Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет13/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45

АНЫҚТАДЫ:
1. "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы" Заңның жобасын Республика Парламентi депутаттарының бiр тобы 1998 жылғы 29 қыркүйекте Мәжiлiске енгiзген болатын. Республика Парламентi 1999 жылғы 24 маусымда бұл Заңды қабылдаған және 1999 жылғы 1 шiлдеде Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынған.

Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республика Президентi үстiмiздегi жылдың 19 шiлдесiнде жоғарыда аталған Заңды Республика Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтiнiш жолдады.

2. Конституциялық Кеңес "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы" Заңның Республика Конституциясына сәйкестiгiн тексере отырып, оның нормаларын сараптау бiрнеше аспектiлердi анықтағанына назар аударды.

Бiрiншi - қамаудағы немесе жартылай қамау жағдайындағы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiне меншiк иелерiн анықтаудағы Республика Конституциясының


6-бабының 3-тармағына Заңның 3-бабы екiншi тармағының сәйкестiгi.

Екiншi – жануарлардың бұл түрлерiне меншiк құқығы пайда болуының конституциялылығы.

3. Республика Конституциясы 6-баптың 3-тармағында "жануарлар дүниесi" ұғымын пайдалана отырып, оның мағынасын ашпайды. Бұл ұғымды түсiндiру қолданылып жүрген заңдарда берiледi.

"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес жануарлар дүниесiне құрғақта, суда, атмосферада және жер қыртысында табиғи еркiн жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтiн барлық жабайы жануарлар (сүт қоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекендiлер, балықтар, сондай-ақ ұлу тектiлер (моллюскалар), шыбын-шiркейлер (насекомдар) және басқалар) жатады.

Дәл осындай құқықтық мағынаны Конституцияның 6-бабы
3-тармағының контекстiндегi "жануарлар дүниесi" ұғымына салу қажет. Бұдан ауқымдырақ түсiндiру өрескелдеу болып көрiнедi және адамның, азаматтың, сондай-ақ, мемлекеттен басқа, өзге субъектiнiң өз меншiгiнде жануарларға, мәселен, қолға үйретiлген, ие бола алмауына әкелiп соқтырады.

Баяндалғанның негiзiнде, Республика Конституциясының


6-бабы 3-тармағының сәйкес нормасы қамауда немесе жартылай қамау жағдайында ұсталатын, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiне жатқызылған жануарларға меншiктi құқықтық мағынамен қамтымайды, және, демек, оның мемлекеттiк те, жеке түрiнiң де болуын көзде тұтады деп түйiледi.

Сонымен бiрге, "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы" Заңның 3-бабының екiншi тармағы сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiне жатқызылған, қамауда немесе жартылай қамау жағдайында ұсталатын жануарлардың заңды және жеке тұлғалардың меншiгi болып табылуын белгiлейдi. Бiрақ, бұл жануарларды, сондай-ақ, меншiктiк құқықтары жоқ, жедел басқару құқының немесе шаруашылықты меңгеру құқының субъектiлерi ғана болып танылатын мемлекеттiк заңды тұлғалардың да ұстауы мүмкiн екендiгiн атап өту қажет (Республика Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 192, 196 және 202-баптары). Жоғарыда аталған Заңның


3-бабының екiншi тармағына сай мемлекет бұл жағдайда сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, қамауда немесе жартылай қамау жағдайында ұсталатын жануарлар түрлерiне меншiк иесi бола алмайды.

Мұнда Конституциялық Кеңес мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiктiң бiрдей дәрежеде танылуын және бiрдей қорғалуын белгiлейтiн Республика Конституциясының 6-бабы 1-тармағының талаптарын бұзуды көрiп отыр.

4. Республика Конституциясының 6-бабының 2-тармағы мен Азаматтық кодекстiң (жалпы бөлiм) 188-бабының 1 және
2-тармақтарынан меншiк құқы тек заңды негiздерде ғана туындауының мүмкiн екендiгi келiп шығады.

Алайда сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, қамау немесе жартылай қамау жағдайындағы жануарларға меншiк құқын қарастырып отырған Заң оларды белгiленген тәртiппен ұстау фактiсiмен ғана байланыстырады (3-баптың екiншi тармағы). Бұл тұста аталған нормада заңдылық принципi еленбей отыр, себебi бұл жануарларды ұстау фактiсiнiң өзi мүлiкке заңды түрде иелiк етуге заң жүзiнде қамтамасыз етiлген негiз болып табыла алмайды.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Республика Конституциясының 6-бабы 1 және 2-тармақтарының талаптарына қайшы келедi деп санайды.

Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы мен 32, 33 және 37-баптарын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Парламентi 1999 жылғы
24 маусымда қабылдаған және 1999 жылғы 1 шiлдеде Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына келiп түскен "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күнiнен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.



"Еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде жазатайым оқиғаның немесе кәсiби аурудың нәтижесiнде зардап шеккен қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1999 жылғы 3 тамыздағы N 17/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов,
А. Есенжанов, А.К. Котов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 25-бабы негiзiнде, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң бас сарапшысы
К.К. Әлжановтың және Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсi мен Сенатының депутаттары А.М. Әмiржанова мен
А.В. Белоглазовтың қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде жазатайым оқиғаның немесе кәсiби аурудың нәтижесiнде зардап шеккен қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi


А.К. Котовты, отырыс қатысушыларының сөздерiн тыңдап және қолда бар материалдарды зерделеп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1999 жылғы 26 шiлдеде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасының Парламентi 1999 жылғы 8 шiлдеде қабылдаған "Еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде жазатайым оқиғаның немесе кәсiби аурудың нәтижесiнде зардап шеккен қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнiшi келiп түстi.

Конституциялық Кеңес аталған Заңды сараптау үстiнде оның жекелеген ережелерiнiң мағынасында Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының талаптарынан мынадай алшақтаулар бар екенiн тапты.

Мәселен, "Еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде жазатайым оқиғаның немесе кәсiби аурудың нәтижесiнде зардап шеккен қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының
6) тармақшасында Қазақстан Республикасының Үкiметi "сақтандыру өтемдерiн төлеуден бас тарту негiздемелерiн белгiлейдi" делiнген.

Конституцияның 61-бабының 3-тармағына сай Парламент жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектiлiгiне, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiне қатысты нормаларды заңдар түрiнде шығаруға тиiс.

Сақтандыру өтемдерiн төлеуден бас тарту негiздемелерiн белгiлеудiң мағынасы сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектерiн нормативтi белгiлеу және еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде зардап шеккен қызметкердiң өтеу төлемдерiн талап етiп алуға құқықтық мүмкiншiлiктерiнiң шегiн баянды ету болып табылады. Басқаша айтқанда, мiндеттi сақтандырудың бұл түрiндегi қоғамдық қатынастарды реттеудiң негiзгi принциптерi мен нормалары белгiленедi. Бұл құқықты Үкiметке бере отырып, қарастырылып отырған Заңның 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы жеке тұлғалардың құқық қабiлеттiлiгiн заңға тәуелдi актiлермен шектейтiн уәкiлеттiктi атқарушы өкiмет органына заңсыз берiп отыр.

Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың әрекет қабiлеттiлiгiн азаматтық-құқықтық қатынастардың баршасында, және сақтандыру қатынастарында әсiресе, заңдық актiлермен көзделген реттер мен тәртiп бойынша болмаса, шектеуге немесе айыруға жол берiлмеуi сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң жалпы бөлiмiнiң 18-бабында және ерекше бөлiмiнiң 839-бабында белгiленген.

"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" 1999 жылғы
6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының
9-бабы 9) тармақшасында Республика Үкiметiнiң сақтандыру өтемдерiн төлеуден бас тарту негiздемелерiн белгiлеу мәселелерiн шешу бойынша емес, әлеуметтiк сақтандырудың жүйесi мен шарттарын белгiлеудегi құзыретi баянды етiледi.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Үкiметiне еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде жазатайым оқиғаның немесе кәсiби аурудың салдарынан зардап шеккен қызметкерлерге сақтандыру өтемдерiн төлеуден бас тарту негiздемелерiн белгiлеу құқығын беретiн "Еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде жазатайым оқиғаның немесе кәсiби аурудың салдарынан зардап шеккен қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының


6) тармақшасы конституциялық емес болып табылады, себебi Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағы
1) тармақшасының ережелерiне қайшы келедi және "Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабы 9) тармақшасының нормасын беталды кеңейтедi.

Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. "Еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде жазатайым оқиғаның немесе кәсiби аурудың салдарынан зардап шеккен қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бап 1-тармақ 6) тармақшаның ережесi бөлiгiнде конституциялық емес деп танылсын.

2. Соған байланысты, "Еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде жазатайым оқиғаның немесе кәсiби аурудың салдарынан зардап шеккен қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бiр мезгiлде, яғни


2000 жылғы 1 қаңтардан бастап, әрекетке енгiзiлуi көзде тұтылған оған iлеспе "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қол қойылуға жатпайды.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы


3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күнiнен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттердi ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының

61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 18/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов,
А.Е. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда Қазақстан Республикасы Конституциясының
72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негiзiнде өзiнiң ашық отырысында Республика Үкiметiнiң өкiлi – Әдiлет министрi
Б.Ә. Мұхамеджановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Баяндамашыларды - Конституциялық Кеңестiң мүшелерi


В.Д. Шопиндi, А.К. Котовты және өтiнiш субъектiсiнiң өкiлiн тыңдап, қолда бар материалдарды зерделеп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
1999 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының
61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Өтiнiште мынадай мәселелер қойылған едi:

1. Парламенттiң Үкiмет енгiзген заң жобасын қабылдамауы дегенде ненi түсiну керек? Егер, заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдау немесе оны қабылдамай тастау туралы депутаттардың ұсыныстары дауыс беруде қажеттi дауыс санын ала алмаса, онда ол қабылданбады деп есептеле ме?

2. Егер Конституцияның 61-бабының 7-тармағында дауысқа салу аталған мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей жүргiзiлуi көзделген болса, Үкiметке сенiм бiлдiру туралы Премьер-Министр қойған мәселенi Парламенттiң қарап шығуы мерзiмiнiң шегi қандай?

3. Конституцияның 53-бабының 7) тармақшасындағы "әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрiледi" деген сөздерде не түсiнiк бар және егер "Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы


16 мамырдағы N 11/2 қаулысына сәйкес олардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстерге қатыссыз жарамды деп танылса, Сенат депутаттарының жалпы саны қалай есептеледi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының


7-тармағын түсiндiруде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталардың бiрлескен отырысында Үкiмет енгiзген заң жобаларын қабылдауының тәртiбi Конституцияның 62-бабының 1, 5 және


7-тармақтарында белгiленген. Олар Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Бұл ретте Үкiмет енгiзген заң жобалары бойынша Парламент Палаталарының бiрлескен отырысындағы оқылымдар санын Конституция шектемейдi, бiрақ Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында тиiстi заңдарды қабылдау немесе оларды қабылдамай тастау түрiнде заң жобаларын нәтижелi талқылау қорытындысын бiржақты көзде тұтады.

Егер Қазақстан Республикасының парламентi заң жобасын Палаталардың бiрлескен отырысында талқылауға кiрiскен болса, онда ол бойынша әрбiр Палата депутаттарының көпшiлiк дауыс ала алмаған мұндай дауыс беруi Парламенттiң қорытынды шешiмi деп есептеле алмайды. Парламенттiң заң жобасын "қабылдануға да", "қабылданбауға да" де қажеттi көпшiлiк дауыс ала алмаған қаулысы конституциялық қабiлеттi деп таныла алмайды.

Бұдан "Парламенттiң Үкiмет енгiзген заң жобасын қабылдамауы" туралы қағиданы түсiндiру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын парламент депутаттарының қаралып отырған заң жобасымен жалпылай келiспеушiлiктерiн бiлдiруi және оны тиiсiнше қабылдамай тастауы деп түсiну керек. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентi Регламентiнiң 35 тармағы "талқылау нәтижелерi бойынша Парламенттiң заң жобасын бiрiншi оқылымында мақұлдау және оны екiншi оқылымына дайындау немесе оны қабылдамай тастау туралы қаулы қабылдауын"
көзде тұтқан.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының


7-тармағына сай Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Премьер-Министр Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қойған жағдайда, ол бойынша дауысқа салу сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Конституциялық нормадан, Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенiң ол енгiзiлген дәл сол бiрлескен отырыста қаралуы керек екендiгi келiп шығады. Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап конституциялық нормамен жiберiлетiн уақыт Парламент депутаттарының өз ұстанымдарын өлшей отырып жасап шығаруына арналған. Белгiленген қырық сегiз сағат бiткен соң Парламент бұл мәселенi кейiнге қалдыра алмайды және өзiнiң ерекше конституциялық маңыздылығына байланысты ол жедел түрде шешiлуге тиiс. Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенi бұлай шешудiң тәртiбi бұл институт көзделген елдердiң конституционализмдiк тәжiрибесiне сай келедi.

"Әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен" Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiруi бөлiгiндегi Конституцияның 53-бабының 7) тармақшасын Конституциялық Кеңес әр Палата депутаттарының Конституцияда белгiленген саны ғана Парламенттiң өкiлеттiгiн және оның шешiмдерiнiң заңдылығын анықтайды деп түсiнедi. Сондықтан "әр Палата депутаттарының жалпы саны" дегенде Сенат үшiн санының құрамы Конституцияның 50-бабының 2-тармағында белгiленгенiн түсiну керек, яғни әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Республиканың астанасынан екi адам және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын жетi депутат. Қазiргi Сенатта, Конституцияға және "Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және


5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 қаулысына сай депутаттардың жалпы саны 42 (39 депутат және жойылған бес облыстан 3 депутат; жойылған облыстардан
2 депутат Конституцияның 52-бабының 5-тармағына сәйкес өз өкiлеттiктерiн тоқтатты.)

Мәжiлiс үшiн санының құрамы Республика Конституциясының 50-бабының 3-тармағында 77 депутат деп белгiленген. 1995 жылғы желтоқсанда сайланған қазiргi Мәжiлiс депутаттарының жалпы саны 1995 жылғы 30 тамыздағы редакциясындағы Республика Конституциясының 50-бабының


3-тармағына сәйкес 67 депутаттық мандаттан келiп шығып есептелуге тиiс.

Демек, қазiргi Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсi "депутаттарының жалпы саны" деген ұғым - бұл олардың конституциялық саны – тиiсiнше 42 және 67.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармағының
4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 53-бабының
7) тармақшасын ресми түсiндiру ретiнде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Үкiмет енгiзген заң жобасын қабылдамауы дегенде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында дауысқа салынған заң жобасы Конституцияда көзделген әр Палата депутаттарының оны қабылдау үшiн көпшiлiк даусын ала алмады деп түсiну керек.

Егер дауыс бергенде депутаттардың заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдау немесе қабылдамай тастау туралы ұсыныстары қажеттi дауыс санын ала алмаса, онда Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмi заңды деп есептелмейдi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының


7-тармағына сәйкес Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға әкелiп соқтырмайды.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағы Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру бойынша дауыс беру жедел түрде, Қазақстан Республикасының Конституциясы белгiлегендей сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағат бiткеннен кейiн жүргiзiледi дегендi бiлдiредi.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 7) тармақшасын, Парламенттiң әр Палатасы депутаттарының жалпы саны Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2 және 3-тармақтарында белгiленген құрамынан келiп шығып есептеледi деп түсiну керек.

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күнiнен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.



Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты төрайымының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабын

конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы жөнiнде
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1999 жылғы 29 қазандағы N 20/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов,
Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда мына өкiлдердiң:

өтiнiш субъектiсiнен – Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрайымы Д.К. Құрманованың;

Республика Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасынан –
Р.Т. Түсiпбеков және С.С. Ерiмбетовтiң қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты төрайымының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы өтiнiшiн қарады.

Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы


Қ.Ә. Омархановтың хабарын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысуға шақырылғандардың сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 1999 жылғы 6 қазанда Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты төрайымының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.

Өтiнiш беруге Сарыарқа аудандық сотының iс жүргiзуiнде жатқан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң


259-бабының бiрiншi тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшiн (есiрткi заттарды көп мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау) В.П. Колмыковқа айып тағу жөнiндегi қылмыстық iс себеп болды.

Сотта "Ұрпақтар бiрлiгi мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" Республика Заңының ережелерiн, сондай-ақ Республика Конституциясы мен "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының кейбiр нормаларын Колмыковқа қатысты қолдануға байланысты күмәндану пайда болды.

Конституцияның 62-бабының 2-тармағына сәйкес заңдар Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Сонымен бiрге, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңның 36-бабы
1-тармағының 1) тармақшасында заңдар егер актiлердiң өзiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшiне енедi деп көрсетiлген.

Бұл конституциялық ереже Рақымшылық жасау туралы Заңның 1999 жылғы 13 шiлдеден бастап, ал "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңның 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы болса – үстiмiздегi жылдың 8 тамызынан бастап заңды екендiгiн көзде тұтады, себебi рақымшылық жасау актiсi алғаш рет "Егемен Қазақстан" газетiнде 1999 жылғы 28 шiлдеде жарияланған.

Рақымшылық жасау туралы Заңның нормалары рақымшылық жасау актiсi күшiне енгенге дейiн жасалған және оның юрисдикциясына жататын қылмыстар туралы қылмыстық iстерге қатысты қолданылады.

Баяндалғанға байланысты, бiрiншi жағдайда Колмыковты қылмыстық қудалау рақымшылық жасау актiсi бойынша қысқартуға жатпайды, ал екiншiде – заңмен белгiленген тәртiппен жатады, себебi айыпталушы 1999 жылғы 2 тамызда қылмыс жасаған.

Республиканың Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасы үстiмiздегi жылдың 1 қыркүйегiнде төмендегi соттар мен прокурорларға "Ұрпақтар бiрлiгi мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңның 13 шiлдеден заңды күшке ие болатыны, ал 1999 жылғы 8 тамыздан күшiне енгiзiлетiнi туралы өзiнiң хатында түсiндiру берген.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңның жоғарыда аталған нормасы және Жоғарғы Сот пен Бас прокуратураның нұсқаулығы Конституцияның 62-бабының талаптарына қайшы келедi және Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағы мен 39-бабының


1-тармағында көзделген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп есептейдi де, соған байланысты өзiнiң ұсынысында оларды конституциялық емес деп тану туралы мәселе қояды.

2. Ұсынысты қарауға және өтiнiштiң мәнi бойынша қорытынды шешiм шығаруға Республика Конституциясының кейбiр нормаларын түсiндiргеннен кейiн ғана мүмкiндiк туылады.

Республика Конституциясының 62-бабының 2 және
8-тармақтарында әртүрлi мағыналық салмақ арқалайтын және бiрдей емес ұғымдарды бiлдiретiн "күшiне енедi" және "күшiне енгiзу" терминдерi пайдаланылған.

Мәжiлiсте қаралған және мақұлданған, сонан соң Республика Парламентi Сенаты қабылдаған заң жобасы Конституцияның


61-бабының 4-тармағында бекiтiлген тәртiппен заңға айналады. Дегенмен, бұл оған заңның толық мәртебесi берiлдi дегендi бiлдiрмейдi, себебi, заңға Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейiн ғана ол тиiстi заңдық күшке ие болуы мүмкiн, ол туралы Конституцияның 62-бабының 2-тармағында айтылады.

Республика Президентiнiң заңға қол қоюы оның соңына дейiн жеткiзiлген құқықтық нысанға ие болғанын, нормативтiк құқықтық актiлердiң сатысында өз орнын алғанын және мемлекеттiң құқықтық жүйесiне қосылғанын бiлдiредi. Заңның заңдық күшке ие болу фактiсi әлi қоғамдық қатынастардың реттелуiнiң басталғанын бiлдiрмейдi және сондықтан күтiлiп отырған құқықтық салдарды болдыра алмайды, яғни бұл әрекет етпейтiн заң. Аталған кезеңде заң шығару процесiнiң аяқталуы туралы айтуға әлi ерте.

Конституциялық рәсiм заңдарды мiндеттi түрде халыққа жария етудi көзде тұтады. Бұл Мемлекет басшысының өзi қол қойған заңды халыққа жария етуге конституциялық мiндетiн белгiлейтiн Конституцияның 44-бабының 2) тармақшасынан келiп шығады. Көрсетiлген кезең заң шығару процесiнде аяқтаушы болып табылады, одан кейiн заңды iске асырудың мүмкiндiктерi туралы, яғни заңның құқықтық күшiн күшiне енгiзу туралы айтуға болады.

Бұл туралы Конституцияның 4-бабының 4-тармағында да тiкелей айтылған: "Барлық заңдар ... жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады".

Әртүрлi конституциялық нормалардың ара-қатынасы мен өзара байланысы Республика Конституциясының құрылымына байланысты.

Конституция "Жалпы ережелер" деп аталатын 1-бөлiмде конституциялық құрылымның негiздерi, Республика қызметiн ұйымдастырудың негiзгi конституциялық принциптерi және өзге де түбегейлi ережелер бекiтiлетiндей етiп баяндалған (4-бап осы бөлiмге жатады). Бұл бөлiмнiң нормалары басқа конституциялық нормаларға қарағанда (атап айтқанда, IV-бөлiмнiң iшiндегi 62-бапқа қатысты) басымдыққа ие. Бұл тек конституциялық нормалар үшiн ғана емес, Республикада қолданылып жүрген бүкiл заңдар жүйесi үшiн де түбегейлi принцип болып табылады.

Жоғарыда баяндалғаннан, заңды баспасөз құралдарында жариялау арқылы халыққа жария етуден соң ғана оны қолданудың (күшiне енгiзудiң) мүмкiндiгi келiп шығады. Бұл заңның құқықтық қатынастарды реттей бастағанын және оны күшiне енгiзгеннен кейiн ғана белгiлi бiр құқықтық салдарды туындатып отырғанын бiлдiредi. Ал заң актiлерiн күшiне енгiзу тәртiбi арнаулы заңмен реттеледi (Конституцияның 62-бабының 8-тармағы).

3. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жариялау тәртiбiн реттейтiн арнаулы актi болып табылады. Жоғарыда аталған заң актiсiнiң 36-бабы 1-тармағының


1-тармақшасына сәйкес, заңдар егер актiлердiң өзiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшiне енгiзiледi.

Бұл норма Республика Конституциясының талаптарына қайшы келмейдi.

4. "Ұрпақтар бiрлiгi мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының
2-тармағына сай, оған Республика Президентi қол қойғаннан кейiн 1999 жылғы 13 шiлдеден күшiне ендi. Бұл осы заңның барлық заң шығару рәсiмдерiнен өткенiн және заңдық күшке ие болғанын бiлдiредi. Сол арқылы ол жеке тұлғалар жасаған рақымшылық жасау актiсiнiң аясына жататын, яғни 1999 жылғы 13 шiлдеге дейiн жасалғандарды қоса, қылмыстарды есептеудiң уақыт бойынша шекарасын анықтады.

"Ұрпақтар бiрлiгi мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу оны алғаш рет ресми жариялағаннан (1999 жылғы


8 тамыз) кейiн он күнтiзбелiк күн өткен сәттен басталады, себебi онда басқа мерзiмдер көрсетiлмеген. Заңдық күшке ие болған заңды күшiне енгiзудiң бұл уақыттық өлшемдерi осы заңды қолдануды жүзеге асырушы барлық мемлекеттiк ведомстволар мен органдардың ұйымдық және құқықтық сипаттағы тиiстi шараларды алуы және iске асыруы үшiн қажет.

5. Сарыарқа аудандық соты төрайымының ұсынысында нұсқаулық деп аталған Жоғарғы Сот Төрағасы және Бас прокурордың мiндеттерiн атқарушының 1999 жылғы 1-қыркүйектегi хаты туынды актiлердiң мұндай түрлерiне "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңда қойылатын талаптарға жауап бермейдi, және сондықтан нормативтiк құқықтық актiлерге жатқызыла алмайды.

Республика Конституциясының 72-бабының 2-тармағына және 78-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес аталған ведомствоаралық сипаттағы құжатты қарау оның құзыретiне кiрмейдi деп есептейдi.

6. Конституциялық iс жүргiзу материалдарын дайындау және зерделеу барысында Республика Конституциясының қазақша мәтiнiндегi 62-бабының 2 және 8-тармақтарының және 4-бабының


4-тармағының орыс тiлiндегi нұсқасына сәйкестiгi жөнiнде күмәндану пайда болды, соған байланысты ғылыми-лингвистикалық сараптама белгiленiп, оны жүргiзу қазақ тiлi саласында маманданып жүрген ғалымдарға жүктелдi.

Өздерiнiң сараптау қорытындысында тiл бiлiмiнiң ғалымдары нормативтiк грамматиканың ережелерiне сәйкес, сондай-ақ қазақ тiлiнiң грамматикалық және лексикалық құралдарының заңдылықтарын ескере отырып, Конституцияның талдауға салынған нормаларының қазақ тiлiндегi нұсқасы "күшiне енедi" және "күшiне енгiзiледi" категорияларын заң тұрғысынан түсiнудiң дәлдiгi мен логикасын, бүге-шiгесi мен ауқымдылығын толық жеткiзетiнiн, бұл ұғымдардың пара-пар еместiгiн ескеретiнiн атап өткен. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңның сәйкес нормаларының қазақ және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнде де олар қайшылықтарды байқамаған.

Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33 және 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет