133-бап. Патронат белгіленетін бала (балалар)
1. Шарт бойынша оны патронат тәрбиешілерге беру ушін баланы (балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органның және бала (балалар) ұсталатын мекеме әкімшілігінің келісімі бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.
Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді (қарындастарын) ажыратуға, бұл олардың мүдделеріне сай келетін жағдайлар қоспағанда, жол берілмейді.
2. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келісімімен ғана берілуі мүмкін.
3. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне тиесілі алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуіне құқығы бар.
Тәрбиеленушіге тиесілі ақша қаражатын және басқа мүлікті сақтау патронат туралы шарттың қолданылу уақытында патронат тәрбиешіге жүктеледі.
Тұрғын үйді ұстап-күтуге бала алған түрлі әлеуметтік төлемдер қаражатының, ал ол болмаған жағдайда жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) осы Кодекстің 55-57, 62-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.
134-бап. Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды)
асырап-бағу
1. Әрбір баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.
2. Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге міндетті, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған білім беру міндеттерін орындауға бақылауды л<үзеге асыруға құқылы.
5-бөлім. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары
18-тарау. Ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері
135-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды
асырап-бағу жөніндегі міндеттері
1. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды.
Ата-аналар осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ак 21 жасқа дейінгі жастағы күндізгі оқыту нысаны бойынша оқу орындарында оқитын балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы.
2. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуына ерікті түрде алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады.
3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.
136-бап. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға
сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндіріп алады.
2. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.
137-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын
табыстың және (немесе) өзге де кірістің түрлері
Ата-аналардың ұлттық және (немесе) шетел валютасымен алатын және осы Кодекстің 136-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталып қалатын табысының және (немесе) өзге де кірісінің түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және атқарушылық іс жүргізу органдары анықтайды.
138-бап. Кәмелетке толмаған балаларға тұрақты ақша сомасы
түрінде алимент өндіріп алу
1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келісімі болмаған жағдайда және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бірінің мүдделерін айтарлықтай бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе сонымен бірге үлесте (осы Кодекстің 136-бабына сәйкес) және тұрақты акция сомасында ай сайын өндіріп алынатын алимент мөлшерін белгілеуге құқылы.
Мұндай жағдайларға табысы тұрақты емес, өзгермелі және (немесе) өзге де кірістері бар ата-аналардан не табысын және (немесе) өзге ле кірістерін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-анадан алимент өндіріп алу жатады.
2. Күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындары (арнайы оқу орындарында) оқитын 21 жасқа дейінгі жастағы балаларды асырап-бағуды өндіріп алу алименттер төлеу туралы келісім болмаған кезде ақша сомасында жүргізіледі.
3. Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтауды негізге алып, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән- жайларды ескере отырып белгілейді.
4. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алимент мөлшерін аз қамтамасыз етілген ата-ананың біреуінен екіншісінің пайдасына осы баптың 3-тармағына сәйкес ай сайын өндіріп алынатын және сот белгілейтін тұрақты ақша сомасы белгіленеді.
139-бап. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
алиментті өндіріп алу және пайдалану
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Кодекстің 135-138-баптарына сәйкес өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешісіне төленеді.
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат тәрбиешіге берілген балаларға төленетін алимент сомасы екінші деңгейдегі банктерге ашылған осы балалардың шотына аударылады.
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу. медициналық мекемелері мен өзге де мекемелердегі балаларға ата- аналарынан өндіріп алынатын алимент сол мекемелердің шотына аударылады, онда әр балаға бөлек есептеледі.
Аталған мекемелер бұл соманы банкілерге салуға құқылы. Көлін түскен алимент сомасының айналысынан түскен кірістің елу пайызы аталған мекемелердегі балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай мекемеден кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның айналасынан түскен кірістің елу пайызы екінші деңгейдегі банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады.
Психовенерологиялық медико-әлеуметтік мекемелердегі ата-аналардан балаларға өндірілген алименттер екінші деңгейдегі банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады және қорғаншы баланың қосымша қажетіне пайдаланады.
Қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешілер әрбір жарты жылда бала ұсталатын тәрбиелеу, медициналық және басқа да мекемелердің әкімшіліктері қорғаншы және қамқоршы органға балаға тиесілі алименттер, жәрдемақылар және т.б. ақшалай және басқа да түрдегі қаржыны жұмсағаны туралы есеп береді.
140-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент
алуға құқығы
1. Ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға міндетті.
2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.
141-бап. Ата-аналардың балаларды асырап-бағуға арналған
қосымша шығыстарға қатысуы
1. Алимент төлеу туралы келісім болмағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (кәмелетке толмаған балалардың немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған көмекке мұқтаж балалардың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға әрбір ата-ананы тартуы мүмкін.
2. Ата-аналардың қосымша шығыстарды көтеруге қатыстырылу тәртібі мен бұл шығыстардың мөлшерін сот егер екіжақты келісім бойынша анықталмаса, ата-аналар мен балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып ай сайын төленуге тиісті алимент төленетін кездегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында белгілейді.
3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығыстарды өтеуге де, балаларды асырап-бағуға болашақта жасалуға тиіс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуға міндеттеуге құқылы.
142-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу
жөніндегі міндеттері
1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.
2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.
3. Әрбір баладан өндіріп алынатын алимент мөлшерін сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынастарында белгілейді.
4. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата- ананың еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.
5. Егер сот ата-аналардың осы балаларға қатысты ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.
Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.
6. Кәмелетке толған, асырап алынған балалардың асырап алушыларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері де балалардың ата-аналары алдындағы міндеттеріндей анықталады.
143-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған
қосымша шығыстарға қатысуы
1. Кәмелетке толған балалар ата-аналарына қамқорлық жасамағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (ата-анасы ауыр науқастану, мертігу, оны бөгде адамның бағып-күткені үшін ақы төлеу, оны халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат үйіне орналастыру қажет болғанда және т.с.с) кәмелетке толған балаларын сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығыстарды көтеруге қатыстыруы мүмкін.
2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығыстарды көтеру тәртібі мен осы шығыстардың мөлшерін сот осы Кодекстің 142-бабының 3, 4, 5-тармақтарының ережелері сақталған жағдайда ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасы жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін ескере ' отырып белгілейді.
3. Қосымша шығыстарды көтеру тәртібі мен бұл шығыстардың мөлшері болмаған жағдайда дау сот тәртібінде шешілетін тараптардың келісуімен белгіленуі мүмкін.
19-тарау. Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың
алименттік міндеттемелері
144-бап. Ерлі-зайыптылардың бір-бірін асырап-бағу жөніндегі
міндеттері
1. Ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті.
2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан:
1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;
2) жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің;
3) ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін;
4) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға І-ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.
145-бап. Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент
алуға құқығы
1. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге:
1) бұрынғы әйелінің жүкті кезінде және ортақ баласы кәмелеттік жасқа жеткенге дейін;
2) көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға Г-ІТ топтағы мүгедектің белгіленген жағдайда;
3) неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар.
2. Алименттің мөлшері мен оны неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына берудің тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісім бойынша белгіленуі мүмкін.
146-бап. Ерлі-зайыптылардан және бұрынғы ерлі-зайыптылардан
сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) материалдық және отбасы жағдайын, тараптардың бақа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынаста сот белгілейді.
147-бап. Жұбайды екінші жұбайды асырап-бағу жөніндегі
міндеттен босату немесе бұл міндеттің мерзімін шектеу
1. Сот жұбайдың еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж екінші жұбайды асырап-бағу міндетінен босатуы немесе некеде тұрған кезеңде де, неке бұзылғаннан кейін де бұл міндетті белгілі бір мерзімге мынадай жағдайларда:
1) спирт ішімдіктеріне, есірткі заттарына, психотропты заттарға салынып кетуі салдарынан немесе қасақана қылмыс жасауы салдарынан көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке жарамсыз болып қалған;
2) ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылық) ұзақ тұрмаған (5 жылға дейін);
3) алимент төлеуді талап ететін жұбайдың отбасында өзін лайықты ұстамаған жағдайларда шектеуі мүмкін.
2. Бұрынғы жұбайын асырап-бағу жөніндегі міндет мынадай жағдайларда:
1) көмек алуға құқығы бар жұбай жаңа некеге (ерлі-зайыптылық) тұрғанда;
2) осы Кодекстің 145-бабына көзделген мән-жайлар жойылғанда сот шешімімен тоқтатылады.
20-тарау. Отбасының басқа мүшелерінің алименттік
міндеттемелері
148-бап. Ағалары мен апаларының өздерінің кәмелетке толмаған
және еңбекке жарамсыз, кәмелетке толған інілері мен сіңлілерін
(қарындастарын) асырау жөніндегі міндеттері
Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері мен сіңлілерінің (қарындастарының) өз ата-аналарынан қаражат алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған ағалары мен апаларына да, егер олар өздерінің еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық беріледі.
149-бап. Немерелерін асырап-бағу жөніндегі атасы мен әжесінің
міндеттері
Өздерінің ата-аналарынан көмек мүмкін болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Өздерінің жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан және кәмелетке толған еңбекке қабілетті ағалары мен апаларынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған немерелерге де осындай құқық беріледі.
150-бап. Немерелердің атасын және әжесін асырап-бағу міндеті
Өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажетті қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.
151-бап. Тәрбиеленушілердің өздерін нақты тәрбиелеушілерді
асырап-бағу міндеті
1. Кәмелетке толмаған балаларға нақты тәрбие беруді және асырап-бағуды жүзеге асырған еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдар, егер олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балалары мен немерелерінен немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен асырап-бағуды сот тәртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт асырап-бағып, тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерін тиісті түрде асырап-бақпаған және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушілерді нақты тәрбиеленушілерін асырап-бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттер қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта болған адамдарға жүктелмейді.
152-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесін және өгей
шешесін асырап-бағу жөніндегі міндеттері
1. Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп, асырап-баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шешенің, егер өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап бағуды сот тәртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелеп, асырап-бақса, сондай-ақ олар өздерінің тәрбиелеу және асырау міндеттерін тиісті түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесі мен өгей шешесін асырап-бағу міндеттерінен босатуға құқылы.
153-бап. Отбасының басқа мүшелерінен сот тәртібімен өндіріп
алынатын алименттің мөлшері
1. Осы Кодекстің 148-152-баптарында аталған адамдарға алименттің мөлшері мен оны төлеу тәртібі тараптардың келісімімен белгіленуі мүмкін.
2. Тараптардың келісімі болмаған жағдайда сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот әрбір жеке жағдайда алимент төлеуші мен алушының материалдық және отбасы жағдайы мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін ескере отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынаста белгілейді.
3. Егер отбасының алимент талап етуші мүшесін бір мезгілде бірнеше адам асырап-бағуға міндетті болса, сот олардың материалдық және отбасы жағдайына қарай әрқайсысының алимент төлеу міндеттерін орындауға қатысу мөлшерін белгілейді. Алимент мөлшерін белгілеу кезінде сот алимент төлеуге міндетті барлық адамдардың бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, сол адамдардың бәрін ескеруге құқылы.
21-тарау. Алимент төлеу туралы келісім
154-бап. Алимент төлеу туралы келісім жасау
Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы адамның арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде - осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады.
155-бап. Алимент төлеу туралы келісімінің нысаны
Алимент төлеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және нотариаттық куәландыруға жатады.
Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанының сақталмауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 157-бабында көзделген салдарға әкеп соғады.
156-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасау, атқару,
өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі
1. Алимент төлеу тәртібі туралы келісімді жасауға, атқаруға, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасауды, атқаруды, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.
2. Алимент төлеу туралы келісім екі жақтың өзара келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу алимент төлеу туралы келісімнің өзі сияқты нысанда жасалуға тиіс.
3. Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
4. Тараптардың материалдық немесе отбасы жағдайлары елеулі өзгеріске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі келісімге қол жетпеген кезде мүдделі тарап осы келісімді өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап-арыз беруге құқылы. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешкен кезде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.
157-бап. Алимент алушының мүдделерін бұзатын алимент төлеу
туралы келісімді жарамсыз деп тану
Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін асырап-бағу шарттары олардың мүдделерін айтарлықтай бұзатын болса, атап айтқанда, осы Кодекстің 158-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда мұндай келісім кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органның немесе прокурордың талап етуі сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
158-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін
алименттің мөлшері
1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар сол келісімде белгілейді.
2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу жөніндегі келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған жағдайда алатын алименттің мөлшерінен төмен болмауы керек (осы Кодекстің 136-бабы).
159-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент
төлеудің әдістері мен тәртібі
1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің әдістері мен тәртібі сол келісіммен белгіленеді.
2. Алименттің алимент төлеуге міндетті адам табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлес есебімен; мерзімді төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; бір жолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен, сондай-ак келісімде қол жеткеніне қарай өзге де әдістермен төленуі мүмкін.
Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің түрлі әдістерін ұштастыру көзделуі мүмкін.
22-тарау. Алиментті сот тәртібімен төлеттіру және өндіріп алу
тәртібі
160-бап. Алиментті сот шешімімен өндіріп алу
Осы Кодекстің 140-152-баптарында аталған отбасы мүшелері төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
161-бап. Алимент алу үшін арыз беру мерзімдері
1. Алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап еткен мерзімге қарамастан, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, сотқа алимент өндіріп алу туралы арыз беруге құқылы.
2. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап беріледі.
Егер сотқа арыз беруден бұрын асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.
162-бап. Ұйым әкімшілігінің алиментті ұстап қалу міндеті
Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі нотариаттық куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару парағының негізінде алимент төлеуге міндетті адамның жалақысынан және өзге де кірісінен алимент алушы адам үшін ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге міндетті; адамның есебінен алимент төлеуге міндетті адамға жалақының және өзге де төленген күнінен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті.
Төлеушіден ұсталған, бірақ алушыға уақытылы аударылмаған алименттік төлемді ұстап қалғаны үшін жауаптылық заңды тұлғаның әкімшілігіне жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |