221-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік
тіркеу мерзімдерін қысқарту және ұзарту
1. Некеге тұратын адамдардың бірлескен арызы бойынша, тиісті құжаттармен (жүктілігі туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа ерекше мән- жайларды растайтын анықтамалар) тиісті құжаттармен расталған дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төну және басқа ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы некені бір ай мерзім өткенге дейін қиюға, сондай-ақ бұл мерзімді әрі кеткенде бір айға дейін ұзартуға рұқсат бере алады.
Мерзімді қысқартудың уақыты әрбір жеке жағдайда нақты мән-жайларға байланысты анықталады.
2. Жекелеген жағдайларда некені мемлекеттік тіркеуді күту мерзімі тек некені мемлекеттік тіркеу үшін кедергі келтіретін арыз болғанда гана азаматтық хал актілерін жазу органының бастамасымен ұзартылуы мүмкін. Неке туралы жазу жасалғанға дейін лауазымды адам жазуды тоқтата тұруға және арыз берушіден бір айдан аспайтын белгіленген мерзімде тиісті құжаттық дәлелдемелерді ұсынуды талап етуге міндетті.
Азаматтық хал актілерін жазу органы мүдделі адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен қажетті тексеру жүргізе алады. Некені мемлекеттік тіркеуді кейінге қалдыру туралы некеге тұруға арыз берген адамдарға хабарланады. Некені қиюға заңды кедергілер болған кезде азаматтық хал актілерін жазу органы оны мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
Егер мұндай кедергілер туралы мәліметтер расталмаса, некені мемлекеттік тіркеу жалпы негіздерде жүргізіледі. Аталған мән-жайларды тексеру бір ай мерзімде аяқталуға тиіс.
Айлық мерзімді қысқарту немесе ұзарту туралы рұқсат некеге тұру туралы арызға азаматтық хал актілерін жазу органының бастығының, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы адамның бұрыштамасы түрінде беріледі.
Некеге тұруға ниет білдірушілер белгіленген күні азаматтық хал актілерін жазу органына дәлелді себеппен келе алмаса, некені мемлекеттік тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады.
222-бап. Некеге түру (ерлі-зайыптылық) туралы арыз
1. Некеге тұру жөніндегі арыз жазбаша жасалуға тиіс. Белгіленген үлгідегі арыз нысандары болмаған жағдайда, арыз мәтінінде еркін нысанда барлық көзделген мәліметтер қамтылуға тиіс.
Арыз нысанында қамтылған барлық сұрақтарға толық және дәл жауаптар берілуге тиіс.
2. Некеге тұру туралы арызды беру кезінде мыналар ұсынылуы қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжаттар, (Республикада тұрақты тұратын немесе шетелде уақытша тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы тиісті жеке куәлігін немесе паспортын көрсетеді; шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы - оның шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы ретінде есепке алынғаны туралы шетелдегі консулдық мекеменің белгісі бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын көрсетеді; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматы шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетел азаматы Қазақстан Республикасының ішкі істер органы белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беретін құжатты ұсынады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұратын жері бойынша тіркелгендігі туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша тұрып жатқан азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, ол тұратын елдің құзыретті органдары берген және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген құжатты ұсынады.
Шетел азаматының паспортын (жеке басын куәландыратын құжатты) ұсынуымен қатар оның мәтінінің нотариаттық куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалған аудармасын беруге тиіс.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат мәтінін аудармасының дұрыстығы бұл адам азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде немесе сыртқы саяси ведомствода куәландырылуы мүмкін);
2) белгіленген неке жасын кеміту қажеттігін растайтын осы Кодекстің 11-бабында көрсетілген құжаттарды;
3) бұрынғы некелері туралы мәліметтерді;
4) балалары бар екендігі туралы мәліметтерді;
5) бір-бірінің денсаулық жағдайы және материалдық жағдайы туралы, сондай-ақ некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұруға кедергі жоқтығы туралы хабардар екендігі туралы қолхат.
223-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу
кезінде ерлі-зайыптылардың тектерін жазу тәртібі
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде біреуінің тегін таңдаса, некеге дейінгі тегін өзгертуге тілек білдірген ерлі-зайыбына ерлі-зайыбының бірінің тегі беріледі.
Ерлі-зайыптылар бұрынғы тектерінде қалғысы келсе, некені қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың тектері өзгермейді.
Бір немесе ерлі-зайыптылардың екеуі де ез тектеріне екінші ерлі-зайыбының тегін қосуға тілек білдірсе, неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптыға (ерлі-зайыптыларға) осы Кодекстің 32-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, некеге дейінгі тегінен кейін ерлі-зайыбының бірінің тегі қосылады.
Ерлі-зайыптылардың тектерін таңдау некеге отыру туралы бірлескен жазбаша өтініште көрсетілуге тиіс.
224-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік
тіркеу тәртібі
1. Некені қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында (бөлімдерінде), арнайы арналған мемлекеттік салт-дәстүр. салтанат, неке кию сарайларында некеге тұратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
2. Егер некеге тұратын адамдар (олардың біреуі) қатты науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеппен азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмаған жағдайда, неке қиюды мемлекеттік тіркеу үйде медициналық немесе өзге де ұйымдарда некеге тұратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
3. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының лауазымды адамы:
1) некеге тұру ниеті туралы берілген өтініштерді жария етеді;
2) некелесушілерге болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) некеге тұруға келісетінін және жұбайлардың таңдайтын тектерін анықтайды;
4) неке қиюға (ерлі-зайыптылыққа) кедергі жоқ екендігін анықтайды.
5) мемлекет атынан неке кию (ерлі-зайыптылық) туралы белгіленген куәлікті тапсырады.
4. Неке қиюға (ерлі-зайыптылыққа) кедергі жоқ болған кезде азаматтық хал актілері жазу кітабына неке туралы жазба жасалады, оған некеге тұратындар қол қояды және оны азаматтық хал актілері жазбалары органының лауазымды адамы қол қойып бекітеді.
5. Егер неке қиюға (ерлі-зайыптылыққа) кедергі болатын мән- жайлардың бар-жоғын растайтын айғақтары болса, азаматтық хал актілерін жазу органы неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
6. Азаматтық хал актілерін жазу органының неке қиюды мемлекеттік тіркеуден бас тартуына сот тәртібімен шағым жасауға болады.
225-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) салтанатты
жағдайда мемлекеттік тіркеу
Некені (ерлі-зайыптылықты) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу - некені салтанатты түрде мемлекеттік тіркеуге арнайы арналған мемлекеттік салт-дәстүр, салтанат, неке сарайларында, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазу органының ғимараттарында, үй-жайларында жүргізілуі мүмкін.
226-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының
шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен
неке қиюын (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазу органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде не некеге тұруға (ерлі-зайыптылыққа) ниет білдірген адам азаматы болып табылатын шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық мекемесінде жүргізіледі.
2. Егер мұндай рұқсат алу шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілсе, шетел азаматымен некеге тұру (ерлі-зайыптылық) туралы өтініш берумен бір мезгілде шетел азаматы азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге (ерлі-зайыптылықты) рұқсатты ұсынуы тиіс.
Мұндай рұқсат болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу органы арызды қабылдау кезінде некелесушілерге, және ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы(шасы)на, олардың некесі ол некелесетін адам (ерлі-зайыпты) азаматы болып табылатын елде жарамсыз болып танылуы мүмкін екендігін түсіндіруге тиіс.
Егер, мұндай түсіндірулерге қарамастан, арыз берушілер некенің (ерлі-зайыптылықтың) мемлекеттік тіркелуін талап етсе, бұл неке (ерлі-зайыптылық) тіркеледі.
Тарихи отанына қайтып келген және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамаған адамдармен (оралмандармен) Қазақстан Республикасы азаматтарының некесін (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адаммен неке қию (ерлі-зайыптылық) шарттары егер ол адамның осы аумақта тұрақты түрғылықты жері болса, оның заңнамасымен анықталады.
227-бап. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде,
дипломатиялық өкілдіктерінде және шет мемлекеттердің шетелдік
мекемелерінде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік
тіркеу
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде қиылады.
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінде немесе шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің аумағында шетелдіктер арасында қиылған некелер Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
228-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс
жерлерде қиылған некені (ерлі-зайыптылықты) тану
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қиылған Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы некелер (ерлі- зайыптылық) және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасындағы некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып жасалса, осы Заңның 11 -бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдіктер арасында қиылған некелер (ерлі-зайыптылық) олар аумағында жасалған мемлекеттің заңдарын сақтай отырып қиылса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
229-бап. Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан
Республикасының аумағынан тыс жерлерде қиылған некенің
(ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығы
Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қиылған некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығы осы Кодекске сәйкес неке қию (ерлі-зайыптылық) кезінде қолданылған заңнамамен айқындалады.
230-бап. Некеге қабілеттілігі туралы
анықтамалар беру тәртібі
1. Некеге қабілеттілігі туралы анықтаманы аумақтық әділет органының азаматтық хал актілерін жазу бөлімі аудандық (қалалық) әділет басқармаларының азаматтық хал актілерін жазу қызметтерінің мұрағаты бойынша өтініш берілген күні тексерулер негізінде береді.
Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге шыққанға дейін бір аумақтық-әкімшілік бөліністе тұрақты тұрса, неке қиюды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар-жоғын тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі, өзге жағдайда анықтама осы аумақта тұрған сәтінен бастап беріледі.
Анықтамалар алу үшін арызданушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
жеке басын куәландыратын құжат;
некені бұзу туралы немесе егер арызданушы некеде тұрса жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік;
2. Белгіленген нысандағы некеге қабілеттілігі туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерде некені мемлекеттік тіркеу үшін облыстың (қаланың) аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға беріледі.
231-бап. Еңбекпен түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген
сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік
тіркеу
1. Қамауда отырған немесе бас бостандығынан айыру орындарында (еңбекпен түзеу мекемелерінде) жазасын өтеп жатқан адаммен неке қиюды мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары осы Кодексте көзделген неке қию (ерлі-зайыптылық) шарттарын сақтай отырып, тиісті мекеменің үй-жайында жүргізеді.
2. Сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың қатысуымен еңбекпен түзеу мекемесінің әкімшілігі азаматтық хал актілерін жазу органымен келісім бойынша белгілеген үй-жайда жүргізеді.
Сотқа дейін бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органы, осы іс жүргізуде тұрған адамды немесе. органды хабардар еткеннен кейін тергеу изоляторларында жүргізеді.
232-бап. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбаларының
мазмұны
1. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) әрқайсысының (некеге тұратындардың) тегі, (неке қиғанға дейін және кейін), аты, әкесінің аты, туған күні және жері, жасы, азаматтығы, ұлты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), табыс көзі немесе жұмыс орны, тұрғылықты жері және заңды мекен-жайы, білімі, отбасы жағдайы;
2) ортақ балалары туралы мәлімет;
3) некеге тұратындардың жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
4) акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;
5) берілген куәліктің нөмірі.
2. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған немесе жарамсыз деп таныған жағдайда неке кию туралы акт жазбасына қажетті мәлімет енгізіледі. Мұндай мәліметтерді енгізу некені (ерлі-зайыптылық) бұзылған немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің не ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарындағы некені бұзу туралы жазбаның негізінде жүргізіледі.
233-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазбаны тоқтата тұру
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба жасалғанға дейін некені мемлекеттік тіркеу үшін кедергілер бар екендігі туралы арыз түскен жағдайда лауазымды адам жазбаны тоқтата тұруға және арыз берушіден белгіленген мерзімде тиісінше деректі айғақтар беруді талап етуге міндетті. Бұл мерзім бір айдан аспауы керек.
234-бап. Ерлі-зайыптыларға неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы
куәлік беру
Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін ерлі-зайыптыларға неке туралы куәлік беріледі. Қажет кезде некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың әрқайсысына неке қию туралы куәлік берілуі мүмкін.
235-бап. Некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік
Некені кию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тегі (некені (ерлі-зайыптылық) қиғанға дейінгі және кейінгі), аты. әкесінің аты, туған күні және туған жері, азаматтығы және ұлты (жеке басын куәландыратын құжатта болса) (некеге тұратындардың әркайсысының);
2) некенің қиылған күні;
3) актінің жасалған күні және нөмірі;
4) ерлі-зайыптылардың тегін таңдау туралы мәлімет;
5) неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны (азаматтық хал актілерін жазу органының атауы);
6) неке қию туралы куәліктің берілген куні;
7) неке кию туралы берілген куәліктің сериясы және нөмірі.
27-тарау. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу
236-бап. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз
1. Некені бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен арызы. белгіленген тәртіппен некені бұзуға құқығы бар ерлі-зайыптылардың бірінің арызы, сондай-ақ некені бұзу туралы сот заңды күшіне енген шешімі некені бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылады.
2. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі.
3. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болған кезде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.
4. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша:
1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;
2) жұбайын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;
3) жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы соттың үкімі негізінде неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.
237-бап. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу орны
1. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органында жүргізіледі.
2. Некені бұзуды 236-баптың 3-тармағы негізінде мемлекеттік тіркеген жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органына өтініш екінші жұбайының тұрғылықты жері бойынша беріледі.
3. Некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу сот шешімінің шыққан жері бойынша немесе бұрынғы ерлі-зайыптылардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органында жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасы азаматының некесінің бұзылуын шет мемлекеттің некені бұзуды тіркеу туралы күшіне енген сот шешімінің негізінде тіркеу азаматтың тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі.
238-бап. Ерлі-зайыптылардың некенің бұзылуы туралы бірлескен
арызы бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері
Некені мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары некені бұзу туралы бірлескен арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң неке бұзушылар жеке қатысқан кезде жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 173-175-баптарына сәйкес мерзімнің өтуі арыз бергеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс істемейтін күнге тура келсе, одан кейінгі келесі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Айлық мерзім қысқартылуы мүмкін емес.
Егер ерлі-зайыптылар азаматтық хал актілерін жазу органына некені бұзуды мемлекеттік тіркеуді олар белгілеген күні келе алмаған жағдайда, олар некенің бұзылуы үшін айлық мерзімді қайтадан тағайындайтын азаматтық хал актілерін жазу органына некені бұзу туралы арызбен қайтадан жүгіне алады.
239-бап. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
1. Ортақ кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы, некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы, жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің; жұбайын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің; жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы соттың үкімінің негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
2. Некені бұзу туралы өтінішке осы Кодекстің 236-бабы 1, 3-тармақтарында көзделген негіздер бойынша неке қию туралы куәлік қоса берілуге тиіс.
Егер ерлі-зайыптыларда осы куәлік жоқ болса және неке қию туралы акт жазбасы азаматтық хал актілерін жазу органында сақталмаса, неке туралы акт жазбасын қалпына келтіру талап етіледі.
Арыз иесі мынадай құжаттарды:
1) некені бұзатын адамдардың жеке басын куәлындыратын құжаттарды;
2) некені бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздемені (некені бұзу туралы; жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы; жұбайын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі; жұбайының қылмыс жасағаны ушін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы соттың үкімі);
3) қорғаншы және қамқоршы органның әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кеткен жұбайының мүлкіне қорғаншы тағайындау туралы қорытындысын;
4) мемлекеттік баж төлемі туралы құжатты ұсынуы тиіс.
3. Бұрынғы ерлі-зайыптылар (олардың әрқайсысы) немесе әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысы некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы арыз жасауға басқа адамдарды жазбаша нотариаттық куәландырылған нысанда уәкілетті ете алады.
5. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін азаматтық хал актілерін жазу органына келе~йлмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес оларға, сенім білдірілген тұлғаға азаматтық хал актілерін жазу органдарында оның мүдделерін білдіру үшін белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат беріледі.
240-бап. Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе
ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен
некені бұзуды мемлекеттік тіркеу
Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені бұзуды мемлекеттік тіркеген жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органы арыз түскен күннен бастап бір апта мерзімде қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлама алған күннен бастап қырық бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті, осы мерзім ішінде олар арыз бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы хабарлауға құқылы.
241-бап. Ерлі-зайыптылардың некені бұзғаннан кейін тектерін
сақтауы немесе өзгертуі
Өз тегін некеге түру кезінде басқаға өзгерткен жұбайы неке бұзылған соң да осы текті сақтауға құқылы немесе оның қалауы бойынша некені мемлекеттік тіркеу кезінде оған некеге дейінгі тегі беріледі.
242-бап. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдармен
некені бұзуды мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер арасындағы некені бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некені оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес некені азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзуға жол берілетін жағдайда неке Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде бұзылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған шетелдіктер арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
243-бап. Некені бұзу туралы акт жазбасының мазмұны
Некені бұзу туралы акт жазбасында мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының тегі (неке бұзылғанға дейін және кейін), аты, әкесінің аты, туған күні және туған жері, жасы. азаматтығы, ұлты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) тұрғылықты жері және заңды мекен-жайы, білімі, кіріс көздері немесе жұмыс орны, неке саны туралы мәліметтер;
2) жасалған күні, некеге тұрғандығы туралы акт жазбасының нөмірі және некені тіркеу жүргізілген азаматтық хал актілерін жазу органының атауы;
3) некені бұзу үшін негіз болып табылатын құжат;
4) некенің тоқтатылған күні;
5) некені бұзушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
6) мемлекеттік бажды төлегені туралы мәлімет;
7) өтініш беруші туралы мәлімет;
8) некені бұзу туралы куәліктің сериясы және нөмірі.
Достарыңызбен бөлісу: |