Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі
Пейзаж-табиғатты бейнелеу
(Ашық сабақ)
Өткізген: Иманова Ж.Н.
2011-2012 оқу жылы
Cабақтың тақырыбы: «Пейзаж табиғатты бейнелеу»
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды пейзаж жанры және суретші шығармаларымен таныстыру.Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелейге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу.
2.Живопись өнері әрі пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету. Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру.Есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Эстетикалық тәрбие беру; табиғат көріністерін бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру
Көрнекілігі: слайд, әнгімелеу, үйрету, көрсету
Пән аралық байланыс геометрия,технология,қазақ әдебиеті,өнер тарихы
Құрал-жабдықтар:А-4 альбом,акварель,гуашь,өшіргіш,қарындаш,қос дәптер.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ жауап,түсіндірме
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу,оқу,сабаққа дайындығын тексеру, құрал-жабдықтарын тексеру;
ІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
ІV.Үйге тапсырма беру.
Өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру, ой қозғау мақсатында қайталау сұрақтарын репродукцияларымен бірге слайд арқылы сұрау.
Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді және түрлерін ата.
Жауаба: 5, кескіндеме, графика, мүсін, сәндік, сәулет өнері
Кескіндеме дегеніміз не?
Жауабы: жазықтықта әртүрлі бояулармен бейнеленген көркем шығарма.
Бейнелеу өнері орындалу тәсіліне, мазмұнына байланысты қандай жанрларға бөлінеді?
Жауабы: натюрморт, пейзаж, портрет, анималистік, тарихи, баталды, маринист
Жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелеген көркем шығарма. Жауабы: натюрморт
Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады?
Жауабы: портрет
Су әлемін бейнелейтін жанрды қалай атайды? Жауабы: маринист
Хайуанаттар мен жануарларды бейнелеген көркем шығарма.
Жауабы: анималистік
Жаңа сабақ. Пейзаж
Пейзаж–француз сөзі,бұл ландшафты,табиғатты бейнелеу.Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда,Жапонияда және басқа шығыс елдерінде,сондай-ақ Еуропада дамығын.Пейзаж қайсы бір жай ғана айнытпай бейнелей салу емес,онда суретшілігің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндігі жатыр.Адам өмірін салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты көрінеді.Пейзаж өнері де әр алуан.Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде,бар нақты көрнісін білдірсе,енді біреулер суретшінің қиялынан туады.Ондай шығамашылардың бәрінен де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беругу тырысады.17-ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрнісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады.Әсіресе 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрда көркем шығармалар оруында зор табысқа
жетті.Ф.Васильевтің(22.2.1850)Татчина қазіргі Ленинград облысында туған.Орыстың табиғат суретшісі. «Нөсер алдында»-деген картина орыс кендімес «жаңбыр алдында» «Левитаның күз көрінісі» і.С.Герасимовтың «жаз өтті»1885-жылы туған Москвадада 1964-жылы қайтыс болды.
И.Айвазовскийдің өзінің «Одессадағы айлы түн»-атты шығармаларында табиғат көрінісің алуан ерекшеліктері шынайы бейнелеген.Қазақстан суретшілері Ә.Қастаев Ә.Смайлов С.Мәмбеев т.б көптеген шығарма пейзаж көптеген шығармаларын ұсынды.Ал оқушылар сурет салу барысында,әсіресе табиғат көрнісін бейнелеуде перспективалық өзгерістерді ұзақ,бақылау,оның шығу нүктесі арқылы суретті орналастыра білу біліктілігін табиғатты ұзақ тамашалап пайымдаудан туады.
Табиғат-көрнісін бейнелейтін суретшілерді табиғатты бейнелеуші немесе пейзажист деп аталады.
Пейзаж – (французша жер) бейнелеу өнерінің жанрларының
бірі.Олай болса ал оқушылар республиакмыздың жері табиғаты өте бай екенін білесіңдер.
Білеулер Алатау бөктерінде тұрса,екіншісі Жетісу жерінде,үшіншілері Көкшетау өңірі, Атырау, Ойыл аясында тұрады.Олай болса біздер слайдтағы күз көрінісін бейнелеп көрейік. Интерактивтік тақтадағы әсем табиғатты бейнелейік.
Сергіту сәті: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тексеру.
Басқатырғыш шешу.(пейзажды бейнелеген суретшілер аттары)
Дидактикалық ойын. Интерактивтік тақтадағы түстердің әрқайсысының түсін таңдап айту.
Қорытынды: Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту.
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды тегіс бағалау.
Үйге тапсырма: Аяқтау және кешкі мезгіл көрінісін бейнелеп келу.
Достарыңызбен бөлісу: |