Қазақстан Республикасының Кодексі және Заңдары Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы


Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы



бет4/19
Дата01.04.2018
өлшемі3,25 Mb.
#40029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 1559 Қаулысы

 

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 15 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 1, 7-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 15 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1033 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 443-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің
2009 жылғы 12 қазандағы
N 1559 қаулысымен
бекітілген

 

   Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі



 

Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 982 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 

   1. Жалпы ережелер



 

1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiне сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.


2. Осы Ережеде, мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
денсаулық сақтау субъектілері – жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы, сондай-ақ жеке тұлға;
медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілері қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға;
аккредиттелетiн субъект - медициналық ұйым, жеке тұлға;
халық медицинасы (емшілік) – емдік заттар, сондай-ақ емдік және гигиеналық тәсілдер мен дағдылар туралы халықтың жинаған эмпиризмдік мәліметтерінің жиынтығы және оларды денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу мен емдеу үшін практикалық қолдану.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.11 № 1574(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуге:
көрсетiлетiн медициналық және фармацевтикалық қызметтердiң денсаулық сақтау саласындағы белгiленген талаптар мен стандарттарға сәйкестiгiн тану мақсатында медициналық ұйымдар;
денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке тұлғалар жатқызылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.11 № 1574(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
4. Аккредиттеу ерiктi сипатта болады және аккредиттелетiн субъектiнiң қаражаты есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынбаған өзге де қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
5. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеудi жүзеге асыратын орган (ұйым) аккредиттеу жөнiндегi тиiстi комиссиялар (бұдан әрi – Комиссиялар) құрады және аккредиттелген денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдар мен тәуелсiз сарапшылардың дерекқорын қалыптастырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.11 № 1574(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
6. Медициналық ұйымдарды аккредиттеудi аккредиттеуші орган не денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргiзедi.
7. Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ереже аккредиттеуші органның шешімімен бекiтiледi.

 

   2. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз


сараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке тұлғаларды
аккредиттеуді жүргізу тәртібі

 

8. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалауды жүргiзуге аккредиттеуден өту кезiнде жеке тұлғалар аккредиттеушi органға мынадай құжаттарды:


1) уәкiлеттi орган бекiткен мамандықтар номенклатурасына сәйкес мәлімделген аккредиттеу саласын көрсете отырып, аккредиттеушi орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеуден өтуге арналған өтiнiшті;
2) жеке куәлiгiнiң көшiрмесiн;
3) салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн;
4) жоғары кәсiптiк бiлiмi туралы дипломның көшiрмесiн;
5) ғылыми дәрежелерiнің, атақтарының (олар болған кезде) болуы туралы құжаттардың көшiрмелерiн;
6) бiрiншi немесе жоғары бiлiктiлiк санаттарының берiлгенi туралы сертификаттардың көшiрмелерiн;
7) практикалық денсаулық сақтауда мамандығы бойынша кемiнде 7 жыл жұмыс өтiлiнiң болуын растайтын еңбек кiтапшасының көшiрмесiн;
8) жұмыс орнынан (негiзгi) мiнездеме немесе кәсiптiк медицина қауымдастықтарының немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың немесе медициналық бiлiм беру ұйымдарының (кемiнде екеу) ұсынымдарын;
9) соңғы 5 жыл iшiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және медициналық бiлiм беру ұйымдарында жалпы көлемi кемiнде 216 сағат бiлiктiлiгiн арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы, оның iшiнде сараптама жүргiзу мәселелерi бойынша немесе сараптама қызметiнiң негiздерi бойынша құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
9. Аккредиттеуші орган құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде жазбаша уәждемемен өтінішті одан әрі қараудан бас тартылады.
10. Құжаттарды қарау мерзiмi денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеуден өткiзуге өтiнiш тiркелген сәттен бастап аккредиттеушi орган тиiстi шешiм шығарғанға дейiн 30 күнтiзбелiк күннен аспайды.
11. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу конкурстық iрiктеу (тестiлеу және әңгiмелесу) арқылы олардың бiлiктiлiгiн кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi.
12. Кешендi бағалаудың қорытындылары бойынша аккредиттеушi орган аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Кешендi бағалауды жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
13. Аккредиттеуден өткен субъектiге аккредиттеушi орган бекiтетiн нысан бойынша 3 жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк берiледi.
14. Мынадай жағдайларда аккредиттеу туралы куәлiк беруден:
1) ұсынылған құжаттарда бұрмаланған немесе жалған ақпарат болғанда;
2) кешендi бағалаудың (тестiлеу және әңгiмелесу) қанағаттанғысыз нәтижелерi болғанда;
3) азаматтардың және заңды тұлғалардың жеке тұлғаның қызметiне мемлекеттiк органдарға комиссиялық тексеру актiлерiмен расталған негiзгi шағымдары болғанда;
4) жеке тұлғаға қатысты мәлiмделген түрi бойынша қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешiмi болғанда бас тартылады.

 

   3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi



 

15. Медициналық ұйымдар аккредиттеуден өту үшiн аккредиттеушi органға мынадай құжаттарды:


1) аккредиттеушi орган бекiткен нысан бойынша өтiнiшті;
2) медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру құқығына қосымшасымен лицензияның көшiрмесiн;
3) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерiн (заңды тұлғалар үшiн);
4) өзiн-өзi бағалау нәтижелерiнiң өз бетiнше немесе тәуелсiз сарапшыларды тарта отырып жүргiзiлетiн аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiне көшiрмені тапсырады.
Мемлекеттік заңды тұлғалар және мемлекет қатысатын заңды тұлғалар заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiн немесе меншiк иесi өкiлеттiк берген органның не оған құрылтай құжаттарымен өкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлғаның мөрiмен бекiтiлген медициналық ұйымдар ұсынған ақпараттың растығын көрсетеді.
16. Медициналық ұйымдар ұсынған құжаттардың осы Ереженің 15-тармағына сәйкестiгiн қарауды аккредиттеушi органның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
17. Аккредиттеуші органның аумақтық бөлімшелері құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемемен одан әрі қараудан бас тартылады.
18. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу олардың қызметiнiң уәкiлеттi орган бекiткен белгiленген аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiне сыртқы кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi және мемлекеттiк тапсырысты орналастыру кезiнде ескерiледi.
19. Медициналық ұйымдардың аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiне сыртқы кешендi бағалау:
1) дербес немесе заңнамада белгiленген тәртiппен аккредиттелген тәуелсiз медициналық сарапшыларды тарта отырып өткiзiлетiн бағалау парақтарын толтыру арқылы аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiне өзiн-өзi бағалау;
2) аккредиттеушi органның аумақтық бөлiмшелерi немесе заңнамада белгiленген тәртiппен аккредиттелген тәуелсiз медициналық сарапшыларды тарта отырып өткiзетiн осы Ереженің 15-тармағына сәйкес аккредиттеу рәсiмдерiн өту үшiн ұсынылатын құжаттарды сараптау;
3) аккредиттеу комиссиясының аккредиттелетiн субъектiге бара отырып, бағалау парақтарын толтыру арқылы аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiн сараптамалық бағалау;
4) сауалнама жүргiзу, сұхбат алу;
5) аккредиттеу стандарттарына сәйкестiктi бағалауды баллдық жүйе негiзiнде жүргізу кезеңдерінен тұрады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.11 № 1574(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
20. Медициналық ұйымдар ұсынған құжаттарды қарау Комиссияның отырысында аккредиттеу стандарттарына сәйкестiктi сыртқы кешендi бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.
Сыртқы кешенді бағалау қорытындылары баллдық жүйе негізінде аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалауды жүргізумен аяқталады.
Аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгi 60%-дан 80%-ға дейiн жеткен кезде аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектiсiне 2 жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк берiледi, ал аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгi 80%-дан 100%-ға дейiн жеткен кезде 4 жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк берiледi.
Аккредиттеу туралы куәлік нысанын аккредиттеушi орган бекiтеді.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.11 № 1574(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
21. Аккредиттеушi орган тиісті шешім шығарғаннан кейін аккредиттеуден өткен медициналық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлiк беріледi.
22. Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден:
1) ұсынылған құжаттарда бұрмаланған немесе жалған ақпарат болған;
2) медициналық ұйымдардың сыртқы кешендi бағалау нәтижелерiне сәйкес белгiленген аккредиттеу стандарттарына сәйкессіздігі;
3) медициналық ұйымға қатысты мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімі болған жағдайларда бас тартылады.

 

   4. Емші сертификатын беру жөніндегі қызметпен айналысуға денсаулық сақтаудың ұйымдарына аккредиттеу жүргізу тәртібі



 

Ескерту. 4-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.11 № 1574 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

 

   5. Аккредиттеу туралы куәлiктi қайтарып алу



 

34. Медициналық ұйымды және тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу туралы куәлiктi қайтарып алуды Комиссияның шешiмi бойынша аккредиттеушi орган мынадай фактiлер анықталған жағдайда:


1) медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны тоқтатқанда немесе қайтарып алғанда;
2) әкiмшiлiк және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

 

   6. Қорытынды ережелер



 

35. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты және (немесе) медициналық ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар, медициналық ұйымдар аккредиттеушi органға көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.


Аккредиттеушi орган тиiстi жазбаша өтiнiш берiлген күннен бастап жеті жұмыс күнiнiң iшiнде тәуелсіз сарапшылармен медициналық ұйымдар үшін аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдейдi.
Бұрын берiлген аккредиттеу туралы куәлiктiң күшi жойылды деп танылады және болған жағдайда аккредиттелген субъектiлердiң дерекқорына тиiстi ақпарат енгiзiле отырып, аккредиттеушi органға қайтарылады.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.11 № 1574(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
36. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған жағдайда аккредиттеушi орган аккредиттелген тәуелсіз сарапшының, медициналық ұйымның жазбаша өтiнiшi бойынша үш жұмыс күнiнің ішінде аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бередi.
Бұл ретте аккредиттеу туралы куәлiктiң түпнұсқасының күшi жойылды деп танылады.
37. Аккредиттеушi орган медициналық ұйымдар мен тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу туралы куәлiктердiң бланкiлерiн дайындауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етедi.
38. Аккредиттелмеген медициналық ұйымдар белгiленген аккредиттеу стандарттарына сәйкессiздiктi жойғаннан кейiн қайта аккредиттеуден өтуге өтiнiш бередi.
39. Аккредиттеушi органның аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмiне медициналық ұйымдар және жеке тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен шағымдана алады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.11 № 1574(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

 

  Денсаулық сақтау саласындағы


аккредиттеу ережесіне
қосымша

 

Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.11 № 1574 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



 

"Әділет" АҚЖ ресми жарияланым дереккөзі болып табылмайды.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

 

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Рсспубликасы Кодексінің жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1269 Қаулысы.

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба


Қазақтан Республикасының Кодексі

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы

      Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын реттейді, сондай-ак оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілейді. отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оны құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.



Жалпы бөлім

1-бөлім

І-тарау. Неке-отбасы заңдары

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Кодексте мынадай ұғымдар пайдаланылады:


1) азаматтық хал актілері - адамның құқықтары мен міндеттерінің туындауына, бар болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңды ресімделген мән-жайлар;
2) алименттер - алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (бала) - ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олар өлді деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының ез баласын тәрбиелеу немесе медициналық ұйымдардан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ак ата-анасы қамқорлық жасамаған және заңдарда көзделген олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың қажеттілігін белгілеуді қажет ететін өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айырылған балалар (бала);
4) әкелікті анықтау - некеден (ерлі-зайыптылықтан) тыс туған балаға қатысты әке болу фактісін сот тәртібімен ерікті тану немесе анықтау;
5) бала - он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған адам;
6) бала асырап алу - баланы (балаларды) сот шешімінің негізінде отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық, нысаны, нәтижесінде қандас туыстарына (шығу тегі бойынша) бірдей қатынастар туындайды:
7) балалық шақ - кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;
8) баланың заңды өкілдері - ата-аналар, асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, қорғаншы және қамқоршы органдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер, қамқорлық, білім беру, тәрбиелеу, баланың құқықтарын қорғау мен мүдделерін жүзеге асыратын интернат мекемелері;
9) бас тартылған бала - ата-анасы тиісті заңды құжаттар ресімдеу арқылы оны әрі қарай тәрбиелеуден, оқытудан, материалдық қамтамасыз етуден бас тартқан бала;
10) жақын туыстары - ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бір әке бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек ағалы-інілер мен апа-қарындастары (сіңлілер), атасы, әжесі, немерелері;
11) жалған неке (ерлі-зайыптылық) - отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке (ерлі-зайыптылық);
12) жеке басты куәландыратын құжат - ұлттық паспорт, жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты;
13) жетім балалар (бала) - ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
14) қайын жұрт - ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісінің жақын туыстарына қатынастары;
15) қамқоршылық - он төрттен он сегіз жасқа дейінгі балалардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
16) қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың және кәмелетке толмағандарды және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
17) қорғаншы (қамқоршы) - қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
18) қорғаншы және қамқоршы орган - өзінің кәмелеттік жасқа толмағандарға, іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар;
19) материалдық жағдай - жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;
20) мүліктің шарттық режимі - ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған, асырап алған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі;
21) неке (ерлі-зайыптылық) - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған ер мен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;
22) неке (ерлі-зайыптылық) жасы - адамның некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру құқығына жеткендегі жасы;
23) некеге тұрмаған ана - баланы (балаларды) туған, бірақ азаматтық хал актілерін жазу органдарына тіркелген некеге тұрмаған әйел;
24) отбасы - некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, қайын жұрттан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;
25) отбасылық жағдай - некеде тұруы не тұрмауы немесе ажырасуы, жесір қалуы, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;
26) патронат (қабылдап алатын отбасы) - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы қамқоршы және қорғаншы орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген ерлі-зайыптылар (қабылдап алған отбасы) арасында жасалатын шарт бойынша отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің нысаны;
27) репродукциялық денсаулық - адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы;
28) суррогат ана - заңда белгіленген тәртіппен сурогат ана мен эмбрион имплантациясына келісімін берген ерлі-зайыптылардың арасында жасалған шарт бойынша баланы көтеру және туу;
29) суррогат ана шарты - суррогат ана туралы нотариаттық куәландырылған келісім;
30) тастанды (тастап кеткен) бала - ата-анасы қамқорлықсыз қалдырған бала;

2-бап. Неке-отбасы заңдарының негіздері

      1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.


Отбасы заңдары отбасын нығайту, махаббат пен сыйлау, өзара көмек, отбасы алдындағы оның барлық мүшелерінің жауапкершілігі, отбасының ісіне қандай да бір араласуға жол бермеу, отбасы мүшелерінің құқықтарын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтарды сотта қорғау мүмкіндіктері принциптерінен туындайды.
2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:
1) ер мен әйелдің некелі (ерлі-зайыпты) одағының еріктілігі;
2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;
3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, оларды өсіп-жетілуі мен эл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
6) отбасының кәмелеттік жасқа толмаған, жасы келген және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;
8) отбасының барлық мүшелерін салауатты өмір салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді.
3. Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке (ерлі-зайыптылық) ғана танылады.
4. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне немесе қай дінге жататындығы бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.
Азаматтардың неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастардағы құқықтары тек заң негізінде конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада гана шектелуі мүмкін.

3-бап. Неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар

      Неке-отбасы заңдары:


1) Отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды белгілейді;
2) отбасы мушелерінің міндеттері мен мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтарын белгілейді;
3) некеге тұруды, некені тоқтатуды және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
5) азаматтық хал актілерін тіркеуді реттейді.
6) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функцияларын айқындайды.

4-бап. Неке-отбасы заңдары және отбасы құқығының нормаларын қамтитын өзге де актілер

      Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді осы Кодекстен, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет