568-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар
1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 235-1 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерінде), 236, 237-2, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 569-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 569-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 569-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
569-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган
1. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 381, 381-2, 382, 383, 384 және 384-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазаларды қолдануға құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 08.04.04 ж. № 542-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 570-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 570-бап өзгертілді; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 570-бап өзгертілді
570-бап. Салық қызметi органдары
1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 88 (үшiншi, төртiншi және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, 2-1, үшінші бөліктерінде), 161-2, 163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде), 166, 205 - 206-1, 207, 208, 210 - 212, 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 215-218, 218-1, 219, 357-2 (бірiншi бөлiгiнде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Салық қызметі органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II Заңымен 570-1-баппен толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); ҚР 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 570-1- бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 570-1-бап өзгертілді
570-1-бап. Қаржы полициясы органдары
1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бірiншi бөлiгiнде), 141, 161-1, 164, 169-1, 176 (бірiншi бөлiгiнде), 205 (бірінші және 2-2-бөліктерінде), 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен
(бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 571-бап өзгертілді
571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң органдары осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгiнде), 178, 179-2, 184-2, 186, 204, 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) алып тасталды
2) осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгінде), 178, 179-2, 184-2, 186, 204, 357-2 (бірінші бөлігінде) -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы құқылы.
3) алып тасталды
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 571-1-баппен толықтырылды. ҚР 2005.21.10. № 80-III заңымен өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР 2007.21.07. № 304-ІІІ (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңымен 571-1-бап жаңа редакцияда; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 571-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
571-1-бап. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган
1. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекстің 167, 167-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 571-2-баппен толықтырылды
571-2-бап. Банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган
1. Банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық органдары, осы Кодекстің 155-1-бабында (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілітті органның басшысы және оның орынбасарлары, банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара) Заңдарымен 572-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 572-бап өзгертілді
572-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары осы Кодекстiң 166-1, 168, 168-2 (төртінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 168-6, 168-7, 169, 169-2, 172-2 (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 179 (үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 180, 182, 188 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 188-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында, сондай-ақ жиналуы олардың құзыретiне кiретiн алғашқы статистикалық деректер бөлігінде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 573-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 573-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 06.07.04 ж. № 572-II; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара) Заңдарымен 573-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 573-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 573-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 573-бап өзгертілді
573-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен бірінші бөлік өзгертілді (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 88 (бірінші, 1-1, 1-2, 2-1, алтыншы және жетінші бөлiктерінде), 158-1, 158-2, 167-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 168-2 (бірінші-үшінші, бесінші-сегізінші, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 168-4, 170, 170-1, 171, 172, 172-1, 172-2 (үшінші - алтыншы бөліктерінде), 173 (бірінші, үшінші - бесінші, жетінші - он бесінші бөліктерінде), 174, 175 (бiрiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 175-1, 175-2, 179-3, 191, 193, 194, 194-1, 195, 195-1, 196, 196-1, 197-1, 199, 201, 201-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қаруға және әкімшілік айыппұл салуға құқылы.
13.03.03 ж. № 394-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 08.04.04 ж. № 542-II ҚР Заңымен; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 574-бап өзгертілді
574-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдары осы Кодекстің 88 (екінші бөлігінде), 88-1 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкімшілік құкық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен 574-1-баппен толықтырылды
574-1-бап. ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 575-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 575 -бап өзгертілді
575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бірлестiктердiң басшылары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының минералдық немесе жанды ресурстарын шетелдіктерге немесе шетелдік заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз бергенi үшiн;
Қазақстан Республикасы шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бірлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі мiндеттердi атқаратын шекара корабльдердiң (катерлерiнiң) командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
2) 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ҚР Заңдарымен 576-бап өзгертілді
576-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
1. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары осы Кодекстiң 357-2 (бірінші бөлігінде), 385, 386 (бірiншi, екiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға:
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның басқарма бастығы мен оның орынбасары, Ұлттық қауiпсіздiк комитетiнiң департаментi бастығы мен оның орынбасары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсіздiк комитетiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, жеке тұлғаларға жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 576-1-бап өзгертілді
576-1-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар
1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар 163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде), 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 357-2-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-2-баппен толықтырылды; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 586-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара )
576-2-бап. 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-3-баппен толықтырылды
576-3-бап. 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 2007.21.07. № 299-III Заңымен 576-4-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 576-4-бап өзгертілді; 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен 576-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 576-4-бап өзгертілді
Достарыңызбен бөлісу: |