлік қана беріледі. Ата-аналарының өтініші бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.
Бұдан әрі тек қайтыс болу туралы қайталама куәлік қана беріледі.
4. Азаматтық хал актілерін жазу органына өлі баланың тууы немесе баланың тууы және өмірінің алғашқы аптасында шетінегені туралы мәлімдеу міндеті:
бала туылған немесе бала өлген медициналық ұйымның басшысына;
дәрігер баланың өлі туылған фактісін, баланың өмірінің алғашқы аптасында шетінегенін анықтаған медициналық ұйымның басшысына, не медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда жеке айналысатын дәрігерге жүктеледі.

195-бап. Бір жасқа толған және одан үлкен балалардың тууын
мемлекеттік тіркеу

      1. Бір жасқа толған және одан үлкен балалардың тууын мемлекеттік тіркеу медициналық ұйым немесе жеке айналысатын дәрігер берген туу туралы белгіленген нысанда құжат болған кезде ата-анасының (олардың біреуінің) немесе өзге де мүдделі адамдардың жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.


Бала кәмелетке толғаннан кейін оның тууын мемлекеттік тіркеу аумақтық әділет органы бекіткен азаматтық хал актілерін жазу органының қорытындысы негізінде баланың өзінің жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.
Өтінішке туу туралы медициналық куәлік, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әділет департаменті азаматтық актілерін жазу бөлімінің туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы хабарламасы, денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, ата-анасының жеке басын, сондай-ақ некесін растайтын құжаттар, арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі.
2. Бір жасқа толған және одан үлкен балалардың тууын мемлекеттік тіркеу аумақтық әділет органы бекіткен азаматтық хал актілерін жазу органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.

196-бап. Шетелдіктердің балаларын тууды мемлекеттік тіркеу

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетелдіктердің балаларын тууды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тиісті шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде не егер Қазақстан Республикасында мұндай жоқ болса, қоса атқаратын шетелдік мекемелерде жүргізіледі.



197-бап. Тууды салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу

      Ата-аналардың тілегі бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың тууын салтанатты жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органының үй-жайында, арнайы арналған салт-дәстүр, салтанат, неке сарайларында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді.



198-бап. Туу туралы жазбалар кітабына енгізілетін мәліметтер

      Туу туралы жазбалар кітабына мынадай деректер енгізіледі:


тууды мемлекеттік тіркеу күні;
балаға берілген жеке сәйкестендіру нөмірі;
туу туралы акт жазбасының нөмірі;
тегі, аты, әкесінің аты, баланың туған уақыты, туған жері, жынысы;
туған балалардың саны (біреу, егіз немесе одан да кеп балалар);
тірі туғандығы туралы немесе баланың өлі туғандығы туралы белгі;
туу фактісін растайтын құжат туралы мәлімет;
баланың заңды мекен-жайы;
ата-анасының аты, әкесінің аты, тегі, туған күні, жасы, тұрақты тұратын жері, заңды мекен-жайы, азаматтығы, табыс кезі немесе жұмыс орны, білімі және ата-ананың тілегі бойынша олардың ұлты;
баланың әкесі туралы мәлімет енгізілген құжат туралы мәлімет;
арыз беруші туралы мәлімет;
берілген куәліктің сериясы және нөмірі.

199-бап. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру

      Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде белгіленген үлгіде туу туралы куәлік беріледі.


Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда туу туралы куәлік әрбір балаға беріледі.

200-бап. Туу туралы куәлік

      Туу туралы куәлік мынадай мәліметтерді қамтиды:


баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және туған жері;
акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;
жеке сәйкестендіру нөмірі;
ата-анасының (олардың біреуінің) аты, әкесінің аты, тегі, ұлты;
ата-анасының (олардың біреуінің) азаматтығы;
мемлекеттік тіркеу орны (АХАЖ органының атауы);
туу туралы куәліктің берілген күні.

25-тарау. Әкелікті анықтауды тіркеу

201-бап. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу үшін негіз

      Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында:


1) баланың ата-анасының әкелікті анықтау туралы бірлескен өтінішінің;
2) анасы қайтыс болған, анасы елді деп жариялаған; анасы жан ауруы немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған; анасының ата-ана құқығынан айырылған не шектелген; баланың анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтінішінің;
3) әкелікті анықтау туралы, сондай-ак әкелікті тану фактісін және әке болу фактісін анықтау (белгілеу) туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.
2. Әкелікті жан ауруы немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сол тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның, сондай-ақ осы әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысының өтініші бойынша анықтауға жол берілмейді.

202-бап. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу орны

      Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары баланың әкесі немесе анасының тұрғылықты жері бойынша не әкелікті анықтау туралы немесе әкелікті тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімінің шығарылған орны бойынша жүргізіледі.



203-бап. Баланың ата-анасының бірлескен арызының негізінде
әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу

      1. Ата-анасының әкелікті анықтау туралы бірлескен арызы азаматтық хал актілерін жазу органына олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша беріледі. Бірлескен арыз беру қиын болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органына баланың әкесі мен анасы жеке-жеке арыз бере алады.


2. Егер ата-аналарының біреуі дәлелді себеппен әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу үшін азаматтық хал актілерін жазу органына өзі келе алмаса, оның арызындағы қолы нотариаттық тиіс.
3. Әкелікті анықтау туралы арыз беру бала туғаннан кейін мүмкін болмаған немесе қиын болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органына медициналық анықтамамен расталған анасының жүктілігі уақытында әлі тумаған балаға қатысты бірлескен (немесе бөлек) арызды тұрғылықты жері бойынша алдын-ала беруге рұқсат етіледі.
Мұндай арызды баланың ата-аналары әкелікті анықтау туралы мемлекеттік тіркеу жасалғанға дейін кез-келген уақытта қайтарып ала алады.
4. Ата-анасының әкелікті анықтау туралы бірлескен арызымен бірге ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттар және баланың туу туралы куәлігі, мұндай өтініш бала туғанға дейін берілген жағдайда медициналық ұйым немесе жеке айналысатын дәрігер берген құжат беріледі.
Егер әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, туу туралы куәлікті қоса беру талап етілмейді.
5. Әкелікті анықтауды осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін жазу органдары ата- анасының екеуінің қатысумен арыз берілген күні жүргізеді.
6. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың әкесі некеде тұрған-тұрмағанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың келісімі талап етілмейді.

204-бап. Ата-анасының әкелікті анықтау туралы бірлескен арызы
кезінде балаға тегін, әкесінің атын беру

      1. Баланың тегі ата-анасының келісімі бойынша, ал келісім болмаған кезде сот тәртібімен анықталады.


Баланың қандай текті иеленетіні жөнінде әкелікті анықтау туралы арызда көрсетілуі тиіс.
2. Баланың әкесінің аты егер олардың тарапынан қарсылықтар жоқ болса, әкесінің аты бойынша, соның ішінде кәмелетке толған балаларға қатысты өзгертіледі.
Баланың туу туралы бұрынғы акт жазбасында көрсетілген баланың әкесінің аты (анасының көрсетуі бойынша) баланың әкесі ретінде танылған адамның атымен сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық хал актілерін жазу органының әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқығы жоқ.
3. Егер баланың ата-анасы некеге ол туғаннан кейін тұрса, әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркемей, баланың туу туралы акт жазбасына әкесі туралы мәліметтерді енгізуге жол берілмейді.

205-бап. Өзін баланың әкесі деп мойындаған адамның
өтініші бойынша әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу

      1. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу өзін баланың әкесі деп мойындаған адамның жазбаша өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен, мұндай келісім болмаған жағдайда - сот шешімімен жүргізіледі.


2. Өзін баланың әкесі деп мойындаған адамның өтінішіне өзін баланың, әкесі деп мойындаған адамның жеке басын куәландыратын және анасының болмауының мән-жайын растайтын құжаттар (анасының қайтыс болуы туралы куәлік; жан ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны өлді деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқығынан айыру не шектеу туралы сот шешімі; анасының тұрғылықты жерін анықтаудың мүмкін еместігі туралы анықтама) қоса беріледі.

206-бап. Өзін баланың әкесі деп мойындаған адамның өтініші
бойынша әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың
тегін, әкесінің атын беру

      1. Баланың тегі өзін баланың әкесі деп мойындаған адамның өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен анықталады.


2. Баланың әкесінің аты әкесінің атымен, соның ішінде егер олардың тарапынан қарсылықтар болмаса, кәмелетке толған балаларға  қатысты өзгертіледі.

207-бап. Әкелікті, әкелікті мойындау фактісін және әкелік
фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде әкелікті
анықтауды мемлекеттік тіркеу

      1. Әкелікті анықтау туралы, сондай-ақ әкелік фактісін және әкелікті мойындау фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу баланың анасының, әкесінің немесе қорғаншысының (қамқоршысының) өтініші бойынша жүргізіледі.


2. Өтінішке соттың заңды күшіне енген шешімінің көшірмесі, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар және баланың туу туралы куәлігі қоса беріледі.
3. Әкелікті анықтау туралы, сондай-ақ әкелік фактісін және әкелікті мойындау фактісін анықтау туралы шешім шығарған сот осы шешімнің көшірмесін ол заңды күшінен енген күннен бастап ұш күн ішінде сот шешімі шығарылған жер бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына жіберуге міндетті.

208-бап. Сот шешімі бойынша әкелікті анықтауды мемлекеттік
тіркеу кезінде баланың тегін, әкесінің атын беру

      1. Сот шешімі бойынша әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде әкесі туралы мәлімет сот шешіміне сәйкес көрсетіледі.


Егер бұл мәліметтер сот шешімінде көрсетілмесе, әкесінің тұрақты тұрғылықты жері, қайда және кім болып жұмыс істейтіні өтініш берушінің сөзінен жазылуы мүмкін.
Сот шешімінде әкесінің ұлты туралы мәліметтер болмаған кезде әкелікті анықтау туралы акт жазбасының "Ұлты" деген бағаны жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде толтырылады.
2. Балаға тегі сот шешіміне сәйкес, ал мұндай жазба болмаған жағдайда - өтініш берушінің көрсетуі бойынша беріледі. Бұл мәселе бойынша дау туындаған жағдайда тек сот шешімімен жазылады.

209-бап. Тууды және әкелікті анықтауды бір мезгілде
мемлекеттік тіркеу

      Тууды және әкелікті анықтауды бір мезгілде мемлекеттік тіркеу кезінде міндетті түрде туу туралы және әкелікті анықтау туралы актілер жасалады. Туу туралы акт жазбаларындағы баланың тегі анасының тегі, әкесінің аты және әкесі туралы мәліметтер әкесінің арызы немесе ата-аналарының бірлесіп берген арызы бойынша көрсетіледі.



210-бап. Тууды және әкелікті анықтауды бір мезгілде
мемлекеттік тіркеу кезінде балаға тегін, әкесінің атын беру

      1. Баланың тегі ата-анасының келісімі бойынша, ал келісім болмаған жағдайда - сот тәртібімен анықталады.


Баланың қандай текті иеленетіні жөнінде әкелікті анықтау туралы өтініште көрсетілуі тиіс.
2. Баланың әкесінің аты егер олардың тарапынан қарсылықтар жоқ болса, әкесінің аты бойынша, соның ішінде кәмелетке толған балаларға қатысты өзгертіледі.
3. Егер баланың ата-аналары некеге ол туғаннан кейін тұрса, әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркемей, баланың туу туралы акт жазбасына әкесі туралы мәліметтерді енгізуге жол берілмейді.

211-бап. Кәмелетке толғанға қатысты әкелікті
анықтауды мемлекеттік тіркеу

      Кәмелетке толған адамға қатысты әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеуге тек оның жазбаша келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз леп танылса - оның қамқоршысының немесе қамқоршылық және қорғаншылық органының келісімімен жол беріледі.


Кәмелетке толған адамның келісімі жеке арызда не ата-аналарының бірлескен арызындағы оның қолымен көрсетілуге тиіс. Арыз берген кезде кәмелетке толған адам не оның қорғаншысы әкесінің тегін алғысы келетіндігі не анасының тегін сақтағысы келетіндігі туралы бірден көрсетеді.

212-бап. Әкелікті анықтау туралы арыз

      1. Әкелікті анықтау туралы арызды ата-аналары немесе олардың біреуі, олар қайтыс болған, науқастанған немесе өтініш жасау өзге ле себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда - белгіленген тәртіппен сенім білдірілген адамдар жазбаша нысанда жасайды.


Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеуді ата-аналары емес, басқа адамдар жүргізген кезде, онда арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылуы тиіс.
2. Әкелікті анықтау туралы арыз нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.

213-бап. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу
кезінде өзгерістер енгізу тәртібі

      1. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде туу туралы акт жазбасына әкелікті анықтау туралы акт жазбасының негізінде тиісті өзгерістер енгізіледі.


Баланың тегі, әкесінің аты, сондай-ақ әкесі туралы мәлімет осы Кодекстің 204, 205, 206, 208-баптарына сәйкес енгізіледі.
2. Туу туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізген соң арыз берушіге (арыз берушілерге) туу туралы жаңа куәлік беріледі.

214-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде
анықталған әкелікті тану

      Ата-аналарының ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаға қатысты Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде тіркелген әкелік танылады.



215-бап. Әкелікті анықтау туралы жазбалар
кітабына енгізілетін мәліметтер

      Әкелікті анықтау туралы акт жазбасына мынадай деректер енгізіледі:


тууды мемлекеттік тіркеу күні;
туу туралы акт жазбасының нөмірі;
әкелікті анықтағанға дейінгі және кейінгі баланың тегі, аты, әкесінің аты:
баланың туған уақыты және туған жері, азаматтығы;
ата-анасының аты, әкесінің аты, тегі, туған күні, жасы, тұрақты тұратын жері, заңды мекен-жайы, азаматтығы, табыс кезі немесе жұмыс орны, білімі және ата-ананың тілегі бойынша олардың ұлты;
әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу жүргізілген құжат туралы мәлімет;
арыз иесі туралы мәлімет;
берілген куәліктің сериясы және нөмірі.

216-бап. Әкелікті анықтауды мемлекеттік
тіркеу туралы куәлікті беру

      Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде азаматтық хал актілерін жазу органдары белгіленген үлгідегі куәлікті береді.



217-бап. Әкелікті анықтау туралы куәлік

      Әкелікті анықтау туралы куәлік мынадай мәліметті қамтиды:


бала әкесінің тегі, әкесінің аты;
баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні;
бала анасының тегі, аты, әкесінің аты;
акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;
мемлекеттік тіркеу орны (АХАЖ органының атауы);
туу туралы куәліктің берілген күні.

26-тарау.Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)
мемлекеттік тіркеу

218-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)
мемлекеттік тіркеу үшін негіз

      Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге тұру туралы бірлескен жазбаша арызы негізінде жүргізіледі.



219-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)
мемлекеттік тіркеу орны

      Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген азаматтық хал актілерін жазу органында жүргізіледі.



220-бап. Некеге тұру (ерлі-зайыптылық)
туралы арыз беру мерзімдері және неке қиюды
(ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу мерзімі

      1. Некеге тұру (ерлі-зайыптылық) туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу органына некені мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын берілуі тиіс.


2. Некені мемлекеттік тіркеуді некеге тұру (ерлі-зайыптылық) туралы бірлескен арыз берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң азаматтық хал актілерін жазу органы жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 173-175-баптарына сәйкес мерзімнің өтуі арыз берілгеннен кейін келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс емес күнге тура келсе, онда мерзімнің біту күні келесі жұмыс күнінен бастап есептелінеді.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу уақытын азаматтық хал актілерін жазу органы некеге тұрғысы келетін адамдардың келісімі бойынша тағайындайды. Мемлекеттік тіркеу уақыты бір және сол үй-жайдың ішінде қайтыс болуды және ажырасуды мемлекеттік тіркеу уақытымен сәйкес келмейтіндей етіп тағайындалуға тиіс.
Неке осы Кодекстің 221-бабында көрсетілген ерекше мән-жайлар болған кезде некеге түру туралы (ерлі-зайыптылық) арыз берілген күні қиылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет