ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 292-бабының алтыншы бөлiгi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, шағымдануға жатпайды.
Республика Конституциясының 44-бабының
13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының
4) тармақшасын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
1999 жылғы 30 маусымдағы N 10/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А.К. Котов,
Қ.Ә. Омарханов және В.Д .Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiлерiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттары С.Г. Темiрболатов пен
Н.С. Каптильдiң қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталары Төрағаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын,
53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсiндiру туралы бiрлескен өтiнiшiн қарады.
Қолда бар материалдарды зерделей келе және баяндамашы Қ.Ә. Омархановтың хабарын және өтiнiш субъектiлерiнiң сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1999 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне келiп түскен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi Төрағаларының өтiнiшiнен Конституцияда және Республиканың қолданылып жүрген заңдарында Мемлекет басшысын Қазақстанның мемлекеттiк наградаларымен наградтау туралы шешiм қабылдау субъектiсiнiң анықталмағаны келiп шығады.
Баяндалғанды ескерiп, Парламент Палаталарының Төрағалары Мемлекет басшысын наградтау туралы шешiм қабылдау субъектiсi кiм болып табылатыны және Республика Парламентi мұндай шешiм қабылдай ала ма деген бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының
13) тармақшасына, 53-бабына және 54-бабының 4) тармақшасына ресми түсiндiру берудi сұрайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының
13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсiндiруде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
Республика Конституциясының 44-бабының
13) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк наградалармен наградтау құқығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң айрықша құзыретiне жатады. Республика Парламентiне келер болсақ, ол мемлекеттiк наградаларды тек қана тағайындайды (Республика Конституциясының 54-бабының 4) тармақшасы).
Республика Парламентi мәртебесiнiң ерекшелiгi оның құзыретiн Республика Конституциясының толық анықтауында. Конституцияның 3-бабының 3-тармағында және 53-бабының
13) тармақшасында баянды етiлген бұл қағида императивтi сипатқа ие, ол жайлы Конституциялық Кеңес Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы М. Оспановтың өтiнiшi бойынша Республика Конституциясының 53-57-баптарына ресми түсiндiру бере отырып өзiнiң 1997 жылғы 15 қазандағы N 17/2 қаулысында атап
көрсеткен болатын.
Конституциямен Республика Парламентiне мемлекеттiк наградалармен наградтау уәкiлеттiгi берiлмегендiктен, ол Мемлекет басшысын наградтау туралы шешiм қабылдау субъектiсi болуға құқылы емес.
Қазақстан азаматтары заңда белгiленген шарттарды сақтай отырып наградтауға ұсынылуы мүмкiн. Атап өту ләзiм, ұсынылған кандидатуралар үшiн Республика Конституциясында да, заңдарында да нендей бiр ниеттердегi (қызметтiк, әлеуметтiк жағдайына байланысты және т.б.) шектеулер жоқ. Республика Президентiн наградтауға да тыйым жоқ.
Шешу үшiн қойылған мәселелердi және Республика Конституциясының нормаларын талдауды ескерiп, Конституциялық Кеңес Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттiк наградасымен наградталуы мүмкiн деп пайымдайды.
Сонымен бiрге, Конституциялық Кеңес Республика Президентiне қатысты мемлекеттiк наградалармен наградтаудың өзгеше тәртiбiн белгiлеу дұрыс болар едi деп пайымдайды. Парламент Мемлекет басшысын наградтау туралы шешiм қабылдау субъектiсi бола алар едi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының талаптарын сақтағанда мұндай тәртiптi белгiлеу мүмкiн.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Президентiн Қазақстанның мемлекеттiк наградаларымен наградтау туралы шешiм қабылдау субъектiсiн және Республика Парламентiнiң мұндай шешiм қабылдай алу мүмкiндiгiн анықтау бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсiндiру тәртiбiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Республика Конституциясының 44-бабының
13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын өтiнiш мәселелерiне қатысты мынадай түрде түсiну керек:
- Республика Парламентi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау туралы шешiм қабылдауға құқылы емес;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау құқығы тек қана Қазақстан Республикасының Президентiне тиесiлi.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күнiнен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының
3-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
1999 жылғы 30 маусымдағы N 14/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Н.С. Каптильдiң қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
Конституциялық Кеңестiң мүшесi В.Д. Шопиннiң хабарын, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi депутат Н.С. Каптильдiң сөзiн тыңдап және қолда бар материалдармен таныса келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Өтiнiште сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң сессиясын ұзартудың мүмкiндiгi туралы да
мәселе қойылуда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының
3-тармағын ресми түсiндiруде Конституциялық Кеңес
мынаны ескердi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының
3-тармағы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, қыркүйектiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап маусымның соңғы жұмыс күнiне дейiн, кезектегi сессияларын бiр жылда бiр рет өткiзудi белгiлейдi. Бұл осы норманың Парламенттiң сессиялық жұмысының жалпы мерзiмiн көзде тұтуын бiлдiредi, бұл ретте Республика Конституциясында көрсетiлген мерзiмдi өзгертуге тыйым салатын нормалар жоқ.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының
2-тармағына сай, Қазақстан Республикасының Президентi заң жобасын жедел қаралады деп жариялауға құқылы, бұл осы жобаны ол енгiзiлген күннен бастап Парламент бiр айдың iшiнде қарап шығуы керек екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамағанда Республика Президентi заң күшi бар жарлық шығаруға құқылы.
Республика Президентi Парламент сессиясы кезеңiнде енгiзiлген заң жобаларын жедел қаралады деп жариялағандықтан, Парламент сессиялық жұмыс кезеңiн қажеттi мерзiмге дейiн жалғастыру туралы шешiм қабылдап, оларды бiр айдың iшiнде қарауға тиiс.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру тәртiбiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын, өтiнiш мәселесiне қатысты, осы норма Қазақстан Республикасы Парламентiнiң сессиялық жұмысы кезеңiн белгiлейдi деп түсiну керек, ол кезең Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысымен ұзартылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң жобаларын жедел қаралады деп жариялауы Парламенттi олар енгiзiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауға мiндеттейдi.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап 175
күшiне енедi, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескерiп, шағымдануға жатпайды.
"Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1999 жылғы 2 шiлдедегі N 12/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А.К. Котов,
Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi С.М. Жалыбиннiң, Бас прокуратура департаментiнiң аға прокуроры Ү.Ш. Сейiтқазиннiң, Қазақстан адвокаттар одағы президиумының мүшесi, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Ғ.Ыбраеваның және "Интерколледж" Қазақ аумақаралық адвокаттар алқасының мүшесi Н.Е. Жанәбiловтың қатысуымен ашық отырысында Алматы қалалық сотының "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы ұсынымын қарады.
Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi
А.К. Котовты, отырыс қатысушыларын тыңдап, тәуелсiз сарапшы – заң ғылымдарының кандидаты М.К. Өмiрқұловтың қорытындысымен танысып шығып және қолда бар материалдарды зерделей келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1999 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Алматы қалалық сотының, жоғарыда көрсетiлген соттың шаруашылық iстер жөнiндегi алқасының өндiрiсiнде Алматы қаласы прокурорының Алматы қаласының "Интерколледж" Қазақ аумақаралық адвокаттар алқасының құрылтайшылық құжаттарын жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласының әдiлет басқармасына, Алматы қаласының әкiмiне, Алматы қаласының "Интерколледж" Қазақ аумақаралық адвокаттар алқасына талабы бойынша N 147 пд/8 iс қаралуда деп көрсетiлген ұсынымы келiп түстi.
Алматы қалалық соты, "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында бiр адвокаттар алқасы құрылуы және әрекет етуi мүмкiн" деп белгiлейтiн 20-бабы
3-тармағының нормасы, қызметi "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын баянды ететiн Конституцияның 23-бабы 1-тармағының нормасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы
1-тармағының нормасына қайшы келуiн көрiп, iс бойынша өндiрiстi тоқтата тұрған.
Мәселенi мән-жайлы қарауда Конституциялық Кеңес
мынаны ескердi.
Қоғамдық бiрлестiктердегi еркiн мүшелiктен айырмашылығы, адвокаттар алқасы адвокаттық қызметпен шұғылдануға құқы бар тұлғалардың қатарынан, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әркiмге, соның iшiнде заңда белгiленген жағдайларда тегiн, бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн("Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 6-бабы) және қылмыстық iстердi қарауда мiндеттi түрде қатысу тәртiбiнде (Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 71 бабы) құрылады.
"Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 27-бабына сай, адвокаттық алқаларға мүшелiк мiндеттi болып табылады және бiрқатар арнайы талаптармен шартталады, ал адвокаттардың қызметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" конституциялық заң күшi бар 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Жарлығының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес
лицензиялауға жатады.
Мемлекет облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында әрекет ететiн бiрыңғай адвокаттар алқасына жеке және заңды тұлғаларға бiлiктi заң көмегiн көрсету, еңбек ақысын төлеу заңмен мемлекет есебiне жатқызылған бұл адвокаттар алқалары мүшелерiнiң сот төрелiгiн жүзеге асыруға қатысуын қоса отырып, конституциялық-құқылық мiндетiн жүктейдi (ҚIЖК-нiң 71-б. және АIЖК-нiң 90-1-б.)
Аймақтық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерге мүше болу лицензиялаумен шартталмаған; Конституцияның 5-бабымен және "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Заңның 4-бабымен қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге
жол берiлмейдi.
Адвокаттар алқасына жеке тұлғалар да (адвокаттар), заңды тұлғалар да (заң консультациялары, қалалар мен елдi мекендердегi, соның iшiнде бiр адвокат құрған, адвокаттық кеңселер ["Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 32, 33 баптары]) кiруi мүмкiн. Сол арқылы "Адвокаттық қызмет туралы" Заңмен заң көмегiн көрсету үлгiсiнiң көп түрлiлiгi мен жеңiлдiгi және жеке және заңды тұлғалардың оларды таңдап алу бостандығы қамтамасыз етiлген. Қоғамдық бiрлестiктерге, олар туралы заңға сай, өз мүшелерiнiң мүддесiн көздеп кәсiби дайындығына және қоғамдық қызметiнiң түрiне қатыссыз тек қана жеке тұлғалар кiредi.
Демек, адвокаттар алқасы өзгеше, коммерциялық емес заңды тұлғалардың дербес ұйымдық-құқылық формасы болып табылады (ҚР АК-нiң 34-бабы (жалпы бөлiм) және Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабы 1-тармағының әрекетiне ұшырамайды, ал оның "Адвокаттық қызмет туралы" Заңда белгiленген құрылуы мен қызметiнiң принциптерi, осы Заңның
20-бабының 3-тармағымен белгiленгенiн қосқанда, конституциялық емес, Қазақстан Республикасы азаматтарының, қызметi Конституцияның 23-бабына сай жеке Заңмен реттелетiн бiрлестiктерге бiрiгуге жалпы құқын шектейдi деп саналуы
мүмкiн емес.
Бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында, өзiнiң аталуына сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң атауын енгiзген бiр адвокаттар алқасының құрылуы туралы норма Конституцияның 39-бабының 1-тармағына қайшы келмейдi, себебi "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 20-бабының 3-тармағы адамның және азаматтың конституциялық және нендей бiр өзге құқықтарын шектеуге бағытталмаған. Бұл норма Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-тармағына сәйкес оларға бiлiктi және мiндеттi заң қорғауына кепiл болуға қаратылған. Бұл да Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы 1-тармағының мақсаттарының бiрi болып табылады.
Республика азаматтары ретiнде адвокаттардың бiрлесуге құқы өз мүшелерiнiң заңды мүдделерiн қорғау ортақ мақсатында ерiктi түрде құрылатын қоғамдық бiрлестiк (ассоциация) - Қазақстан адвокаттар одағы түрiнде, сондай-ақ, iс-әрекетi адвокаттық қызмет көрсетумен байланысты болмаған кез-келген басқа қоғамдық бiрлестiктерге кiру жолымен жүзеге асырылады.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 20-бабы
3-тармағының нормасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күнiнен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескерiп түпкiлiктi болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының
2-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1999 жылғы 30 шiлдедегі N 13/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, А. Есенжанов, А.К. Котов,
В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтiнiм субъектiлерiнiң өкiлдерi – Сенат депутаты С.Г. Темiрболатов және Мәжiлiс депутаты
Н.С. Каптильдiң қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсi Төрағаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының
2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiмiн қарады.
Қолда бар материалдарды зерделей келе және баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi В.Д. Шопиннiң хабарын, өтiнiм субъектiлерi өкiлдерiнiң сөздерiн тыңдап, Конституциялық
Кеңес мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
1999 жылғы 22 маусымда Парламент Сенаты Төрағасы Ө. Байгелди мен Парламент Мәжiлiсi Төрағасы М. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiмi келiп түстi. Өтiнiмде сондай-ақ көрсетiлген норманы түсiндiруде мынадай: 1) бiрiншi шақырылған Парламент Мәжiлiсi депутаттарының төрт жылдық өкiлеттiк мерзiмiнiң басталуы мен аяқталуы туралы; 2) екiншi шақырылған Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмде, яғни сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей, шақыруға құқылы ма деген сұрақтарға жауаптар беру туралы өтiнiш орын алған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабы
2-тармағы нормасының мазмұнын талдауда Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
Республика Конституциясының 49-бабының 2-тармағымен: "Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезде аяқталуы" белгiленген. Осылайша, Конституцияның 49-бабының 2-тармағы заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы ретiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң сол мерзiм iшiнде Конституциямен өзiне жүктелген өкiлеттiктердi орындайтын мерзiмнiң бастапқы және соңғы сәттерiн белгiлейдi.
Осы конституциялық нормаға сәйкес бiрiншi шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлеттiктерi оның бiрiншi сессиясы ашылған күннен – 1996 жылғы 30 қаңтардан басталған, ал жаңадан (екiншi) шақырылған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталуға тиiс. 1995 жылғы редакциядағы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 17 наурыздағы қаулысына сай бiрiншi шақырылған Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмi төрт
жылдан тұрады.
Парламенттiң алқалы мемлекеттiк орган ретiндегi өкiлеттiгi өзiнiң ұзақтығы жағынан өз депутаттарының өкiлеттiктерiмен түгелдей сәйкес келмейдi, себебi Парламент Мәжiлiсi мен Сенаты депутаттарының өкiлеттiктерi "Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 2-тармағына сай Орталық сайлау комиссиясы оларды Парламент депутаттары ретiнде тiркеген сәттен басталады. Мәселен, 1995 жылғы
9 желтоқсанда сайланған Мәжiлiстiң 29 депутаты 1995 жылғы
16 желтоқсанда тiркелген, қайта дауыс беруде сайланған 33 депутат 1995 жылғы 29 желтоқсанда тiркелген. Келтiрiлген деректер депутаттар өкiлеттiктерiнiң бiр уақытта басталмайтындығына
куә болады.
Бiрiншi шақырылған Парламент Мәжiлiсi депутаттарының және Сенат депутаттарының бiр бөлiгiнiң өкiлеттiктерi Республиканың өкiлдi органы ретiнде Парламент өкiлеттiгiмен бiр уақытта – жаңадан шақырылған Парламенттiң бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының
2-тармағына сәйкес Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей, Парламент сессияларын өткiзу үшiн "Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңның
7-бабында белгiленген кворум болғанда шақырады.
Конституцияның 59-бабы 2-тармағының, "Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңның 6-бабының 2-тармағында да қайталанған нормасы императивтi болып табылады, Республика Президентi Парламенттiң бiрiншi сессиясын көрсетiлген мерзiмде шақыруға мiндеттi дегендi бiлдiредi.
Республика Конституциясының 51-бабының 1-тармағы Мәжiлiс депутаттарының кезектегi сайлауы Парламенттiң жұмыс iстеп тұрған сайланымының өкiлеттiк мерзiмi аяқталуға кемiнде екi ай қалғанда өткiзiлуiн белгiлейдi. Парламент депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарлауды "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сай Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Парламенттiң бiрiншi сессиясы, Конституцияда белгiленгендей, сайлаудың қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрiлмей шақырылуға тиiс. Конституцияның және жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының келтiрiлген нормаларында көрсетiлген мерзiмде орындалуға тиiс нұсқамалар бар.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру тәртiбiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 2-тармағын Қазақстан Республикасының Парламентi заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi орган ретiнде оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен жүктелген сол мерзiм iшiнде өкiлеттiктердi орындайтын уақытқа, мерзiмге шек белгiлеу деп түсiну керек. Көрсетiлген мерзiм Парламенттiң бiрiншi сессиясының ашылу сәтiнен басталады және жаңадан шақырылған Парламенттiң бiрiншi сессиясының жұмысы басталуымен аяқталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының
2-тармағын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiрiншi сессиясын Республика Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақыруға тиiс деп нұсқайтын норма деп түсiну керек.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды. Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
"Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi
төнген түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Республика Конституциясына сәйкестiгi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1999 жылғы 29 шiлдедегі N 16/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов,
А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда және мына өкiлдердiң:
Мемлекет басшысынан – Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Т.С. Донаковтың Қазақстан Республикасының Парламентiнен – Сенаттың аймақтық даму және өзiн-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi комитетiнiң мүшесi А.В. Белоглазовтың, Мәжiлiс Аппаратының бас сарапшысы К.Ф. Елкиннiң
Республика Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнен – аңшылық ресурстары бөлiмiнiң бастығы К.О. Елубаевтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының конституциялылығын тексеру туралы өтiнiшiн қарады.
Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы
Қ.Ә. Омархановтың хабарын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысуға шақырылғандардың сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
Достарыңызбен бөлісу: |