Қазақстан Республикасының Кодексі


-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама 1. Осы Кодекстiң 639-бабында



бет55/60
Дата17.06.2018
өлшемі7,17 Mb.
#43154
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60

635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама

1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөнi; өзiне қатысты ic қозғалған адам туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), туған күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн - атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң 2-бөлімінің осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), мекенжайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеп жазу кезiнде пайдаланылса, метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың көрсеткіштері; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса берiледi.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ іс бойынша iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам (адамның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.

5. Тиiстi түрде хабарланған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам болмаған немесе келмеген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.

6. Өзiне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиісті жазба жасайды.

7. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескертпелер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.

8. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстің 634-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.



Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде сәйкестендіру нөмiрi ол бар болса, көрсетіледі.

 

12.07.01 ж. № 240-II; 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара); 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.16.01. № 122-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.07.07. № 181-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.09.01. № 213-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 220-III (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 224-III (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр.ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 304-ІІІ (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 311- III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 64-IV (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 115-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.04.05. № 156-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 177-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 178-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 184-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2009.28.08 № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.09.11. № 197-ІV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.04.12 № 215-IV (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара); 2009.08.12 № 225-IV (бұр. ред. қара); 2010.06.01. № 238-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.21.01. № 242-ІV (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.29.04. № 272-IV (бұр.ред.қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара); 2010.06.10. № 343-ІV (бұр.ред.қара); 2010.15.11. № 352-ІV (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV (бұр.ред.қара); 2011.11.01. № 385-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 636-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 126-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 636-бап өзгертілді

636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:

1) мыналардың:

iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 83-1, 85-3, 86, 86-1, 87-3, 87-4, 87-5, 96, 111, 111-1, 112 - 117, 135-1, 136, 136-1, 136-2, 141-1, 143, 143-1, 147-1 (екінші бөлігі), 159 162, 163, 163-2, 163-3 (үшінші және төртінші бөліктері), 163-4, 203, 234-1, 283 (бірінші және үшінші бөліктері), 298 (екiншi және 2-1-бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 306-2, 314, 317-1 (азаматтық және қызметтік қаруларға және олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 318-321, 324-1, 324-2, 328-2 (екінші бөлігі), 330, 330-1 (екінші бөлігі), 331, 334 (үшінші бөлігі), 335, 336 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері), 336-1 (үшiншi бөлiгi), 336-2 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екiншi бөлiгi), 336-4 (екiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1 (бірінші, екінші, оныншы және он бірінші бөліктері), 339, 340, 341 (екiншi бөлiгi), 341-1, 344, 354-1, 355-357, 357-1, 357-7 (екінші бөлігі), 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бірiншi-төртiншi бөлiктерi), 374-1, 380 (екінші бөлігі), 380-2, 388, 390 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 394-1, 396 (төртінші бөлігі), 461 (3-1-бөлігі), 463 (екінші, үшінші бөліктері), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-2 және екінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 474-1, 475, 477 (үшінші бөлігі), 484 (бірінші және екінші бөліктер), 501, 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 531-баптар);

өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның (225-1 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 226 (үшінші-бесінші бөліктер), 228,) (229, 314, 317-1 (өрт және жарылыс қауіпсіздігі бөлігінде машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);

жекелеген жерлер комендатураларының (362, 363-баптар);

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының: әскери автомобиль полициясының (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылық туралы, (388, 461 (3-1-бөлігі), 462 (екінші, үшінші бөліктері), 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бірiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушi (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлерден басқа) адамдар жасаған барлық жол қозғалысы ережелерiн бұзушылық туралы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери жол полициясының (арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын жүргізуші адамдар жасаған, осы Кодекстің 461 (3-1-бөлігі), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468-2, 469, 477 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы);

әискер полиция органдарының (389-1, 512-1 - 512-5-баптар);

су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның (124 (бірінші бөлігі), 278 (бірінші бөлігі), 356-баптар);

ветеринария саласындағы уәкілетті органның 317-1-бап (ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);

орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың 147-1 (екінші бөлігі), (283 (бірiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi, 2-1 және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-2, 356, 357-1-баптар);

қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (122, 240-2, 246 (екiншi бөлiгi), 283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-1 (үшiншi бөлiгi), 306-3 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 317-1 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 356-баптар);

жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды бұзу болмаған кезде), 317-1, 356-баптар);

денсаулық сақтау органдарының (87-2, 317-1 (ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 322 (үшінші және төртінші бөліктері), 324, 326-328 -баптар);

мәдениет және ақпарат саласындағы уәкілетті органның (81 (бірінші бөлігі), 82, 130-баптар);

туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның (158-3, 356, 357-3-баптар);

ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның (168-3, 338 (бірінші бөлігі), 338-1-баптар);

өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөніндегі органдардың (308, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);

тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың, (356 (үшінші бөлігі)-бап);

биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның (147-10-бап (екінші, алтыншы, жетінші, он үшінші (биоотын өндірісі бөлігінде) бөліктері);

биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның (147-10-бап (төртінші, бесінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші (биоотын айналымы бөлігінде), он төртінші бөліктері);

асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (310-1 (1-1 және екінші бөліктері), 357-1-баптар);

ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);

мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (231 (екінші бөлігі), 232, 233, 235 (екінші бөлігі), 235-1 (төртінші бөлігі), 237, 278 (бірінші бөлігі), 356, 357-1-баптар);

мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының (231 (екінші бөлігі), 233, 312-1, 356-баптар);

санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 140 (екiншi бөлiгi), 161 (төртінші және бесінші бөліктері), 163, 222 (бірiншi бөлiгi), 231 (екінші бөлігі), 233, 278 (бірiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 317-1 (тамақ өнімдеріне, ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 323 (екінші бөлігі), 324, 326-328, 356, 362, 494 (екінші бөлігі) - баптар;

ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның (317-1 (байланыс құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 492 (екінші бөлігі), 494 (екінші бөлігі), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктері), 496 (екінші бөлігі) - баптар);

азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (356, 443 (бесінші бөлігі) және 484 (үшінші бөлігінде, әуе көлігінде бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптар);

көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 442, 445-баптар);

көлiк бақылау органдарының 317-1 (көлік саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша), 356, 357-2 (екінші бөлігі), 453 (екінші бөлігі), 454 (бірінші-үшінші бөліктері), 471 (1-1-бөлігі), 484 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 357-1, баптар);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (158 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 176 (үшінші бөлігі) 177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 183, 184, 184-1 (үшінші және бесінші бөліктерді қоспағанда), 185-баптар);

ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органның (356-бап);

қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 168-1, 168-3, 184, 184-1 (үшінші және жетінші бөліктері), 190, 192, 200, 202, 356-баптар);

акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері), 213 (төртінші - алтыншы бөліктері), 214, 357-1, 357-2-баптар);

қаржы полициясы органдарының (140 (екінші бөлігі), 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 151, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 158-4, 159 (үшінші және төртінші бөліктері), 162, 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 176 (бірінші бөлігі), 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 200, 203, 211, 213 (бесінші және алтыншы бөліктері), 214, 217, 275-1, 306-2, 355, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 514 - 519, 521, 522, 529, 533 - 535, 537-1-баптар);

салық қызметi органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері), 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртінші - алтыншы бөліктері), 214, 357-1, 357-2, 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 533 - 535-баптар);

кеден органдарының (140 (екінші бөлігі), 400-1, 400-2, 405 (бірінші бөлігі), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433-баптар), сондай-ақ осы Кодекстің 323 (екінші бөлігі), 357-1, 461 (3-1-бөлігі) - баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);

әдiлет органдарының (129, 145, 168-3, 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 354-2, 354-3 356, 357-4, 357-5, 357-6, 376 баптар);

заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың, 140 (екінші бөлігі) 192, 231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 302 (үшiншi бөлiгi), 342 (екiншi бөлiгi), 342-1 (бесінші бөліктің төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары), 343 (бірiншi бөлiгi), 356, 356-1, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 477 (үшiншi бөлiгi), - баптар);

табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (147-6 (2-1-бөлігі), 356-баптар);

кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (153, 356, 357-3-баптар);

техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (161 (төртінші бөлігі), 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктері), 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 356, 357-1, 496 (екінші бөлігі), 501-баптар);

мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-13, 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 - 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);

индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның (317-1-бап (машиналар мен жабдықтар, химия өнімі, ойыншықтар қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар бойынша);

сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (158-бап (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржалары қызметкерлері жасаса), 168-3-бап);

заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (157-1, 158 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу бөлігінде), 356, 357-1, 357-4, 376-баптар);

мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның (147-11 (жетінші және тоғызыншы бөліктері), 147-12 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын асырып жіберу бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі)-баптар);

атом энергетикасы жөніндегі органдардың (222, 315, 316-баптар, 317-1 (машиналар мен жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екінші бөлігі), 391 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 393, 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);

шекара қызметi органдарының (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екінші бөлігі), 391 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 393, 394-баптар;

мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының (344-бап (үшiншi бөлiгi) (мемлекеттік құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 386-бап (үшiншi бөлiгі);

Республикалық ұланның (388-бап), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (355, 362-1, 388-баптар);

күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің (135-1, 336 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері), 160, 220, 312, 323 (екінші бөлігі), 330, 331, 332, 333, 336, 355, 356-2, 362-1, 368, 369 (екінші бөлігі), 370, 371 (екінші бөлігі), 373, 388, 463 (1-1-бөлігі) 465, 472, 473, 529-баптар);

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (168-5, 168-8, 176 (үшінші бөлігі), 177-3, 177-4, 177-5, 184-1 (бесінші бөлігі), 309-5 (бірінші бөлігі), 356-баптар);

мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (87 (бесінші және алтыншы бөліктері), 87-2, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);

білім беру саласындағы уәкілетті органның (87-2, 311-1 (жетінші бөлігі) 356, 357-1-баптар);

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының 81 (екінші және үшінші бөліктері), 127 (екінші бөлігі), 163-6, 237-1, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 309-2 (төртінші бөлігі), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 309-5 (екінші бөлігі), 342, 342-1 (бірінші, үшінші бөлік, бесінші бөліктің екінші, үшінші абзацтары), 343, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 346 - 352, 374-1, 375-баптар);

атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (175-бап (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жеке сот орындаушылары жасаған кезде);

банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдардың (155-1 (төртінші бөлігі), 356-баптар);

медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 85-1 (екінші бөлігі), 85-2 (екінші бөлігі), 322 (бесінші бөлігі)- баптар);

монополияға қарсы органның (147, 147-1 (екінші бөлігі)-баптар;

діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (375-бап (екінші, алтыншы және тоғызыншы бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);

түзеу мекемелерiнің немесе тергеу изоляторларының (367-бап) уәкiлеттi лауазымды адамдарының құқығы бар;

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілiктi атқарушы органдарының (163-6, 226 (бірінші және екінші бөліктері) 349-баптар);

ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның (230-1, 230-2-баптар) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.

2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген мемлекеттік сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513-531-баптар);

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi қызметкерлерi (158, 168-3, 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 183, 187, 188 (екiншi бөлiгi), 356, 357-1, 357-5-баптар);

4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері уәкілдік берген лауазымды адамдар (514-2-бап).

2. Осы Кодекстiң 543 - 576-10-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:

көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының (175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451 (екінші бөлігі), 452, 453 (екінші және үшінші бөліктері), 454, 455 (үшінші бөлігі), 457, 477 (төртінші бөлігі), 478, 479, 480 (үшінші және төртінші бөліктері), 481 (автомобиль көлігінде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында);

орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бірiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бірiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бірiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);

жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бірiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.

 

09.08.02 ж. № 346-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 09.07.04 ж. № 583-II 637-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.21.07. № 308- III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 637-бап өзгертілді; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 126-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 637-бап өзгертілді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет