Қазақстан Республикасының Кодексі және Заңдары Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы



бет1/19
Дата01.04.2018
өлшемі3,25 Mb.
#40029
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Қазақстан Республикасының Кодексі және Заңдары

Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 791 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5945 болып енгізілді

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын регламенттеуді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:


1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ.Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

      Министрдің


      міндетін атқарушы                                 Б. Садықов

 

«Келісілді»


      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      __________ Г. Әбдіқалықова
      2009 жылғы 30 қараша     

 

  Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
№ 791 бұйрығымен бекітілген

 

   Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары



 

Ескерту. Біліктілік сипаттамалары жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.08.24 № 588 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

 

Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі - Сипаттамалар) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеудің, кадрларды таңдаудың және орналастырудың, оларды пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырудың, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігіне аттестация жүргізудің негізі болып табылады.


Бухгалтер, экономист, заңгер, кадр жөніндегі маман, аудармашы, психолог, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы және өзге де мамандардың лауазымдарының біліктілік сипаттамалары барлық қызмет саласына ортақ мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың мамандарының жеке лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында анықталған.
Әр лауазымның біліктілік сипаттамалары мынадай үш бөлімнен тұрады: «Лауазымдық міндеттері», «Білуі керек», «Біліктілікке қойылатын талаптар».

 

   1. Медициналық ұйымдар



 

   1-параграф. Басшылардың лауазымдары

 

   1-кіші бөлімі. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы



 

Ескерту. 1-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2013 № 436 бұйрығымен (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



 

Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Ұйым қызметінің талдауы және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауды оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды. Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын,
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент») мамандығы бойынша магистратураның және мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;
немесе жоғары экономикалық білімнің «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;
облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент») мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті»,) мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы.
аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша сертификаттың болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент») мамандығы бойынша магистратураның/мамандандырудың және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы.

 

   2-кіші бөлімі. Денсаулық сақтау ұйымы басшысының


орынбасары (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі)

 

Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2013 № 436 бұйрығымен (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



 

Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау ұйымдарының өзіне бағынышты құрылымдық бөлімшелері қызметтерін басқаруды қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылдарын ұйымдастырады. Ұжымның халыққа уақытылы және білікті медициналық көмек көрсету жөніндегі жұмысын ұйымдастырады. Ұйымның емдеу-диагностикалық қызметті жоспарлау жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады. Көрсетілген қызмет, сапасын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын медициналық ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сәйкес әрі қарай арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың мемлекеттік стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді. Ұйымның емдеу қызметін талдауды жүзеге асыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Медициналық техниканың ұтымды қолданылуын қамтамасыз етеді. Емдеу және профилактикалық көмекті, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауға оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Халықты санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу жөніндегі шараларды жүргізуді жоспарлайды және қамтамасыз етеді. Медициналық кадрлар еңбектерін ұтымды орналастыру мен ұйымдастыруды, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін дамытуды қамтамасыз етеді. Өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құрады, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастырады. Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың болашақтағы жоспарын әзірлейді. Өз құзыры шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Еңбек тәртібінің сақталуын, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін, медициналық этиканы дамытуды, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды техникалық пайдалану талаптарының, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Статистикалық тіркеу жүргізуді және ұйым қызметі туралы есеп беруді ұйымдастырады.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиена, денсаулық сақтауды басқару жүйелерінің теориялық негізін, халық денсаулығы туралы статистиканы, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, аурулар профилактикасының әдістемелерін, медициналық қызмет нарығының конъюнктурасын, республиканың, жақын және алыс шетелдердің ғылыми жетістіктерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;
облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ұйымы басшысының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;
аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша екінші/бірінші біліктілік санатының және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 1 жыл еңбек өтілінің болуы;
денсаулық сақтау ұйымы басшысының медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы.

 

   3-кіші бөлімі. Экономикалық жұмыс жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары



 

Лауазымдық міндеттері. Ұйымның экономикалық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді, жүзеге асырады. Болашақтағы жоспарларын құруға, негізге алынған қажетті негіздемелері мен есептеулері бар жоспарларды әзірлеуге арналған ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметтерін, сондай-ақ шаруашылық қызметті жетілдіруге арналған ұйымдастыру-техникалық шараларды әдістемелік тұрғыда басқару мен үйлестіруді жүзеге асырады. Ұйым қызметінде қаржылық тәртіпті сақтауды, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, кешенді экономикалық талдау жүргізуді және қаржылық-шаруашылық нәтижелерін бағалауды ұйымдастырады. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын экономикалық жоспарлауға арналған әдістемелік материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады. Ұйымда қолданылатын жоспарлық, есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізуді және уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді, ұйымның еңбек тиімділігін, қаржылық-шаруашылық дербестігін және экономикалық жауапкершілігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды дайындайды. Өз құзыры шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Ішкі шаруашылық қорларды пайдалануға, жұмыс орындарын аттестациялау мен рационализациялауды жүргізуге арналған іс-шараларды әзірлейді. Қаржы құрылымындағы мамандардың біліктілігін арттырудың болашақтағы жоспарын әзірлейді. Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша есеп беруді жүргізуді және уақытында ұсынуды, еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтауды қамтамасыз етеді.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, ұйымды басқарудағы экономикалық әдістерді, жоспарланған жұмысты ұйымдастыруды, әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтауды басқару жүйесін, медициналық қызмет нарығының конъюнктурасын, еңбекке ақы төлеу жүйесін және материалдық ынталандыру нысанын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары («Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша мамандандырылған экономикалық немесе медициналық) білімнің, денсаулық сақтау ұйымдарында мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша магистратураның болуы.

 

   4-кіші бөлімі. Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары



 

Лауазымдық міндеттері. Ұйымның әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Негізге алынған қажетті негіздемелері мен есептеулері бар жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады. Еңбек қауіпсіздігі жағдайын жасауға қатысады. Еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның әкімшілік-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға кешенді талдау жүргізуді ұйымдастырады. Ұйымның материалдық, еңбек ресурстарын үнемдеу тәртібін қатаң сақтауды қамтамасыз етеді, ұйымның еңбек тиімділігін, шаруашылық дербестігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды енгізеді. Ішкі шаруашылық қорларды пайдалануға арналған шараларды әзірлейді. Әкімшілік-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы уақытында есеп беруді, ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, құралдардың, жабдықтардың және тетіктердің техникалық пайдаланылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, шаруашылық қызмет көрсету және еңбекті ұйымдастыру мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, жоспарланған жұмысты ұйымдастыруды, әлеуметтік гигиенаның теориялық негізін, денсаулық сақтауды басқару жүйесін, медициналық қызмет нарығының конъюнктурасын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары білімнің және денсаулық сақтау ұйымдарында мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

 

   5-кіші бөлімі. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы


(бас дәрігер, директор, аға дәрігер, меңгеруші, бастық)

 

Лауазымдық міндеттері. Ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылықты жүзеге асырады. Халыққа уақытылы және сапалы медициналық және дәрілік көмек көрсетуге арналған құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Қабылдаған шешімдері, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы үшін жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануға, өмір мен еңбекке қауіпсіз және қолайлы жағдайларды жасауға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға арналған шараларды қабылдайды. Қолданыстағы диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмекті жетілдіруді және жаңа түрін енгізуді, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеуге және бағалауға арналған жұмыстарды ұйымдастырады. Гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуін, санитарлық ережелердің, нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуына оперативтік және зертханалық-аспаптық бақылауды ұйымдастырады. Дәрігер кадрлардың біліктілігін арттыруға, олардың кәсіптік білімдерін дамытуға арналған жұмысты қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің қызметін талдауды жүзеге асырады және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдістерін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Есеп беруді ұсынуды қамтамасыз етеді.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық, сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиена мен денсаулық сақтауды ұйымдастыру негізін, емдеу-профилактикалық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастыру негізін, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, науқастарды әлеуметтік және медициналық оңалтуды ұйымдастыруды, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін-бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.

 

   6-кіші бөлімі. Бас мейірбике (басшының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары)



 

Лауазымдық міндеттері. Орта және кіші медициналық қызметкерлердің еңбектерін ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Ұйымның орта және кіші медициналық қызметкерлерінің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Орта медициналық қызметкердің дәрігер тағайындауларын орындауын ұйымдастырады және бақылайды. Жұмыс кестесін құруды және орындауды, емдеу-қорғау тәртібінің ережелерін, инфекциялық бақылауды, тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның орта және кіші медициналық қызметкерлерінің қызметтік және лауазымдық міндеттерін әзірлеуді, таңу материалдарын, медикаменттерді, соның ішінде улы, наркотикалық, психотроптық заттарды уақытында босатуды, бөлуді және сақтауды жүзеге асырады, олардың шығыстарын есепке алады. Аурухана бөлімшелерінің санитариялық-гигиеналық жағдайын, үй-жайдың (әсіресе, инфекциялық) уақытында және сапалы залалсыздандырылуын бақылайды. Мейірбикелік қызметкердің медициналық құжаттаманы сапалы жүргізуін, бақылауды жүзеге асырады. Орта және кіші қызметкердің біліктілігін арттырудың болашақтағы және ағымдық жоспарларын әзірлейді, мейірбикенің (мейіриенің), акушерлердің кәсіптік қызметтерін бағалайды, оларды біліктілік санатын алу үшін аттестациялауға ұсынады. Халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жетілдіруге, еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға байланысты ұсыныстарды жасайды. Есеп берудің ұсынылуын, медициналық этиканың, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық және ұйымдастыру негізін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін, науқастарды әлеуметтік және медициналық оңалтуды ұйымдастыруды, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімнің, мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.

 

  


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет