Қазақстан Республикасының Кодексі және Заңдары Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы


-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған



бет9/19
Дата01.04.2018
өлшемі3,25 Mb.
#40029
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

111-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау нысандары

      Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау оларды отбасына (асырап алуға), қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа (асырап алған отбасы) тәрбиелеуге, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі (тәрбиелеу мекемесі, соның ішінде денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау мекемесі) мекемелерге беру арқылы жүзеге асырылады.



112-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды анықтау және есепке алу

      1. Осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағында аталған балалар туралы мәліметтер бар мекемелердің (мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беру, медициналық және басқа да мекемелердің) лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерін хабарлауға міндетті.


Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәліметтер алған күні дереу баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізуге және ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, медициналық және басқа да мекемелердің басшылары, баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін екендігі белгілі болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде бұл туралы осы мекеменің тұрған жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті.
3. Қорғаншы және қамқоршы орган осы баптың 1 және 2- тармақтарында аталған мәліметтер түскен күннен күн ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді және баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкіндігі болмаған кезде өңірлік деректер қорына есепке алу үшін және кейіннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшін осындай бала туралы мәліметті тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің білім беру басқармасының органына жібереді.
Балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру тәртібі" білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

113-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды орналастыру

      1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар асырап алынып, отбасына тәрбиеленуге, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат шарты бойынша, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде, жетім балаларға немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі (тәрбие, медициналық және басқа да) мекемелерге берілуге тиіс.


Баланың мүддесіне сай оны орналастыру кезінде оның этникалық шығу тегі, белгілі бір дінге және мәдениетке жататындығы, ана тілі, тәрбие мен білім берудегі сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.
2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, осы баптың 1 -тармағында аталған отбасына немесе мекемеге тәрбиелеуге орналастырылғанға дейін балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерін атқару қорғаншы және қамқорын органдарға уақытша жүктеледі.

15-тарау. Қорғаншылықты және қамқоршылықты
белгілеу тәртібі

114-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық
белгіленетін адамдар

      1. Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағы балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.


2. Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді.

115-бап. Қорғаншылық

      1. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді.


2. Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешімімен өлді немесе хабарсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне тағайындалады.
Егер қорғаншылық және қамқоршылық белгіленген адамның басқа жерде мүлкі болса, онда осы мүлікті басқару үшін қорғаншы және қамқоршы органдар мүліктің тұрған жерінде қорғаншы тағайындай алады.

116-бап. Қамқоршылық

      1. Қамқоршылық он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді.


2. Денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін.

117-бап. Қорғаншы және қамқоршы органдар

      1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын:


кәмелетке толмағандарға қатысты білім беру мен денсаулық сақтаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы;
мүгедектер және оларға теңестірілген адамдар болып табылатын, кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырады.
2. Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың және оны тәрбиелеуге үміткер адамның (адамдардың) тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргізуге және зерттеу актісін сотқа табыс етуге міндетті.
3. Қорғаншы және қамқоршы органдар өздерінің міндеттерін осы органдар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ереже негізінде жүзеге асырады.

118-бап. Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу

      1. Қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылық пен қамқоршылықты қажет ететін адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық белгілейді жағдайларда қорғаншылық пен қамқоршылық қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты жері бойынша белгіленуі мүмкін.


2. Адамды әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш күн ішінде сот бұл туралы оған қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу үшін сол адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті.
3. Адамға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу қажеттігі туралы тиісті органдарға белгілі болған кезден бастап бір ай ішінде қорғаншылық және қамқоршылық белгіленеді.
4. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделі адамдар сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.

119-бап. Қорғаншылар мен қамқоршылар

      1. Мыналарды:


1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі ден таныған адамдарды;
2) сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдарды;
3) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдарды;
4) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушыларды;
5) денсаулығының жай-күйіне байланысты (осы Кодекстің 85-бабы 2-тармағының 6) тармақшасы) баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, екі жыныстың да кәмелетке толған адамдары қорғаншылар (қамқоршылар) бола алады.
2. Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен гана тағайындалуы мүмкін.
Егер бұл қорғаншылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындауда жұбайының, ата-анасының, туыстарының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса, бір қорғаншыны немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.
3. Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айырылмаған, бірақ балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалатын кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.;
Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының) адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы, сондай-ак, егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі ескеріледі.
Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жұбайының міндетті түрде келісімі талап етіледі.
4. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты қажет ететін және тиісті тәрбие, медициналық ұйымдарында, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде тұрып жатқан адамдардың қорғаншылары мен қамқоршылары осы мекемелердің әкімшілігі болып табылады.
Қорғаншының (қамқоршының) осындай мекемелерге баланы уақытша орналастыруы қорғаншының (қамқоршының) осы балаға қатысты қорғаншылық (қамқоршылық) құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды.
5. Қорғаншылар мен қамқоршылар өз қамқорындағылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды кез келген адамдарға қатысты, соның ішінде сотта арнайы өкілеттіксіз қорғай алады.

16-тарау. Қорғаншылардың (қамқоршылардың) және
қамқорлыққа алынғандардың құқықтық жағдайы

120-бап. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа)
алынған адамдардың құқықтары

      1. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған адамдардың:


1) өздерінің адамдық қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне;
2) қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қамқорлық көруге;
3) осы Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, онымен бірге тұруға;
4) өздеріне тиесілі алименттерін, зейнетақыларын, жәрдемақыларын және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға;
5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға;
6) қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қиянат етушіліктен қорғануға құқығы бар.
2. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар осы баптың 1 -тармағында келтірілген құқықтардан басқа:
1) қорғаншының (қамқоршының) отбасында тәрбиелену;
2) оларды асырап-бағу, тәрбиелеу, білім беру және жан-жақты дамытуы үшін жағдайлардың қамтамасыз етілу;
3) тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оны алу құқықтарына да;
4) осы Кодекстің 55-58, 63-баптарында көзделген құқықтарға ие болады.

121-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тәрбие
және медициналық ұйымдарындағы балалардың құқықтары

      1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған. тәрбие, медициналық және басқа да мекемелеріндегі балалардың:


1) асырап-бағылуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуы өздерінің адамгершілік қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерін қамтамасыз етілуіне;
2) өздеріне тиесілі алименттерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларын және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға;
3) тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайлы пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үй-жайы болмаған Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй-жай алу құқығына ие болуға;
4) аталған мекемелерде тұруы аяқталған соң Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген жұмысқа орналасу кезіндегі жеңілдіктерге ие болуға құқығы бар.
2. Қорғаншы және қамқоршы органдар осы баптың 1-тармағында аталған мекемелерде тұрып жатқан балаларды асырау, тәрбиелеу, олардың білім беру жағдайларын бақылауды жүзеге асырады.
3. Осы мекемелер түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі.
4. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және осы баптың 1-тармағында аталған мекемелерде тұратын балалар осы Кодекстің 55-57. 62-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.

122-бап. Қорғаншылардың (қамқоршылардың)
өз міндеттерін атқаруы

      1. Қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.


2. Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді. қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.
Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды оз есебінен асырап бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушының алатын жалақысы, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.
Қамқоршылығына алғандарды асырап бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап бағуға жәрдемақы тағайындайды.
3. Қорғаншылар мен қамқоршылар өздерінің қамқорлығына алынғандарды асырап-бағуға, оларды бағып-күту мен емдеуді қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қамқорлық жасауға міндетті. Аталған міндеттер сот әрекет қабілеттілігі (эмансипацияланған) шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың қамқоршылығына жүктелмейді.
4. Спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адам жөніндегі негіздер жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы және одан қорғаншылық пен қамқоршылықты алып тастау туралы сотқа өтініш беруге міндетті.

123-бап. Баланың қорғаншысының (қамқоршысының)
құқықтары мен міндеттері

      1. Баланың қорғаншысы (қамқоршысы) қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасауға құқылы және міндетті.


Көрсетілген міндеттер кәмелетке толған адамдардың сот қабілеттігін шектеген қамқоршыларына жүктелмейді.
Қорғаншы (қамқоршы) баланың пікірі мен қорғаншы және қамқоршы органның ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ осы Кодекстің 67-бабында көзделген талаптар сақталған жағдайда қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеудің әдістерін дербес белгілеуге құқылы.
Қорғаншы (қамқоршы) баланың пікірін ескере отырып, ол міндетті орта білім алғанға дейін балаға білім беру мекемесі мен оқытудың нысанын таңдауға құқылы және баланың міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) баланы өздерінде заңды негіздерсіз ұстап отырған кез келген адамнан, соның ішінде баланың жақын туыстарынан қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы.
3. Баланың өз ата-аналарымен және басқа жақын туыстарымен қарым-қатынас жасауына, мұндай қарым-қатынас баланың мүдделеріне сай келмеген жағдайларды қоспағанда, бөгет болуға қорғаншының (қамқоршының) құқығы жоқ.
4. Қамқорлыққа алынушылар, балалар немесе медициналық ұйымдарда тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары мен қамқоршылары өздері қамқорлыққа алғандармен бірге тұруға міндетті қамқоршының он алты жасқа толған қамқоршылыққа алынушыдан бөлек тұруына, бұл қамқоршылыққа алынушының тәрбиесіне және оның құқықтары мен мүдделерін қорғауға қолайсыздық туғызбайтын жағдайда, қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен жол беріледі.
Қорғаншылар мен қамқоршылар тұрғылықты жерінің өзгеруі туралы  қорғаншы және қамқоршы органдарға хабарлап отыруға міндетті.
5. Қорғаншы кемінде алты айда бір рет қорғаншы және қамқоршы органға қамқоршылыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөніндегі, сондай-ақ оның мүлкін басқару жөніндегі жұмыс туралы есеп беріп отыруға міндетті.

124-бап. Әрекетке қабілетті азаматтарды
қамқоршылыққа алу

      1. Денсаулық жағдайы бойынша ез құқығын жүзеге асырап, қорғай алмайтын және міндеттерін орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның өтініші бойынша оған қамқоршылық белгіленуі мүмкін.


2. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқоршы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.
3. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлікті сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады.
4. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамды қамқорлыққа алу осы адамның талабы бойынша тоқтатылуы мүмкін.
Қамқоршылыққа алынған адамның қамқоршысы осы Кодекстің 126-бабында көзделген жағдайларда өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан босатылады.

125-бап. Қамқоршылыққа алынушының
мүлкіне билік ету

      1. Қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін, қамқоршылыққа алынушының өзі дербес билік етуге құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын-ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.


Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ шығыстар жасауға құқылы.
2. Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға немесе оның атынан кепіл болу шартын жасасуға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілге беруге, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеп соғатын мәмілелер жасауға, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Аталған мәмілелер нәтижесінде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаншы және  қамқоршы орган белгілейді.
Қамқоршылыққа алынушының мүлкін басқару тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.
3. Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқоршылыққа алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ.
Қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалмастан бұрын туындаған қамқоршылыққа алынушының қорғаншысына (қамқоршысына), оның жұбайына немесе туыстарына қарыздары қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен төленеді.

126-бап. Қорғаншылар мен қамқоршыларды олардың
өз міндеттерін атқарудан босату және шеттету

      1. Қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған қамқоршылыққа алынушы өз ата-анасына қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда, қорғаншыны немесе қамқоршыны ез міндеттерін атқарудан босатады.


Қамқоршылыққа алынушыны тәрбие, медициналық мекемесіне, халықты әлеуметтік қорғау мекемесіне немесе басқа да мекемеге орналастыру кезінде, егер бұл қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншы және қамқоршы орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны олардың ез міндеттерін атқарудан босатады.
2. Дәлелді себептер болған кезде (сырқаттану, мүліктік жағдайдың өзгеруі, қамқорлыққа алынушымен өзара түсініспеушілік және т.с.с) қорғаншы немесе қамқоршы оның өтініші бойынша ез міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін.
3. Қорғаншы немесе қамқоршы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған жағдайда, қорғаншы және қамқоршы орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттеуі және кінәлі адамды белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мүмкін.

127-бап. Қорғаншылықты және қамқоршылықты тоқтату

      1. Қамқоршылыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану немесе қорғаншының, қамқоршының немесе қорғаншы және қамқоршы органның арызы бойынша оның әрекет қабілеттілігі шектеулілігінің күшін жою туралы сот шешім шығарған жағдайларда кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық тоқтатылады.


2. Жасөспірім қамқоршылыққа алынушы он төрт жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады ал қорғаншылық міндетін жүзеге адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады.
3. Кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық он сегіз жасқа жеткен кезде арнайы рұқсатсыз, сондай-ак ол некеге отырған кезде және кәмелетке толғанға дейін ол әрекетке толық қабілетті болған басқа да жағдайларда қамқоршылық тоқтатылады.

128-бап. Қорғаншылардың және қамқоршылардың әрекеттеріне
шағым жасау

      Қорғаншылардың және қамқоршылардың әрекетіне кез келген адам қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай қорғаншы және қамқоршы органға не оның тұрғылықты жері бойынша сотқа шағым жасай алады.



129-бап. Қорғаншы және қамқоршы органдарының шешімдеріне
шағым жасау

      Қорғаншы және қамқоршы органдардың барлық мәселелер жөніндегі мүдделі адамдар сот тәртібімен шағым жасай алады.



17-тарау. Патронат (қабылдайтын отбасы)

130-бап. Патронат (қабылдайтын отбасы)

      1. Патронат нысанындағы қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, медициналық немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді.


2. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негізі болып табылады.
3. Патронат туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

131-бап. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт

      1. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешілердің құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешіге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуі тиіс.


Бала патронат тәрбиешіге шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі.
Тәрбиелеуге берілген баланың әрқайсысына жеке (жекелеген) шарт жасалады.
Тәрбиелеуге беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда баланың отбасында болу мерзімін ұзарту патронат тәрбиелеу туралы жаңа шарттың негізінде жасалады.
2. Патронат тәрбиелеушілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі мен мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:
1) дәлелді себептері (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;
2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша;
3) бала ата-анасына қайтарып берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

132-бап. Патронат тәрбиешілер

      1. Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады. Оларға осы Кодекстің 119-бабында көзделген талаптар қойылады.


2. Патронат тәрбиешілерді іріктеп алуды қорғаншы және қамқоршы органдар білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган бекіткен патронат тәрбиелеушілерге қойылатын талаптар туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет