Қазақстан Республикасының Кодексі және Заңдары Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы


-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету



бет6/19
Дата01.04.2018
өлшемі3,25 Mb.
#40029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

35-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету

      1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.


2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде ерлі-зайыптылардың бірі мәмілелер жасасқан кезде екінші жұбайының жазбаша келісімі талап етіледі. Ерлі зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесін сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәміле жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасасуға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиіс екендігі дәлелденген жағдайларда ғана жарамсыз деп тануы мүмкін.
3. Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөнінде мәміле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімін алуы қажет.
4. Аталған мәміле жасауға нотариаттық куәландырған келісімі алынбаған жұбай осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

36-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі

      1. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады:


1) некеге (ерлі-зайыптылық) тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;
2) ерлі-зайыптылардың некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;
3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқ киім және басқалар).
2. Некенің (ерлі-зайыптылық) іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.

37-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкін олардың бірлескен ортақ мулкі деп тану

      Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салым жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және с.с.) анықталса ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.



38-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу

      1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ерлі-зайыптылардың кез


келгенінің талап ету бойынша неке кезеңінде де, ол бұзылғаннан кейін де, сондай-ак ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредитор талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.
2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылар арасында олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімі нотариалды куәландырылуы тиіс.
3. Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізіледі.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін.
4. Кәмелетке толмаған балалардың гана қажеттерін қанағаттандыру үшін сатып алынған заттар (киім-кешек, аяқ киім, мектеп және спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кітапханасы және басқаларын бөлінуге жатпайды және бала бірге тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен ерлі-зайыптылар өздерінің кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға тиесілі болып есептеледі және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлген кезде есепке алынбайды.
5. Ерлі-зайыптылардың неке (ерлі-зайыптылық) кезеңіндегі ортақ мүлкін бөлген жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінбеген бөлігі, сондай-ак ерлі-зайыптылардың одан кейінгі кезеңінде тапқан мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігін құрайды.
6. Некесі (ерлі-зайыптылық) бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлі-зайыптылардың талабына неке бұзылған сәттен бастап үш жылдық талап қою мерзімі қолданылады (Азаматтық кодекс 178-бап).

39-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестерді анықтау

      1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады.


2. Сот кәмелеттік жасқа толмаған балалардың және (немесе) ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін негізге ала отырып, егер жұбайлардың бірі дәлелсіз себептермен табыс таппаса немесе жұбайының келісімінсіз ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін отбасының мүдделеріне залал келтіріп жұмсаса, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестерінің теңдігі негізін ескермеуге құқылы.
3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздеріне берілген үлеске қарай бөлінеді.

2. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі

40-бап. Неке шарты

      1. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады.


2. Неке шарты некеде (ерлі-зайыптылық) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтарын қарастыра алады.

41-бап. Неке шартын жасасу

      1. Неке шарты азаматтық хал актілерін жазу органдарына некені (ерлі-зайыптылық) тіркеу туралы өтінішін берген күннен бастап некеге тұруды мемлекеттік тіркеген күнге дейін де, және неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін.


Некеге тұруды (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
2. Неке шарты жазбаша нысанда жасалады және міндетті нотариаттық куәландырылуға жатады.

42-бап. Неке шартының мазмұны

      1. Ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін (осы Кодекстің 34-бабы) өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы.


Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.
Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніндегі ез құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сонымен қатар неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты, сондай-ақ бұл некеде (ерлі-зайыптылық) туған және асырап алынған балалардың мүліктік жағдайы, өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.
2. Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін.
3. Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың ез құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды және неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды көздей алмайды.

43-бап. Неке шартын өзгерту және бұзу

      1. Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісім бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады.


Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.
2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің талап етуі бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде неке шартын өзгерту және бұзу үшін белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
3. Неке шартында неке тоқтатылғаннан кейінгі кезеңге арналып көзделген міндеттерді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады (осы Кодекстің 24-бабы).

44-бап. Неке шартын жарамсыз деп тану

      1. Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мәмілелердің жарамсыздығы ушін көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін.


2. Егер шарттың талаптары ерлі-зайыптылардың бірін ете қолайсыз жағдайда қалдыратын болса, олардың бірінің талап етуі бойынша да сот неке шартын толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін. Осы Кодекстің 42-бабы 3-тармағының талаптарын бұзатын неке шартының талаптары жарамсыз деп танылады.

3. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі

45-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу

      1. Ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша өндіріп алу тек сол жұбайының мүлкіне гана жасалады. Бұл мүлік жеткіліксіз болған жағдайда кредитор өзіне өндіріп алу ушін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу кезінде борышкер жұбайға тиесілі болатын борышкер жұбайдың үлесін бөліп беруді талап етуге құқылы.


2. Өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ міндеттемелері бойынша, сондай-ақ сот ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша алынғандардың бәрі отбасының қажеттеріне пайдаланғандығын анықтаса, ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша да ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен жасалады. Бұл мүлік жеткіліксіз болған жағдайда ерлі- зайыптылар аталған міндеттемелер бойынша өздерінің әрқайсысының мүлкімен бірлесе отырып жауапкершілік көтереді.
Егер соттың үкімімен ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыстық жолмен алған қаражат есебінен сатып алынғаны немесе көбейтілгені анықталса, өндіріп алу тиісінше ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен немесе оның бір бөлігінен жасалады.
3. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтірген зиян үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленеді. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтірген зиянды өтеуі кезінде олардың мүлкінен өндіріп алу осы баптың 2-тармағына сәйкес жасалады.

46-бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезіндегі кредиторлардың құқықтарына кепілдік

      Борышкер жұбайдың кредиторы (кредиторлары) айтарлықтай өзгерген мән-жайларға байланысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 401-404-баптарында белгіленген тәртіппен ерлі-зайыптылар арасында жасалған неке шартының талаптарын өзгертуді немесе оны бұзуды талап етуге құқылы.



3-бөлім. Отбасы

8-тарау. Балалардың туу тегін белгілеу

47-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері

      Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.



48-бап. Баланың туу тегін белгілеу

      1. Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) азаматтық хал актілерін жазу органы ананың медициналық ұйымда бала туғанын растайтын құжаттардың негізінде белгілейді.


Егер бала медицина мекемесінен тыс жерде туған жағдайда баланың туған күннен бастап бір жасқа толғанға дейінгі туу фактісін растайтын медициналық құжаттарының негізінде оның туу тегін азаматтық хал актілерін жазу органдарында белгіленеді. Осы мерзім етіп кеткен жағдайда баланың туу тегі фактісі сот тәртібімен белгіленеді.
2. Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.
3. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз сексен күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады.
4. Егер баланың анасы баланың әкесі өзінің жұбайы емес не бұрынғы жұбайы емес деп мәлімдесе, анасының өзінің және әкесінің не жұбайының, бұрынғы жұбайының ол туралы жазбаша өтініші болған кезде балаға қатысты әкелік осы баптың 5-тармағында немесе Кодекстің 49-бабында көзделген ережелер бойынша белгіленеді. Ондай өтініш болмаған жағдайда бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі.
5. Баланың әкесі бала тапқан әйелдің күйеуі емес басқа адам болған жағдайда және анасының келісімі, сондай-ак жұбайының келісімі болған кезде баланың әкесі сол адам болып жазылады.
6. Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда немесе ол ата-ана құқығынан айырылған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда - сот шешімімен белгіленеді.
Әкелікті анықтау туралы бірлесіп арыз беру бала туғаннан кейін мүмкін емес немесе қиын деп ұйғаруға негіз беретін мән-жайлар  болған кезде болашақ баланың бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-анасы анасы жүкті болған кезде азаматтық хал актілерін жазу органына сондай арыз беруге құқылы. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейін жасалады.
Егер анасының күйеуі емес еркектің әке екендігі анық болып шықса, баланың анасы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті ақша қаражатын сот тәртібімен талап етуге құқылы. Ақша қаражатының мөлшерін тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезінде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген арақатынасымен от белгілейді.
7. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толған адам жөнінде әкелікті анықтауға оның келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылған болса -оның қорғаншысының немесе қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен ғана жол беріледі.

49-бап. Әкелікті сот тәртібімен белгілеу

      Бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арызы болмаған кезде (осы Кодекстің 48-бабының 6-тармағы) баланың нақты адамнан туу тегі (әкелікті) ата-аналарының біреуінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Бұл ретте сот баланың нақты адамнан туу тегін анық растайтын айғақтарды ескереді.


Туу туралы актінің жазбасынан бала әкесі туралы бала анасының күйеуі немесе бұрынғы күйеуі баланың әкесі болып көрсетілген мәліметтерді алып тастауды азаматтық хал актілерін жазу органының тууды тіркеу туралы актілік жазбадағы баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастаудан бас тартқаны туралы жазбаша бас тартуының негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы жүргізеді.

50-бап. Соттың әкелікті тану фактісін белгілеуі

      Өзін баланың әкесімін ден таныған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенін тану фактісі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен белгіленуі мүмкін.



51-бап. Баланың ата-анасын туу туралы жазбалар кітабына жазу

      1. Бір-бірімен некеде тұратын әке мен ана туу туралы акт жазбалар кітабына олардың кез келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады.


2. Егер ата-ана бір-бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба - анасының арызы бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба баланың әкесі мен анасының бірлескен арызы бойынша немесе бала әкесінің арызы бойынша (осы Кодекстің 48-бабының 6-тармағы) жүргізіледі немесе әкесі соттың шешіміне сәйкес жазылады.
3. Бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың бірлескен арызы болмаған жағдайда немесе әкелікті анықтау туралы сот шешімі болмаған жағдайда туу туралы акт бала әкесінің тегі анасының тегі бойынша, бала әкесінің аты-жөні - бала анасының көрсетуі бойынша жазбалар кітабына жазылады.
Бала анасының қалауы бойынша бала туу туралы актінің жазбасында әкесі туралы мәлімет көрсетілмейді.
4. Некеде тұратын және бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде өз келісімін берген адамдар осы әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туған жағдайда туу туралы акт жазбалар кітабына оның ата-анасы болып жазылады.
Суррогат ана мен бойға бала бітірудің жасанды әдістері мәселелерін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

52-бап. Әке (ана) болуды даулау

      1. Осы Кодекстің 51-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жүргізілген туу туралы акт жазбалар кітабына ата-ананы жазу баланың әкесі немесе анасы ретінде жазылған адамның, іс жүзінде баланың әкесі немесе анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке толғаннан кейін оның өзінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының), сот әрекетке қабілетсіз деп таныған ата-ана қорғаншысының талап етуі бойынша тек сот тәртібімен ғана даулануы мүмкін.


2. Осы Кодекстің 51-бабының 2-тармағының негізінде баланың әкесі болып жазылған адамның әке болуына дау туғызу туралы талабы, егер жазу кезінде бұл адамға оның іс жүзінде баланың әкесі емес екендігі айқын болса, қанағаттандырылмайды.
Егер туу туралы актінің жазбасында бала анасының, күйеуі немесе бұрынғы күйеуі баланың әкесі болып көрсетілген болса, азаматтық хал актілерін жазу органы әке екенін белгілеуді мемлекеттік тіркеуден туу туралы актінің жазбасынан баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы сот шешіміне дейін жазбаша бас тартуы тиіс.
3. Заңнамада белгіленген тәртіппен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде келісім берген жұбайдың әкелікті даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ.
Басқа әйелге эмбрион имплантациясына келісім берген ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ суррогат ананың (осы Кодекстің 51 -бабы 4-тармағының екінші бөлігі) туу туралы акт жазбалар кітабына ата-аналар жазылғаннан кейін ана және әкелікті даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ.

53-бап. Бір-бірімен некеде (ерлі-зайыптылық) тұрмайтын адамдардан туған балалардың құқықтары мен міндеттері

      Осы Кодекстің 48-50-баптарында көзделген тәртіппен әке екені белгіленген жағдайда балалардың ата-аналары мен олардың туыстарына қатысты бір-бірімен некеде (ерлі-зайыптылық) тұрағын адамдардан туған балалардағы сияқты құқықтары мен міндеттері болады.



54-бап. Азаматтардың жеке және отбасы құпиясы

      1. Азаматтардың жеке және отбасы өмірі заңмен қорғалады.


2. Бұл актілерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдар, сондай-ак өзге түрде бұл туралы хабардар болған адамдар ол туралы азаматтардың жеке және отбасылық өмірінің құпиясын сақтауға міндетті.
3. Бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ суррогат ана шартын куәландырған нотариустар бұл туралы құпияны сақтауға міндетті.

9-тарау. Баланың құқықтары

55-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы

      Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.


Баланың өз ата-анасы тәрбиелеуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Кодекстің 13-тарауында белгіленген қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

56-бап. Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы

      1. Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуі тиіс.


Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың оз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
2. Қысыл-таяң жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, медициналық ұйымда болу және басқа да жағдайларға) ұшыраған баланың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ез ата- анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

57-бап. Баланың өз пікірін білдіру құқығы

      Бала отбасында ез мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті. Осы Кодексте (59, 73, 91, 93, 102, 103, 128-баптар) көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған баланың және оларға заңды өкілдердің қатысуымен берілген келісімімен гана шешім қабылдай алады.


Баланың пікірі ата-аналарының (ата-анасының) немесе олардың орнындағы адамдардың, баланың тұратын жері бойынша оқытушысының қатысуымен қабылданған қорғаншы және қамқоршы органның шешімімен ресімделеді.

58-бап. Баланың ат алуға, әкесінің атын және
тегін алуға құқығы

      1. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар.


2. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың келісімі бойынша қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі.
Бөлек жазылатын болса, екі есімнен аспайтын қос есім алуға рұқсат етіледі.
Баланың әкесінің аты оның әкесі ретінде көрсетілген атпен беріледі, әкесінде қос есім болған жағдайда әкесінің аты балаға бір-бірден немесе екі аты да бірге жазылып беріледі.
Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің аты-жөні ол туралы өздері өтініш берген кезде өзгертіледі.
3. Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі.
Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесі жағынан да, шешесі жағынан да бала әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін.
Балаға ата-бабаның атынан текті қоюға болмайды.
4. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.
5. Егер әкесі белгіленсе, баланың аты анасының көрсетуі бойынша қойылады, әкесінің аты-жөні баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша (осы Кодекстің 51-бабының 3-тармағы), 51-баптың 3-тармағының 3-абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, тегі - анасының тегі бойынша беріледі.
6. Егер баланың ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, әкесінің атын қорғаншы және қамқоршы орган немесе бала тұрған жердегі мемлекеттік мекеме (босанатын үйлер, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері) қояды.

59-бап. Баланың аты мен тегін өзгерту

      1. Ата-анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегі өзгереді.


Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-анасының бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті басқа ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы.
2. Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезде берілген тектерін сақтап қалады.
3. Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата-анасының біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және ата-ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді. Ата-ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған немесе шектелген, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап-бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз арналған ретте оның пікірін ескеру міндетті емес.
4. Егер ата-аналары азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзуды ресімдеп, бөлек тұрса, және баласы өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін беруге тілек білдірсе, азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүддесі үшін осы мәселені екінші ата-анасының пікірін ескермей-ақ шешеді.
5. Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесі заңды белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы, баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы.
6. Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегін оның заңды өкілдерінің қатысуымен алынған келісімімен гана өзгертуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет