Қазақстан Республикасының Кодексі және Заңдары Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы


-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарына азаматтық заңдарды қолдану



бет5/19
Дата01.04.2018
өлшемі3,25 Mb.
#40029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

5-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарына азаматтық заңдарды қолдану

      1. Осы Кодекстің 3-бабында аталған, неке-отбасы заңдарымен реттелмеген (осы Заңның 4-бабы) отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық заңдар қолданылады. өйткені ол неке-отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейді.


2. Осы Кодекстің 3-бабында көзделген қатынастар заңдармен немесе тараптардың келісімімен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-тұрып болмаған жағдайларда, бұл оларды мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін неке-отбасы және (немесе азаматтық заңдардың нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаса, неке-отбасы қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неке-отбасы немесе азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып айқындалады.

6-бап. Неке-отбасы заңдары және халықаралық құқық нормалары

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ұлттық неке-отбасы заңына қарағанда өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.



2-тарау. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын жүзеге асыру және қорғау

7-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарындағы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру

      1. Егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, азаматтар өздеріне тиесілі неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын құқықтарды, соның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты оз қалауы бойынша қолданады.


Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері мен өзге де құқық субъектілерінің құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.

8-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау

      Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғаудың азаматтық сот ісін жүргізу ережелері бойынша - сот, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар немесе қорғаншы және қамқоршы органдар осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырады.



9-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарына талап қою мерзімінің қолданылуы

      1. Осы Кодексте бұзылған құқықты қорғау үшін мерзім белгіленген жағдайларды қоспағанда, талап қою мерзімі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын талаптарға таралмайды.


2. Талап қою мерзімін белгілейтін нормаларды қолдану кезінде, неке-отбасы қатынастарынан туындайтын дауларды қарау кезінде сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 177, 179, 180, 182-185-баптарының ережелерін басшылыққа алады.

2-бөлім. Неке (ерлі-зайыптылық)

3-тарау. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұрудың шарттары мен тәртібі

10-бап. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұру шарттары

      1. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және оларды неке жасына жетуі қажет.


Еркектер мен әйелдердің де, бір жыныстың өкілдерінің де нақты бірлесіп өмір сүруі неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды.
2. Неке осы Кодекстің 12-бабында аталған мән-жайлар болған жағдайда қиылмайды.

11-бап. Неке жасы (ерлі-зайыптылық жасы)

      1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.


2. Дәлелді себептер болған жағдайда некені (ерлі-зайыптыларды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
3. Некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш бере алады.
4. Неке жасын төмендетуге тек некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.
5. Неке жасына толмаған адамдардың және адамның арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) кәмелеттік жасқа жетпегендердің ата-аналарының не қорғаншыларының, қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі.

12-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыптылық) жол берілмейтін адамдар

      Некеге тұруға (ерлі-зайыптылық):


1) бір жынысты тұлғалардың;
2) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
3) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстарды (ата-аналар мен балаларды, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің(аға-қарындастарды);
4) асырап алушылар мен асырап алғандардың;
5) заңды күшіне енген соттың шешім бойынша біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

13-бап. Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдарды медициналық тексеру

      1. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру мен тексеруді денсаулық сақтау ұйымдары және некеге (ерлі-зайыптылар) тұратын адамдардың екеуінің келісімімен гана жүргізеді.


2. Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол некеге (ерлі-зайыптылар) тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

14-бап. Некеге (ерлі-зайыптылар) тұру тәртібі

      1. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында не арнайы мемлекеттік салтанат және салт-дәстүр сарайларында (үйлерде) қиылады.


Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше (аурудың ауыр түрі, сотталған немесе тергеуде тұрған) жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша тиісті мекеменің әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып қиылуы мүмкін.
Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.
2. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы құжатпен растайтын дәлелді себептер болғанда бір ай өткенге дейін неке қиюға рұқсат береді, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) некеге тұруға тілек білдірушілердің қалауы бойынша неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.
3. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Діни нормалар бойынша неке кию (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелгенмен теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.
5. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.

4-тарау. Некені (ерлі-зайыптылық) тоқтату

15-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) тоқтату

      Некені (ерлі-зайыптылық) тоқтату - ерлі-зайыптыларға тәуелсіз жағдайлардың (өлім, олардың біреуінің қайтыс болғаны туралы немесе хабар-ошарсыз кеткенін жариялау) нәтижесінде не осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу арқылы ерлі-зайыптылардың екеуінің де, не оның біреуінің өз еркімен жасаған іс-әрекетінің нәтижесіндегі олардың арасындағы заңдық қатынастардың тоқтатылуы.



16-бап. Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы, оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан некенің тоқтатылуы

      1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы, соттың шешімі бойынша оның хабар-ошарсыз кеткен немесе елді деп жариялау салдарынан тоқтатылады.


2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін.
3. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырса, некені (ерлі-зайыптылықты) қалпына келтіруге болмайды.
Неке қию кезінде тараптарға (немесе тараптардың біреуіне) хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп танылған жұбайы тірі екені белгілі болса. бұл ереже қолданылмайды.

17-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу

      1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе


екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ак сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін.
2. Некені (ерлі-зайыптылықты) әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.

18-бап. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу

      1. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені (ерлі- зайыптылық) бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі- зайыптылық) бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі.


2. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша. егер ерлі-зайыптылардың екіншісін:
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотталса, неке (ерлі-зайыптылық) азаматтық хал
актілерін жазу органдарында бұзылады.
3. Некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізеді.

19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын дауларды қарау

      Некені бұзу кезінде ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз зайыбын асырауға қаражат төлеуге, сондай-ақ кәмелеттік жасқа жетпеген балаларға қатысты ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады.



20-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу

      Некені (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзу:


1) осы Кодекстің 18-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы:
2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде;
3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;
4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.

21-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылық) бұзуға келісімі болмаған жағдайда некені сот тәртібімен бұзу

      1. Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.


2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі- зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.
Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды талап етсе, неке (ерлі-зайыптылық) бұзылады.

22-бап. Өзге де негіздер бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу

      1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылық) бұзуға өзара келісімі болған, ерлі-зайыптылардың бір біріне мүліктік қарсылықтары болмаған жағдайда немесе егер ерлі- зайыптылардың бірі оның қарсылығының барына қарамастан, өз әрекетімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот некені айырылысу себептерін анықтамай-ақ бұза алады.


2. Некені (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылық) бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір ай еткен соң жүргізіледі.
3. Ерекше жағдайларда сот осы баптың 2-тармағында көрсетілгеннен аз мерзім белгілеуі мүмкін.

23-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешім шығару кезінде сот шешетін мәселелер

      1. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе); еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу туралы келісім ұсына алады. Неке бұзылғаннан кейін текті таңдауды ерлі-зайыптылар азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзуды тіркеу кезінде шешеді.


2. Егер ерлі-зайыптылардың арасында осы баптың 1-тармағында, аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот:
1) неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға;
2) балаларды асырауға алиментті ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде төлейтінін белгілеуге;
3) кәмелеттік жасқа толмаған балалардың және (немесе) ерлі- зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге:
4) екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.
3. Егер мүлікті болу үшінші адамдардың мүдделерін қозғаған жағдайда, сот мүлікті бөлу туралы талапты жеке іске бөлуге құқылы.

24-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған кезде оның тоқтатылу сәті

      1. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда - соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.


Некені бұзу туралы соттың шешімі азаматтық хал актілерін жазу органдарында сот шешімі шығарылған жер бойынша не ерлі-зайыптылардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тіркеуге жатады.
2. Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жер бойынша, сондай-ақ неке қию мемлекеттік тіркелген жер бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті.
Ерлі-зайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге тұруға (тіркеуге) құқығы жоқ.

25-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың салдары

      Некенің (ерлі-зайыптылық) тоқтатылуымен ерлі-зайыптылардың, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, некелік (ерлі-зайыптылық) қатынастарынан туындайтын жеке мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.



5-тарау. Некенің (ерлі-зайыптылық) жарамсыздығы

26-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп тану

      1. Осы Кодекстің 10-12-баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған жасалған жағдайда неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылады.


2. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.
3. Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты катер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.
4. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді.
5. Сот некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімімен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті.
6. Некенің (ерлі-зайыптылық) жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады.

27-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар

      1. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы талап қоюға:


1) егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса (осы Кодекстің 11- бабы), кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы (оларды ауыстыратын адамдар), қорғаншы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана құқылы;
2) егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекеттерінің маңызын түсінбей және өзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса, некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ак прокурор;
3) некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке (ерлі-зайыптылық) бойынша жұбайы, осы Кодекстің 12-бабының талаптарын бұза отырып қиылған неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай-ак қорғаншы және қамқоршы орган мен прокурор;
4) жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ак некенің (ерлі-зайыптылық) жалғандығы туралы білмеген жұбайы;
5) осы Кодекстің 26-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар болған кезде құқығы бұзылған жұбай құқылы.
2. Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ак сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады.

28-бап. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар

      1. Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке некенің қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, сот осы мән-жайлар жойылған сәттен бастап некені жарамды деп тануға құқылы.


2. Егер кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ак оның некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға келісімі болмаған жағдайда сот неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен қиылған некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тарта алады.
3. Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені (ерлі-зайыптылық) жалған деп тани алмайды.
4. Ерлі-зайыптылардың арасында заңмен тыйым салынған туыстық дәрежесі болған не некені мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған (осы Кодекстің 12-бабы) жағдайларды қоспағанда, некені (ерлі-зайыптылықты) ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп тануға болмайды.

29-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танудың салдары

      1. Сот жарамсыз деп таныған неке, осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттерін туғызбайды.


2. Некесі жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлестік меншік туралы ережелерімен реттеледі. Мұндай жағдайда ерлі- зайыптылар жасасқан неке шарты (осы Кодекстің 40-42-баптары) жарамсыз деп танылады.
3. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күн ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді (осы Кодекстің 48-бабының 3-тармағы).
4. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған кезде сот некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп тану үшін негізге алынған мән-жайлардан некеге түру кезінде болған жұбайдың (адал ниетті жұбай) екінші жұбайдан осы Кодекстің 145, 146 баптарына сәйкес асырауға қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал некені жарамсыз деп таныған кезге дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлуге қатысты осы Кодекстің 34, 38, 39-баптарында белгіленген ережелерді қолдануға, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы.
Адал ниетті жұбай Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ережелер бойынша өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
5. Адал ниетті жұбай некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таныған кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркеу кезінде өзі таңдаған тегін сақтап қалуға құқылы.

6-тарау. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері

30-бап. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы

      Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.



31-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі

      1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады.


2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді және тұратын жерді таңдауда ерікті.
3. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

32-бап. Ерлі-зайыптылардың тек таңдау құқығы

      1. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не оз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді.


Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде тегін өзгерткен жағдайда, азамат бір айдың ішінде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.
2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін ауыстыру екінші жұбайдың тегін міндетті түрде ауыстыруына әкеп соқтырмайды.
3. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.

7-тарау. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері

1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимі

33-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимі ұғымы

      1. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады.


2. Ерлі-зайыптылардың шаруа (фермерлік) қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224 және 225-баптарымен белгіленеді.

34-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі

      1. Ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.


2. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және зияткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, жинақталған зейнетақы қаражаты, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі- зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.
3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде (ерлі- зайыптылық) тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып- күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет