(гигиенист және эпидемиолог, паразитолог дәрігердің
көмекшісі, фельдшер-зертханашы, зертханашы)
Лауазымдық міндеттері. Санитариялық эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды жүргізеді. Материалдарды жинау мен өңдеуге қатысады. Халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін тамақ өнімдерінен, тауарлардан, бұйымдардан, құрылыс материалдарынан, кең қолданыстағы тауарлардан, токсиндік, радиоактивтік және биологиялық заттардан, ауыз судан, ағынды сулардан, топырақтардан сынаулар ала отырып, объектілер мен эпидемия көздеріне санитариялық-эпидемиологиялық, зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізеді. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаумен бірге жүретін зертханалық зерттеулер, сынақтарды, өлшеулерді жүргізеді. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың мәліметтерін тіркейді, есепке алады және статистикалық өңдеуден өткізеді. Зертханалық жабдықтар жағдайының дұрыстығын қадағалайды. Зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшемдерді жүргізу үшін жабдықтарды дайындайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды,
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің болуы.
26-кіші бөлімі. Учаскелік мейірбике (мейірие)/жалпы практика
мейірбикесі (мейіриесі)
Ескерту. 26-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2013 № 436 бұйрығымен (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лауазымдық міндеттері. Амбулаториялық қабылдау жасайды. Науқастың мейірбикелік көмекке мұқтаждығын бағалайды (мейірбикелік диагноз), тексеру, емдеу, науқастарды күту жоспарын құрады, жағдайдың, емдеу тиімділігінің динамикасын бағалайды, динамиканы ауру тарихына тіркейді, науқастарға күнделікті қарауды жүргізеді. Науқасты күтуді емдеу-профилактикалық ұйымдарда және үйде (патронаж) жүзеге асырады. Азаматтарға, сонымен кодтар қысылтаяң жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді. Зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, бөлімшеде дәрілік заттар шығыстарын бақылауды жүзеге асырады, дәрілік заттарды есепке алуды, сақтауды, пайдалануды қамтамасыз етеді. Дәрігердің тағайындауларын орындауды қамтамасыз етеді. Науқастарға күтім жасауды, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге дайындайды, электрокардиографияға түсіреді. Науқастар мен оның туыстарының арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік) медициналық білім (немесе «Емдеу ісі», «Акушерия ісі», «Мейіргер ісі» немесе «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты, сондай-ақ «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-зертханашы», «Гигиена, санитария және эпидемиология», «Санитарлық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері» мамандығы бойынша аталған қызметке 2003 жылғы 11 ақпанға дейін кіріскендер үшін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша біліктілік арттыру) немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Жалпы медицина», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілік деңгейі орта маманның сертификаты.
27-кіші бөлімі. Мейірбике (мейірие) (мамандандырылған)
Ескерту. 27-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2013 № 436 бұйрығымен (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лауазымдық міндеттері. Науқастың мейірбикелік көмекке мұқтаждығын бағалайды, жағдайдың динамикасын, емдеу тиімділігін бағалайды. Алғашқы медициналық көмек, сонымен қатар қысылтаяң жағдайларда дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативтік медициналық көмек көрсетеді, зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, медициналық аспаптарды, таңу құралдарын және науқастарды күту заттарын стерильдеуді жүзеге асырады. Дәрігер тағайындауларын дұрыс орындауды қамтамасыз етеді. Әртүрлі жастағы және әртүрлі патологиясы бар науқастарға күтім жасаудың бүкіл кешенді шараларын, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге, операцияларға дайындайды, электрокардиограмма жасайды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға арналған талаптарды рәсімдейді, олардың пайдаланылуы мен сақталуын бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарға арнайы күтім жасауды жүзеге асырады. Халыққа салауатты өмір салтын насихаттайды және санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу жұмысын жүргізеді. Медициналық этиканы, бекітілген графикті, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік) медициналық білім (немесе «Емдеу ісі», «Акушерия ісі», тиісінше мамандығы бойынша маман сертификаты, сондай-ақ «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-зертханашы», «Гигиена, санитария және эпидемиология», «Санитарлық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері» мамандығы бойынша аталған қызметке 2003 жылғы 11 ақпанға кіріскендер үшін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша біліктілік арттыру) немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Жалпы медицина», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілік деңгейі орта маманның сертификаты.
28-кіші бөлімі. Рентген зертханашысы
Лауазымдық міндеттері. Дәрігердің жетекшілігімен рентгенологиялық зерттеулер жүргізеді және оларды жүргізу үшін рентгенологиялық аппараттарды, реактивтерді, рентген таспаларын өз бетімен дайындайды. Пациенттерді тексерудің контрастылы әдісіне даярлайды. Қосалқы құжаттамалардың рәсімделуінің дұрыстығын жүзеге асырады. Рентгендік тексеріс барысында жатқызуды (қарапайым, күрделі) жүргізеді. Рентгенограмманы өндіреді, айқындайды, жуады, бекітеді, белгілейді, кептіреді. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, радиациялық қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, рентгендік сәулелердің биологиялық әрекетін және дозиметрия әдістерін, медперсонал мен пациенттерді қорғау ұстанымдарын; фотозертханалық үрдісті, рентген техникасын, рентген аппараттарымен жұмыс істеу ұстанымдарын; барлық органдар мен жүйелердің рентген-зерттеулерінің, әсіресе педиатрия, стоматологиядағы рентген-зерттеулерін жүргізудің ұстанымдарын, әсіресе, ережелері мен әдістерін; жаңа сандық рентген аппараттарының жұмыс принциптерін, компьютерлік томография және магниттік-ядролық резонанстың, ангиографияның ұстанымдарын; флюрографияның және электрорентгенографияның ұстанымдарын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Мейіргер ісі» (немесе «Емдеу ісі», «Акушерия ісі», «Стоматология» және «рентген-зертханашысы» циклы бойынша «Мейіргер ісі» мамандығымен біліктілікті арттыру) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімінің немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтары, «Жалпы медицина», мамандығы бойынша бакалавриат мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімінің, «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша біліктілігін арттырудың болуы.
29-кіші бөлімі. Акушер
Лауазымдық міндеттері. Амбулаторлық қабылдау жүргізеді, медициналық құжаттаманы толтырады және рәсімдейді. Тексеру жүргізеді, жүктілік мерзімін қояды, жүктілікті анықтайды, оны қауіп топтары бойынша саралайды. Жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастарға дәрігерге дейінгі медициналық, шұғыл акушериялық және гинекологиялық, жаңа туған нәрестеге шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Жүкті және үйде босанып қалған әйелдерге диспансерлеу және патронаж, әйелдерді профилактикалық тексеру және әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Босануларды қабылдайды, жаңа туған нәрестені тазалайды. Жаңа туған нәрестенің алғашқы жылындағы денсаулығы мен дамуының жағдайын бақылайды. Шағын акушерлік және гинекологиялық операциялар кезінде көмек көрсетеді. Әйелдің репродуктивтік денсаулығын қорғау жөніндегі жұмыстарды, төспен тамақтандырудың профилактикасын жүргізеді. Патологиялық ағымды босану мен босанудан кейінгі кезең жағдайының ауырлығын бағалайды. Ем тағайындайды және жасайды медициналық манипуляцияларды орындайды. Жедел аурулар мен апатты жағдайлар кезінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді. Зәрді ақуызға талдау, қан тобын, резус-факторды, гемоглобин мен эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтауға арналған зерттеулерді, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша профилактикалық және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді, отбасын жоспарлау бойынша кеңестер береді. Жатыр ішілік контрацептивасы бар әйелдерге диспансерлік бақылауды қамтамасыз етеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, босану ағымдарын және олардың нұсқаларын, асқынған кездегі жүктілікті емдеуді, асептика және антисептика ережелерін, босандыратын мекемелердің санитариялық-эпидемияға қарсы тәртібін, ана мен бала денсаулығын қорғаудың негізгі принциптерін, жүктілерді және гинекологиялық науқастарды диспансерлік бақылау әдістерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Акушерия ісі» мамандығы бойынша немесе «Емдеу ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімінің және «Акушерия ісі» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, «Акушерия ісі» мамандығы бойынша маман сертификатының немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімінің, орта біліктілік деңгейінің маман сертификатының болуы.
30-кіші бөлімі. Емдәм мейірбикесі
Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау ұйымдарында дұрыс емдік тамақтануды қамтамасыз етеді, күнделікті мәзірді, тағамдар картотекасын, мәзір-жайып салуды жасайды, емдік тағамды дайындау кезінде нұсқаулықтың сақталуын, науқастарға тамақты босатудың тәртібін, әкелінетін азық-түліктерді қабылдауды бақылайды. Рационның химиялық құрамы мен нәрлілігіне жүйелі түрде бақылау жасап отырады, тамақтарды зертханалық зерттеулерге жібереді, дайындалған тамақтың сапасына жауап береді. Тағамдық блоктағы санитариялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Бағынуындағы орта және кіші медициналық персоналдың еңбегін ұйымдастырады. Қызметкерлердің жүйелі түрде медициналық тексеруден өтуін бақылайды, тағамдық блоктағы техникалық және қызмет көрсетуші қызметкерлер арасында техникалық минимумның өткізілуін ұйымдастырады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдік тамақтанудың негізгі принциптері мен ұйымдастырудың жалпы мәселелерін, диетологияның негізін, тамақ дайындау технологиясын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық іс», «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, сәйкесті мамандық бойынша біліктілікті арттырудың немесе жоғары медициналық (мейірбикелік) білімінің болуы.
31-кіші бөлімі. Нұсқаушы-дезинфектор
Лауазымдық міндеттері. Залалсыздандыру шараларын жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады және орындайды, оның жеке заттарға дезинсекция, залалсыздандыру және дератизация жүргізу көлемін, әдістері мен құралдарын анықтайды. Залалсыздандыру бригадасына жетекшілік етеді және қорытынды және профилактикалық залалсыздандыру жүргізуге қатысады. Залалсыздандыру ерітінділерін дайындауды, қолдануды, жабдықтарды мүліктерді қолдануды, жүргізілген залалсыздандырудың сапасын, залалсыздандырушылардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылайды. Залалсыздандыру, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыстарды орындау кезінде әдістеменің сақталуын бақылайды. Залалсыздандыру жұмысын жүргізу құжатын рәсімдейді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, залалсыздандыру жабдығын пайдалану ережесін, жеке қорғану заттарын қолдану және улану кезіндегі алғашқы көмек көрсету ережелерін, залалсыздандырғыш дәрілердің номенклатурасы мен шығыстық нормаларын, оларды сақтау және тасымалдау жағдайларын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің, сәйкесті бейін бойынша біліктілікті арттырудың болуы.
32-кіші бөлімі. Оптик және оптикометрист
Лауазымдық міндеттері. Заманауи офтольмологиялық-диагностикалық жабдықтарды пайдалана отырып науқастардың көру қызметін зерттеуді жүзеге асырады: көру өткірлігін, периметриясын, рефрактометриясын офтольмометриясын, биомикроскопиясын, тонометриясын тексеруді жүргізеді. Бинокулярлық көруді зерттейді, аметропияның түрі мен дәрежесін астигматизмнің болуын анықтайды. Көру мүшесі ауруларының негізгі белгілерін диагностикалайды. Көруді түзету құралдарын таңдайды. Оларды күтуге арналған жеке ұсыныстар береді. Жедел аурулар және көру мүшесінің зақымдалуы (соның ішінде көз коньюктивасының беткейіндегі бөгде денелерді алу) кезінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді. Қаралушы тұлғалар арасынан офтальмолог-дәрігердің көру қызметін күрделі түзетуіне және емдеуіне мұқтаждарын анықтайды, оларды дәрігер-офтальмологқа жібереді. Көзілдіріктік оптика бұйымдарына өтінімді анықтауға қатысады. Есепке алу-есептік құжаттаманы жүргізеді. Халық арасында гигиеналық тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, геометриялық оптиканың негізгі түсінігі мен заңдарын, көру органы ауруларының себептерін, негізгі белгілерін және диагностикалау әдістерін, шұғыл жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі әдістерін, көру қызметін түзететін заманауи материалдарды, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Медициналық оптика» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің болуы.
33-кіші бөлімі. Tiс дәрігері (дантист)
Лауазымдық міндеттері. Атқаратын лауазым бейініне сәйкес тіс, ауыз қуысы және жақ-бет аймағының аурулары мен зақымдануларын диагностикалау мен емдеуді жүзеге асырады. Tic аурулары мен зақымдануларының профилактика, балалар мен ересектер ауыз қуысы санациясы бойынша жұмыстарды жүргізеді. Қажетті есеп беру-есепке алу құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, тіс протездеу түрлері мен әдістерін, протездік материалмен жұмыс істеу ерекшеліктерін, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау ережелерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Стоматология» мамандығы бойынша («дантист» және «тіс дәрігері» біліктіліктері) техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімінің, «Стоматология» мамандығы бойынша маман сертификатының немесе «Стоматология» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімінің болуы.
34-кіші бөлімі. Стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті)
Лауазымдық міндеттері. Стоматологиялық аурулар кезінде халыққа консультативтік-диагностикалық көмек беруді, пациенттің стоматологиялық статусын тіркеуді, жақ-бет аймағындағы жедел аурулар кезіндегі дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті, стоматологиялық мекемелердегі санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің сақталуын жүзеге асырады. Пациенттердің ауыз қуысының гигиеналық жағдайын анықтайды және оларға тіс тазалаудың әдістерін үйретеді, балалар мен үлкендерге арналған гигиеналық құралдарды таңдау бойынша, ортодонтикалық және ортопедиялық түзілістердің күтімі жөнінде жекелеген ұсынымдар береді. Есепке алу-есептік медициналық құжаттамаларын жүргізеді. Tiс, ауыз қуысы мен жақ-бет аймағы мүшелерінің аурулары мен зақымдануларын емдеу кезінде дәрігер-стоматологқа көмек беруді жүзеге асырады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, халықты диспансерлеу принциптерін, тісжегі және пародонт ауруларының жиілігін тіркеудің индекстерін, ауыз қуысының гигиеналық жағдайын, ауыз қуысының жеке және кәсіби гигиенасының әдістері мен құралдарын, халықты стоматологиялық ағартудың әдістерін, тіс, ауыз қуысы мен жақ-бет аймағы мүшелерінің аурулары мен зақымдануларын диагностикалаудың, емдеудің заманауи әдістерін, аспаптарды зарарсыздандыру тәсілдерін, стоматологиялық көмекті ұйымдастыру негіздерін, тісті протездеудің түрлері мен әдістерін және тіске арналған техникалық материалдармен жұмыс істеу ерекшеліктерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Стоматология» мамандығы бойынша («дәрігер-стоматологтың көмекшісі», «стоматологиялық гигиенист», «дантист» біліктіліктері) техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімінің, мамандық бойынша маман сертификатының немесе «Стоматология» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімінің болуы.
35-кіші бөлімі. Стоматологиялық гигиенист
Лауазымдық міндеттері. Тістің тісжегі ауруларын, пародонт ауруларын, кариозды емес зақымдануларды, кілегейлі қабық ауруларын диагностикалауды және пациенттің стоматологиялық статусын тіркеуді жүзеге асырады. Пациенттердің ауыз қуысының гигиеналық жағдайын анықтайды және оларға тіс тазалаудың әдістерін үйретеді, балалар мен үлкендерге арналған гигиеналық құралдарды таңдау бойынша, ортодонтикалық және ортопедиялық түзілістердің күтімі жөнінде жекелеген ұсынымдар береді. Профилактикалық емшараларды (тіске фторлак және фторгель жағу, реминералдаушы ерітінділермен шаю және аппликация, тіс фиссураларын герметизациялау, қызылиек үстіндегі және астындағы тіс шөгінділерін алу, пародонталдық аппликация) және халықтың стоматологиялық денсаулығын сақтауға және ауыз қуысын ұтымды күтудің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған гигиеналық іс-шараларды жүзеге асырады. Стоматологиялық аурулардың жеке профилактикалық бағдарламасын түзеді және жүзеге асырады. Ұйымдасқан балалар ұжымдары балаларының негізгі стоматологиялық ауруларының профилактикасын, тұрғындардың түрлі жастық топтарының, медициналық персоналдың, мектепке дейінгі балалар мекемелері тәрбиешілерінің, мұғалімдердің, ата-аналардың арасында стоматологиялық ағарту жұмыстарын, стоматологиялық аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша тұрғындардан сауалнама өткізеді. Тіркеу-есептік медициналық құжаттамаларын жүргізеді. Tiс, ауыз қуысы мен жақ-бет аймағы аурулары мен зақымдануларын диагностикалау және емдеуде дәрігер-стоматологқа көмек беруді жүзеге асырады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, халықты диспансерлеу принциптерін, тісжегі және пародонт ауруларының жиілігін тіркеудің индекстерін, ауыз қуысының гигиеналық жағдайын, ауыз қуысының жеке және кәсіби гигиенасының әдістері мен құралдарын, халықты стоматологиялық ағартудың әдістерін, тіс, ауыз қуысы мен жақ-бет аймағы аурулары мен зақымдануларын диагностикалаудың, емдеудің заманауи әдістерін, аспаптарды зарарсыздандыру тәсілдерін, стоматологиялық көмекті ұйымдастыру негіздерін, тісті протездеудің түрлері мен әдістерін және протездеу материалдарымен жұмыс істеудегі ерекшеліктерді, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Стоматология» мамандығы бойынша («дәрігер-стоматологтың көмекшісі», «стоматологиялық гигиенист», «дантист» біліктіліктері) техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімінің, мамандық бойынша маман сертификатының немесе «Стоматология» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімінің болуы.
36-кіші бөлімі. Tic технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы)
Лауазымдық міндеттері. Tiс протездерін, жасанды сауыттарды, сонымен бірге металлокерамикалық, штифтовтык тістердің қарапайым конструкцияларын, көпір тәрізді, бюгелдік және алынбалы пластинкалық протездерді, ортодонтикалық жақ-беттік конструкцияларды дайындайды. Әртүрлі материалдардан жұмыс үлгісінің таңбасын түсіреді және жасайды. Бөлшектерді, протездерді және құрылғыларды дәнекерлеуді, қорытуды, күйдіруді, ағартуды, жылтыратуды, өңдеуді жүргізеді. Бөлімшені (кабинетті) медициналық аспаптармен, медикаменттермен және материалдармен жүйелі түрде толықтырады, бөлімшедегі дүниелер мен медициналық мүліктердің сақталуын және жабдықтардың уақытында жөнделуін, күшті әсер етуші, улы, наркотикалық және психотроптық дәрілік заттарды есепке алудың және сақтаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Асептика және антисептика ережелерін орындауды және стоматолог-дәрігердің тапсырмаларын толық орындауды, тіс протездеуге арналған жұмыстарды орындауды қамтамасыз етеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, медициналық стоматологиялық көмектің негіздерін, тіс техникалық зертхана өндірісін ұйымдастыруды, тіс протездеу техникасында қолданылатын негізгі материалдарды, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Ортопедиялық стоматология» және «Стоматология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімінің, «дантист» біліктілігінің және «Ортопедиялық стоматология» мамандығы бойынша біліктілікті арттыруды немесе «Стоматология» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімінің, «Tiс технигі» циклы бойынша біліктілігін арттырудың болуы.
37-кіші бөлімі. Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы
Лауазымдық міндеттері. Емдік дене шынықтыру сабақтарын жүргізуге арналған үй-жайды, жаттығу заттары мен снарядтарын дайындайды. Науқастардың жағдайын сабаққа дейін және сабақтан кейін бақылайды. Сабақты науқастармен бірге хауыздарда және механотерапиялық құрылғыларда жүргізеді. Дәрігердің тағайындауы бойынша емдік массаждың жекелеген түрлерін жүргізеді. Емдік дене шынықтыру дәрігерімен бірге емдік жаттығу схемалары мен дене шынықтыру кешендерін әзірлейді. Жеке және топтық емдеу және гигиеналық жаттығу сабақтарын жүргізуді жүзеге асырады, дене жүктемесі мен қызметтік сынау, адамның дене дамуын, физикалық жұмысқа қабілеттілігін, емдік дене шынықтырумен айналысу кезіндегі сыртқы тыныс алу, жүрек-қантамыр, жүйке-бұлшық ет аппараты қызметін бағалауды жүргізеді. Емдік дене шынықтырудың топтық және жеке сабақтарына арналған залдардың жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, организмнің анатомиясының физиологиясының және патафизиологиясының негізін; жастық физиологияны, әртүрлі аурулары бар науқастар үшін емдік дене шынықтыру сабағын өткізу әдістемесін, емдік дене шынықтыру сабағын өткізуге көрсетімдер мен қарсы көрсетімдерді, емдік массажды жүргізу негізін, массаждың түрі мен типтерін сабақ жүргізу кезіндегі жеке гигиена ережелерін, санитариялық-гигиеналық нормаларды, емдік дене шынықтыруды жүргізу кезіндегі мүмкін болатын асқынуларды, олардың алдын-алу және жою шараларын, еңбек туралы заңнамаларды, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (медициналық, дене шынықтыру) білімнің, сәйкесті мамандық бойынша біліктілікті арттырудың болуы.
4-параграф. Басқа қызметкерлер
38-кіші бөлімі. Медициналық тіркеуші
Лауазымдық міндеттері. Емдеу ұйымына медициналық көмек үшін қаралған науқасты тіркеуді жүргізеді. Медициналық карталарды сақтауды және емханадағы дәрігер кабинетіне немесе стационардың бөлімшесіне жеткізуді қамтамасыз етеді. Ай сайын ұйымның медициналық статистигіне есеп береді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдеу-профилактикалық ұйымдардағы статистикалық есепке алуды ұйымдастыруды, біріншілікті құжаттамалармен жұмыс істеу ережелерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитариялық және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің немесе жалпы орта білімнің және еңбек өтіліне талап қойылмайтын ең кемі 3 айлық жеке оқудың болуы.
39-кіші бөлімі. Кіші мейірбике (мейірие) (мейірбикенің (мейіриенің) көмекшісі)
Лауазымдық міндеттері. Өз қызметтерін мейірбикенің жетекшілігімен атқарады. Науқастың психикалық-физиологиялық жағдайын, ем мен процедураларға реакциясын бағалайды және тіркейді. Науқастарға емдеу-профилактикалық ұйымында және үйінде күтімді жүзеге асырады, науқас жағдайын бақылайды және бағалайды. Алғашқы, дәрігерге дейінгі, паллиативтік көмек көрсетеді, зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды жүзеге асырады. Аспаптарды, таңу құралдарын және науқастарды күту заттарын стерильдеуді жүзеге асырады. Науқастарды күтуге арналған іс-шаралардың барлық кешенін, дәрілік заттарды организмге енгізуді жүзеге асырады. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Науқастардың, үй-жайдың тазалығын қамтамасыз етеді. Науқастарды күту заттарын дұрыс пайдалану мен сақтауды бақылайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің болуы.
40-кіші бөлімі. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер
Лауазымдық міндеттері. Өз қызметін денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның жетекшілігімен жүзеге асырады. Науқасқа емдеу-профилактикалық ұйымда және үйде күтімді жүзеге асырады, науқастың жағдайын бақылайды. Әлеуметтік қызмет жөніндегі есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Науқасты медициналық және психологиялық емдеуге ықпал етеді. Егер ауруханаға орналастырылған болса, науқастың жаңа орта жағдайына немесе асқынулар дамып, аурудың белгілері күшейгендегі жаңа жағдайға бейімделуіне көмектеседі. Науқасты әлеуметтік қолдау (сұрауларды, заңдық құжаттарды рәсімдеу, медициналық-әлеуметтік сараптамаға, қарттар үйіне және мүгедектікке жолдаманы рәсімдеуге қатысу немесе көмектесу) мәселелерін шешеді; науқастың өтініші бойынша діни мұқтаждықтарын жөнелтуді ұйымдастырады; туыстарының өтініші бойынша қазалы жоралғылық рәсімдерді ұйымдастырады. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» заңдарын, әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, жалғызбасты еңбекке жарамсыз азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негізгі принциптерін, карт адамдардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, денсаулық сақтау жүйесін, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету жолдарын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білімнің, бейіні бойынша біліктілікті арттырудың болуы.
2. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер
5-параграф. Басшылардың лауазымдары
41-кіші бөлімі. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектінің басшысы (менеджер)
Лауазымдық міндеттері. Объектінің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерін ұйымдастырады. Дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Халықты және денсаулық сақтау ұйымын дәрілік қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласындағы объектінің тапсырмаларын өз бетінше шешеді. Фармацевтикалық қызмет объектісінің қызметін, өндірістік көрсеткіштерді талдау негізінде халық пен медициналық ұйымдарды қамтамасыз етуді жақсартуға арналған шараларды жүзеге асырады. Заманауи экономикалық тәсілдерді пайдалана отырып, объектінің қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Дәрілік заттардың сапасы үшін жауап береді. Объектіні білікті мамандармен қамтамасыз етуге, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануға және дамытуға, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасауға арналған шараларды қабылдайды. Объект қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарының жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Есепке алу мен есеп беруді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәміле жасайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысын, халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, дәрілік заттарды әзірлеу жөніндегі ғылыми жетістік пен халықаралық тәжірибені, дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік стандарттарды, кадрлық және қаржылық менеджменттің негіздерін, басқару еңбегінің ерекшеліктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары фармацевтикалық білімнің, мамандығы бойынша ең кемі 5 жыл еңбек өтілінің болуы.
42-кіші бөлімі. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объекті басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері. Объектінің қызметін бірінші басшының жетекшілігімен жүзеге асырады. Қойма шаруашылығы жұмысын ұйымдастырады, материалдық ресурстар мен дайын өнімдерді сақтауға жағдай жасайды. Фармацевтикалық қызмет объектісінің қызметіне талдау жүргізеді. Халықты дәрілік қамтамасыз етуді жақсартуға арналған шараларды жүзеге асырады. Дәрілік заттардың, материалдардың, жабдықтардың және медициналық техниканың сапасына жауап береді. Ұсынушылар мен тұтынушылардың шаруашылық және қаржылық шарттарды уақытылы жасасуына арналған шараларды қабылдайды. Еңбек жағдайы мен қауіпсіздігін жақсартуға, құрылымы мен штаттарын дұрыстауға, еңбек тәртібін нығайтуға байланысты жұмысты ұйымдастырады. Үй-жайдың жағдайын бақылайды және оларды уақытында жөндеу жөнінде шаралар қабылдайды. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет объектілерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік стандарттарды, дәрілік заттарды әзірлеу жөніндегі ғылыми жетістік пен халықаралық тәжірибені, кадрлық және қаржылық менеджменте негіздерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары фармацевтикалық білімнің, мамандығы бойынша ең кемі 3 жыл еңбек өтілінің болуы.
43-кіші бөлімі. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объекті бөлімінің басшысы
Лауазымдық міндеттері. Объектінің құрылымдық бөлімшесін оның міндеттеріне, қызметтеріне және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес білікті басқаруды қамтамасыз етеді. Объект қызметінің тәртібін белгілейтін бұйрықтар мен үкімдерді бағыныштылардың орындауын бақылайды. Халықтың дәрілік және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді, соның негізінде спецификацияларды жасайды. Объектінің халыққа дәрілік көмек, медициналық дәрілер және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көрсету жөніндегі қызметін жақсартуға бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық нарықтағы конъюнктурасын зерделейді. Құрылымдық бөлімше қызметінің барысында пайда болатын халық пен денсаулық сақтау ұйымдарын дәрілік қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешеді. Бөлімше жұмысының сапасына жауап береді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, фармацевтика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, фармацевтикалық қызмет объектілерінің қызмет ету тәртібі, фармацевтикалық қызмет объектілерінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бағалау өлшемдерін, логистиканың, маркетингтің және мерчандайзингтің негіздерін, алғашқы медициналық көмек көрсету ережесін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (фармацевтикалық, медициналық, химия-технологиялық, химиялық) білімнің және мамандығы бойынша ең кемі 3 жыл еңбек өтілінің болуы.
6-параграф. Біліктілік деңгейі жоғары мамандардың лауазымдары
44-кіші бөлімі. Провизор (Фармацевт)
Лауазымдық міндеттері. Рецепттерді қабылдауды, емдеу-профилактикалық ұйым талаптарын, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды олардың физика-химиялық қасиеттеріне және белгіленген сақтау ережелеріне сәйкес босатуды жүзеге асырады. Дәрілік заттарды дайындайды, дәріханаға келіп түскен және дайындалған дәрілік заттардың сапасын дәріханаішілік бақылау мен фармацевтикалық талдаудың барлық түрлерін қолдана отырып, бақылайды, сот-медициналық химиялық-токсикологиялық сараптама жүргізеді. Дәрігерлер мен халыққа дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар және оларды қолдану туралы ақпарат береді, оларды қолдану мәселелері бойынша халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға өтінім беруге және қабылдауға және таратуға қатысады. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, фармацевтика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, фармацевтикалық істі, дәріханалық қызметтің экономикасы мен ұйымдастырылуын, дәріханаларда дәрілік заттарды дайындау технологиясын, оларды сақтау мен босату ережелерін, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасын, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережесін, химиялық және физикалық-химиялық талдау жүргізу әдістерін және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың маркетингін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары фармацевтикалық білімнің болуы.
45-кіші бөлімі. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі инженер-технолог
Лауазымдық міндеттері. Дәрілік заттарды өндірудің технологиялық регламенттерін және техникалық жағдайларын әзірлеуді жүзеге асырады. Өнімді спецификациясына сәйкес босатуды, өндірістің технологиялық үдерісінде қолданылатын қызметтік жабдықтарды бақылайды. Технологияны жаңа дәрілік заттарды әзірлеу және өндіріске шығару үдерісі кезінде, сериялық өндірістегі технологиялық үдерістерді жүргізу кезінде өтеуді қамтамасыз етеді. Өндіріс қалдықтарын жоюға, өндірістен қалған суларды, ауаға шығарылатындарды залалсыздандыру мен тазалауға арналған шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру жөніндегі өндірістік нұсқаулықты жасайды. Шикізат пен материалдар шығыстарының техникалық-экономикалық нормативтері мен нормаларын анықтайды. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, қосымша материалдардың және дайын өнімнің сақталу жағдайларының, санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Орындалатын жұмыстың сапасын қамтамасыз етеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, дәрілік заттарды өндіру технологиясын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (фармацевтикалық, инженерлік, технологиялық) білімнің болуы.
7-параграф. Біліктілік деңгейі орта мамандардың лауазымдары 46-кіші бөлімі. Фармацевт
Лауазымдық міндеттері. Рецепттерді қабылдауды, емдеу-профилактикалық ұйым талаптарын, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, санитариялық және гигиеналық босатуды жүзеге асырады. Дәріні жеке рецепт бойынша дәріхана жағдайында дайындайды, олардың сапасын дәріханаішілік бақылауды жүзеге асырады. Реактивтерді, титрлік ерітінділерді дайындайды, зертханаларда өлшеу құралдарымен және құрылғыларымен жұмыс істейді. Дәрілік нысандарға экспресс-талдау, дәрілік өсімдік шикізаттарына макроскопиялық және микроскопиялық, тауартанушылық талдау жүргізеді. Науқастарға және қысылтаяң жағдайларда зақымданғандарға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сақтауды және жарамдылық мерзімін бақылауды қамтамасыз етеді. Қажетті жабдықты қолдана отырып, тауарларды қабылдауға, орналастыруға және қаптауға қатысады. Медициналық бұйымдарды қолдану мәселесі бойынша санитариялық-ағарту және ақпараттық жұмыстарды жүргізеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау, фармация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, фармацевтикалық іс негізін, дәрілік қамтамасыз етуді басқару жүйесінің құрылымын, дәрілік өсімдіктік шикізаттарды дайындау мен сақтаудың негізгі принциптерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) фармацевтикалық білімнің болуы.
"Әділет" АҚЖ ресми жарияланым дереккөзі болып табылмайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |