Тілдерінде ауытқушылықтары бар балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі



Дата09.01.2022
өлшемі16,92 Kb.
#110658
Байланысты:
f606ad5364d33c


Тілдерінде ауытқушылықтары бар балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі

Дамуында ауытқуы бар балаларға арналған алғашқы арнаулы мекемелер. Кемістігі бар балаларға арналған мекемелердің пайда болу тарихы XIX ғасырдың II жартысынан Ұлы Қазан революциясының уақытына дейін созылады. XIX ғасырдың 80 жылдары Ресейде тек соқыр адамдарға арналған Санкт-Петербургтік училище және Петер, Мәскеу, Варшавада құлағы нашар еститіндер мен ақыл-есі кем балаларға арналған приют пен арнайы мектептерде 200-ге жуық балалар ғана тәрбие алатын. XX ғасырдың басында тек екі қосымша мектептерде ғана балаларға логопедияялық көмек көрсетілді. XIX ғасырдың соңында ғана Ресейде зағип адамдар саны 250 000 жуық, құлағы нашар еститіндер саны 150 000, ақыл-есі кем адамдар саны 200 000 жеткен еді. Ең алғаш аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемасы 1896 жылы кәсібитехникалық білімді басқарудың №2 съезінде талқыланған болатын. Сол съезде көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер, ақыл-есі кем балаларды оқыту секциясы құрылды. Бұл жерде талқыланған мәселе – Ресейдегі аномальды балаларға үкімет басшылығының және қоғамның көңілін аударуды және арнайы мекемелер жүйесін ұлғайтып, кеңейтуге ұсыныс етті.

Біртіндеп жылдан жылға ақаулығы бар балаларға қоғам, мемлекет тарапынан көмек ету және оларды үйлесімді жағдаймен қамтамасыз ету қарқынды дами түсті. 1971 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында «Ақыл - ойы кеміс тұлғалар құқығы» Деклорациясы, 1971 жылы «Мүгедектер құқығы» туралы Деклорация қабылданды. Еліміздің ірі қалаларында арнайы мектептер кеңінен ұйымдастырыла түсті Қазіргі кезде де ақаулығы бар балаларға арнайы көмек беру, олардың түзелуіне жағдай жасаумен қамтамасыз ету қоғам және мемлекет тарапынан белсенді түрде іске асырылуда. Әрбір арнайы мектептер жұмысы арнайы бағдарламалар бойынша, әдістемелік бағытта, оқу және көрнекі құралдар арқылы іске асырылды. Көмекші және арнайы мектептер Ғылыми зерттеу институтымен тығыз байланыста жүргізіліп дами түсуде. Балалардың ақаулықтарын дер кезінде анықтау, ерте медициналық зерттеу, психологиялық- педагогикалық диагностика жұмысын жүргізу, олардың ақаулықтарын дұрыс және нақты анықтай отырып медициналық- педагогикалық-психологиялық көмек беру істері де қарастылуда.

Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына және ақыл-ой дамуына қарай ұйымдастырылады. Кейбір балалардың кемістіктерін түзегеннен кейін, оларды кәдімгі мектептерде оқытуға болады. Ал кейбіреулері арнаулы мектептерде оқытылады және сонда тәрбиеленеді. Аномальды балалардың білім алу қабілеті әр түрлі болады. Кейбір балалардың білімді меңгеру дәрежесі кәдімгі жалпы білім беретін мектептердің жай ғана оқу бағдарламасын игерумен шектеледі. Ал кейбіреулердің мүмкіндіктері шексіз болады. Әрбір категориядағы балаларға біздің елімізде белгілі оқу орындары белгіленген:

1. Керең, нашар еститіндерге арналған мектептер;

2. Соқыр және нашар көретіндерге арналған мектептер;

3. Қосалқы мектептер (ақыл-есі нашар дамыған балаларға арналған);

4. Логопед пунктері (тіл кемістіктері бар балаларға арналған);

5. Сөйлеу қабілетін түзету мектептері (күрделі тіл кемістіктері бар балаларға арналған);

6. Барлық топтағы балалар үшін бала-бақшалар;

7. Мемлекет тарапынан жәрдем беретін арнаулы орындар.

Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту бұл күрделі педагогикалық жұмыс болып есептелінеді. Ақыл-ойы кем балалар қосалқы мектептерде оқытылады. Қосалқы мектепте оқушыларға жалпы және арнайы еңбек тәрбиесі беріледі. Жалпы – әр адамға тән еңбектің негізгі түрлері бойынша бағыт беріледі. Арнайы – оқушыларды кәсіптік жағынан дайындауға бағытталады. Арнайы кәсіптік еңбекке баулу 3 кезеңнен тұрады: 1. еңбек пропедевтикасы;

2. кәсіптік бағдар;

3. кәсіптік еңбекке баулу.

Ақыл-ойы кем балалар қосалқы мектептерде тәрбиеленді. Бастауыш сыныптарда ерекше назар сөз-сөйлемді қалыптастыру ерекшелігіне аударылады, яғни сөз-сөйлемді дұрыс түсініп қабылдау, сұрақты дұрыс түсіну, дұрыс сұрақ бере алу, өзінің іс-әрекеті туралы ойын дұрыс жеткізе білу, тапсыраны дұрыс орындау т.б. Сурет салу, пластилинмен жұмыс орындау, дене шынықтыру, өлең айту сабақтары ақыл - есі кем балаларды дамытуда, олармен коррекциялық жұмыстар өткізуде ерекше рөль атқарады. Жоғары сыныптарда (5-8 сынып) ақыл есі кем балаларды арнайы мамандықтарға үйрету, оқыту жұмыстары басталады. Оқу шеберханаларында оқушылар жүйелі дайындық арқылы арнайы мамандықтарды игере бастайды (ағаш өңдеу, темір өңдеу, тігін шебері, қағаз-картонды түптеу жұмыстары, ауыл шаруашылық мамандықтардың кейбір түрлері т.б.)

Еңбек тәрбиесі ақыл-ойы кем балалардың жан-жақты, интеллектуалдық жағынан дамуына, сонымен қатар баланың бойында өнегелі қасиеттерді қалыптастыруға ерекше ықпал етеді. Сондықтан ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысында еңбек-оқытудың ең негізгі әдісі болып саналады. Өнегелі қасиеттерді қалыптастыру, яғни ұжым арқылы, ұжым үшін тәрбиелеу, мадақтау, ұялту, түсіндіру, үйрету әдістерін қолдану ақыл-ойы кем балалар үшін өте қажет. Қосалқы мектептерде ұйымдастырылған оқыту және тәрбие процестері, ақыл-ой кемістігін дұрыс коррекциялау және емдеу әдістерін қолдану баланың қалыптасуына ерекше әсер етеді. Қосалқы мектептердің тәрбиеленушілері мектепті бітіргеннен кейін, нәтижелі түрде өндірістік еңбекпен айналысып, өздерінің міндеттеріне жауапкершілікпен қарай отырып қоғамға пайда келтіре алады.

Арнайы мектептерде дамуында ауытқуы бар балалармендың қимыл-әрекеті функцияларын қалыптастыру жоғары жүйке қызметін, жүйке-бұлшық ет аппаратын және олардың функцияларын, ішкі органдарын ретке келтіріп тұрады. Балалар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық –адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Балалардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды.

Сұрақтар:

1. Алғашқы кемістігі бар балаларға арналған мекемелердің пайда болу тарихы қай кезде және қалай жүргізілді?

2. Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына және ақыл-ой дамуына қарай қалай ұйымдастырылды?

3. Тілге арналған артикуляциялық жаттығу түрлерін жазыңыз.

4. Еңбек тәрбиесі ақыл-ойы кем балалардың жан-жақты, интеллектуалдық жағынан дамуына қалай ықпал етеді?

2. Алғашқы кемістігі бар балаларға арналған мекемелердің пайда болу тарихы қай кезде және қалай жүргізілді?

3. Тілге арналған артикуляциялық жаттығу түрлерін жазыңыз.

1. Арнайы мектептерде дамуында ауытқуы бар балалармендың қимыл-әрекеті функцияларын қалыптастыру бағытындағы жұмыс түрлері қандай болды?

2. Еңбек тәрбиесі ақыл-ойы кем балалардың жан-жақты, интеллектуалдық жағынан дамуына қалай ықпал етеді?

3. Тілге арналған артикуляциялық жаттығу түрлерін жазыңыз.

1. Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына және ақыл-ой дамуына қарай қалай ұйымдастырылды?



2. Арнайы мектептерде дамуында ауытқуы бар балалармендың қимыл-әрекеті функцияларын қалыптастыру бағытындағы жұмыс түрлері қандай болды?

3. Тілге арналған артикуляциялық жаттығу түрлерін жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет