Қазақстан Республикасының Кодексі



бет16/60
Дата17.06.2018
өлшемі7,17 Mb.
#43154
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60

175-1-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерiн келісудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзімдерін бұзу

1. Қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерiн келісудің мерзімдерін қаржы ұйымының, банктің және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының бұзуы -

заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 175-2-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 175-2-бап жаңа редакцияда



175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасының талаптарын сақтамау -

лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 176-бап өзгертілді



176-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану

1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның лауазымды адамының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алуы, сол сияқты кредит берудi доғаруға, жеңiлдiктердi алып тастауға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге алып келуi мүмкiн мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге де кредит берушiге хабарламауы, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қаражатын қарыз талаптарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану -

мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы тиісті заңды тұлғаның бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не оларды алмастыратын, тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 177-бап өзгертілді; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 177-бап өзгертілді



177-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау

1. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, -

лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бюджет қаражатын алушылардың тиісті банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы және толық есепке жатқызбау, -

лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-1-баппен толықтырылды



177-1-бап. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)

 

2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-2-баппен толықтырылды



177-2-бап. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)

 

2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-3-баппен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 177-3-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)



177-3-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау мен табыс ету ережелерін бұзу

Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау мен табыс ету ережелерін бұзу, -

лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-4-баппен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 177-4-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)



177-4-бап. Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу

Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу, -

лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 177-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 177-5-бап өзгертілді



177-5-бап. Шығындарды өтеу ережелерін бұзу

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеу ережелерін бұзуы, -

лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 178-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 178-бап өзгертілді



178-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы

1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:

ірі залал келтірмей, бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару;

бұрмаланған қаржылық есептілік жасау, бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректерді жасыру, сол сияқты ірі залал келтірмей, бухгалтерлік құжаттаманы жою;



Абзац 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

жария ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтердің сертификаты жоқ адамды тағайындау түрінде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы, -

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 179-бап жаңа редакцияда; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 179-бап өзгертілді



179-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы

1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын:

бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса;

құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркелу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға және қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу дәйексіз қаржылық есептiлiктi табыс ету, қаржылық есептiлiктi табыс етуден бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелді себепсіз табыс етпеу;

бұрмаланған қаржылық есептілік жасау, бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректерді жасыру, сол сияқты бухгалтерлік құжаттаманы жою;

Абзац 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтерінің қол қоюы түрінде жасалған бұзушылық -

шағын кәсіпкерлік субъектісі немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

шағын кәсіпкерлік субъектісі немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпестен жүргізуі -

заңды тұлғаларға есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соққан, бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) бұза отырып жүргізуі -

заңды тұлғаларға тиісінше есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 179-1-баппен толықтырылды



179-1-бап. Бухгалтерлік ақпараттың құпиясын жария ету

Коммерциялық құпия болып табылатын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар адамдардың ірі зиян келтірмей, жария етуі - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 179-2-баппен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 179-2-бап өзгертілді



179-2-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп

пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында

белгіленген аккредиттеу ережелерін бұзу

1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген аккредиттеу ережелерін бұзу, -

заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы бапта көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 179-3- баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 179-3-бап жаңа редакцияда



179-3-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi орындамауы

1. Инвестициялық портфельді басқарушының есептіліктегі көрсеткіштерді не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы -

лауазымды адамдарға - бір жүз, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамауы -

заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 180-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  180-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 180-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



180-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін валюталық операциялар бойынша есептемені, ақпаратты және құжаттарды беру тәртібін бұзу

1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша анық емес есептемені беру -

жеке, заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -

жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті уақтылы ұсынбау -

жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -

жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Ресімделген тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті ұсынбау -

жеке тұлғаларға - қырық, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзіміне және шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды уақтылы бермеу -

дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -

дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзіміне және шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды бермеу -

дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 181-бап өзгертілді



181-бап. 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  алып тасталды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 182-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  182-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



182-бап. Валюта операциялары туралы хабарлама куәлікті немесе валюта операцияларын жасауға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзу

1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар туралы хабарлама куәлікті немесе валюталық операциялар жасауға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзуы, —

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге — сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2009.20.02. № 138-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 183-бап өзгертілді



183-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының

бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының бұзылу

фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы

Аудитордың тексеру жүргізу кезінде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiден жасыруы, -

«аудитор» біліктілік куәлігінен айыра отырып, жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 184-бап жаңа редакцияда



Каталог: cont
cont -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
cont -> Замандастар көзімен
cont -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
cont -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
cont -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
cont -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
cont -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет