Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет17/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының


3-тармағына сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және түпкiлiктi болып табылады.

3. Осы қаулы қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөз басылымдарында жариялансын.



Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының

1) тармақшасын және 82-бабының 1-тармағын

ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2000 жылғы 5 шiлдедегі N 11/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төрағасының мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi
Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты А.Қ. Дауылбаевтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасын және 82-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашы – Конституциялық Кеңес мүшесi А.К. Котовтың баяндамасын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2000 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы
55-бабының 1) тармақшасын және 82-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.

Өтiнiште баяндалғанындай, Сенаттың Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот алқаларының төрағаларын және судьяларын сайлауы практикада баламалы негiзде жүргiзiлмейдi. Парламент депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына және 82-бабының 1-тармағына ресми түсiндiрме берудi, нақтырақ айтқанда: Республика Конституциясының жоғарыда келтiрiлген баптарындағы "сайлау" сөзi Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары және судьялары қызметiне iрiктеудi баламалы негiзде жүргiзу мүмкiндiгiн бiлдiре ме деп сұрайды.

Аталған конституциялық нормаларға түсiндiрме бергенде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.

Республика Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасында Сенаттың ерекше қарауына "Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот алқаларының төрағаларын және судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау" жататыны белгiленген. Осы сайлаудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Конституциясы 82-бабының 1-тармағында көзделген, оған сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот алқаларының төрағаларын және судьяларын Республика Президентiнiң Республиканың Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуымен Сенат сайлайды.

Жоғары судьялық қызметтерге баламалы iрiктеу Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 43-бабы 2-тармағында көзделген судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптармен, бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру және Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiн алу рәсiмдерiмен қамтамасыз етiледi. Тек осыдан кейiн ғана Жоғарғы Сот Кеңесi Республика Президентiнiң Парламент Сенатына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары және судьялары қызметiне сайлау үшiн мiнсiз репутациясы бар және заң белгiлеген басқа да талаптарға лайық нақты адамдарды ұсынуына кепiлдеме бередi. Осы жоғары судьялық қызметтерден босату туралы ұсыным беру де тиiстi тәртiппен жүргiзiледi.

Парламент Сенатының жалпы отырысындағы келесi талқылауда Республика Президентiнiң Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары және судьялары қызметiне ұсынған кандидатураларын Сенат тиiстi қызметтерге сайлайды, бұл өз мәнiнде елiмiздiң жоғары судьялық лауазымдарын сайлаудың демократиялық рәсiмi болып табылады. Сенат, сондай-ақ тиiстi судьялық лауазымға Президент ұсынған қандай кандидатура болса да қабылдамауға және сайламауға құқылы, мәселен, 1996 жылғы қазанда Республика Жоғарғы Сотын құру туралы мәселенi Сенаттың қарау барысында осындай жағдай болды.

Көрсетiлген лауазымды адамдардың кез-келгенiнiң сайланбауының құқықтық салдары Конституцияға сәйкес Жоғары Сот Кеңесiнде барлық рәсiмдердiң қайталануы болып табылады. Республика Президентi Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемелерiн негiзге алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары және судьялары қызметiне бұрынғы ұсынған немесе басқа да кандидатураларын Сенатта сайлау үшiн қайта ұсынуға құқылы.

Көрсетiлген қызметтерге кандидаттарды басқа мемлекеттiк органдардың, лауазымды адамдардың ұсынуы және өзге тәртiппен ұсыну қолданылып жүрген конституциялық құқықта көзделмеген.

Баяндалғанның және Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының негiзiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабы
1) тармақшасын және 82-бабының 1-тармағын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Жоғарғы Сот алқаларының төрағаларына және судьяларына өкiлеттiктер берудiң және оларды қызметiнен босатудың Республика Конституциясы белгiлеген мiндеттi түрдегi әдiсi және тәртiбi деп түсiну және қолдану керек.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының


3-тармағына сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және түпкiлiктi болып табылады.

3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабының

2-тармағын ресми тyсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2000 жылғы 5 шiлдедегі N 13/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты В.И. Макалкиннiң, сондай-ақ шақырылғандардың - Қазақстан Республикасы Судьялар одағының хатшысы А.А. Рекиннiң және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi төрағасының орынбасары Е.Ә. Сапаровтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Ұсынылған материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар Ж.Д. Бұсырманов пен А. Есенжановты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және басқа да отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:
Республика Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы
15 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабы 2-тармағының "... судьялар... кәсiптiк одақтарда болмауға ...тиiс." деген бөлiгiн ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.

Өтiнiш беруге Қазақстан Республикасы Судьялар одағының қоғамдық бiрлестiк ретiндегi қызметi себеп болған. Өтiнiш субъектiсiнiң пiкiрi бойынша Одақ оған бiрiккен Қазақстан судьяларының құқықтары мен кәсiби мүдделерiн қорғау мақсатында бiр мамандық иелерi құрған кәсiптiк одақ болып табылады. Өтiнiште атап өтiлгенiндей, бұл, судьялар кәсiптiк одақтарда болмауға тиiс деген Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабының


2-тармағына қайшы келедi.

Республика Конституциясының және қолданылып жүрген заңдардың нормаларын талдай келiп, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.

Республика Конституциясының 23-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығы бар. Азаматтардың осы конституциялық құқығы ортақ мақсаттарына қол жеткiзу үшiн ерiктi негiзде құрылған коммерциялық емес сипаттағы саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және өзге де бiрлестiктер нысанындағы қоғамдық бiрлестiктер құру арқылы iске асырылады. Олардың қызметi "Қоғамдық бiрлестiктер туралы", "Кәсiптiк одақтар туралы", "Саяси партиялар туралы" Республика заңдарымен реттеледi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабы


2-тармағының нормасына сәйкес әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьялар партияларда және кәсiптiк одақтарда болмауға, қандай да бiр саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиiс. Олардың мемлекеттiк органдар жүйесiндегi ерекше құқықтық мәртебесi, атқаратын функциясының және қызмет түрiнiң ерекшелiгi осы конституциялық шектеудiң қажеттiгiн дәлелдейдi.

Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Судья Республикадағы сот билiгiнiң атқарушысы болып табылады, сол үшiн оған сот төрелiгiн жүзеге асыруға және өз мiндеттерiн кәсiби негiзде атқаруға конституциялық өкiлеттiктер берiлген. Республика Конституциясының 77-бабы 1 және 2-тармақтарының нормаларына сәйкес судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана бағынады, ал сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Сонымен бiрге, судьялар, мемлекеттiң кез келген азаматтары сияқты, өздерiнiң корпоративтiк мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында, осы бiрлестiктердi сот төрелiгiн iске асыруға ықпал жасау үшiн пайдаланбайтын болса, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемейтiн болса, бiрлесу бостандығына құқығы бар. Мұндай бiрлестiктер көптеген елдерде әртүрлi сот қауымдастықтары, гильдиялары, кеңестерi түрiнде жұмыс iстеуде.

Кәсiптiк одақтардың қоғамдық бiрлестiктерден, оның iшiнде Судьялар одағынан ерекшелiгi, олар өндiрiстiк-салалық принцип бойынша құрылады, кәсiптiк одақтардың, атқарушы өкiметтiң және жұмыс берушiлердiң арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынас сипаты соған орай анықталады. Өзара қарым-қатынастың мұндай ерекшелiгi кәсiпшiлер одақтарына олардың үкiметке және жұмыс берушiге ықпал жасайтын құралдарының болуына, олардың әлеуметтiк-экономикалық қызметiне әсер етуге мүмкiндiк бередi. Судьялар одағы, қоғамдық бiрлестiк ретiнде мұндай өзара қарым-қатынас принциптерiне байланысты болмайды. Сонымен қатар, оның сот iсiне араласуға құқығы жоқ, ал кәсiподақтар болса "Кәсiптiк одақтар туралы" Заңның 1-бабына сәйкес өз мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн ұсыну және қорғау үшiн құрылады, бұл өндiрiстiк қызметке белсендi түрде және тiкелей әсер етуiне мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге, кәсiподақтар ұжымдық шарттар жасасуға, сондай-ақ жеке адамның және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысады, ал бұл Судьялар одағы сияқты қоғамдық бiрлестiкке тән емес.

Баяндалғанның негiзiнде, судьялардың партияларда, кәсiптiк одақтарда болуына Конституцияның 23-бабы 2-тармағының тыйым салуы олардың өзге бiрлестiктердi құру және басқа қоғамдық бiрлестiктерге мүше болу құқығын шектеудi бiлдiрмейдi. Судьялар одағы, кез келген басқа қоғамдық бiрлестiк сияқты, заңмен белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң мүдделерiн ұсынуға және қорғауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы


1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы
3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын және 41-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесi

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабы
2-тармағының судьяларға партияларда, кәсiптiк одақтарда болуына тыйым салатын бөлiгiн бұл ереже судьялардың өзге қоғамдық бiрлестiктерде болу және Конституция мен Қазақстан Республикасы заңдары шегiнде судьялар қоғамдастығының жалпы мүдделерiн iске асыру және қорғау үшiн осындай бiрлестiктер құру құқығын шектеудi бiлдiрмейдi деп түсiну керек.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының


3-тармағына сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және түпкiлiктi болып табылады.

3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының Қазақ

КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң

281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2000 жылғы 10 шiлдедегі N 14/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өзiнiң ашық отырысында Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң
281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар Қ.Ә. Омарханов пен В.Д. Шопиннiң баяндамасын тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 26 маусымда Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын (бұдан әрi – Кодекс) конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.

Өтiнiш беруге Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының iс жүргiзуiнде жатқан, "Монолитстрой" акционерлiк қоғамы (АҚ) президентiнiң оған Солтүстiк Қазақстан облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасының аға мемлекеттiк инспекторы шығарған әкiмшiлiк жаза қолдану туралы 2000 жылғы 13 наурыздағы қаулыға шағымдану жөнiндегi арызы бойынша азаматтық iс себеп болды. Кодекстiң 54-1 және 233-баптарына сәйкес, АҚ-ның президентiне, радиоактивтi сәуле тарату көздерiн дұрыс сақтау және көмуге байланысты шаралар қолдану жөнiндегi мiндеттi нұсқаманы орындамағаны үшiн 19875 теңге мөлшерiнде айыппұл салынған болатын.

"Монолитстрой" АҚ президентiнiң арызы бойынша Петропавл қалалық соты 2000 жылғы 26 сәуiрде айыппұл салу туралы қаулының күшiн жойды және iс жүргiзудi тоқтатты. Соттың бұл шешiмiне мемлекеттiк инспектор кассациялық тәртiппен облыстық сотқа шағымданған болатын.

Кассациялық арызды қабылдап, Солтүстiк Қазақстан облыстық соты бұл iс бойынша өндiрiстi тоқтатқан, себебi Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы бұдан әрi соттың қайта қарауына кедергi келтiредi. Бұл нормадан азаматтардың Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағында және


39-бабының 3-тармағында көзделген құқықтарын бұзуды көрiп, сот Конституциялық Кеңеске, органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына берiлген арыз бойынша шығарылған аудандық (қалалық) сот шешiмiнiң түпкiлiктiлiгi бөлiгiнде оны конституциялық емес деп тану туралы өтiнiш берген.

2. Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының ұсынымында көрсетiлген норманың конституциялылығын тексеру кезiнде Республика Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.

Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасына сәйкес, уәкiлеттiк берiлген орган немесе лауазымды тұлға шығарған айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, жоғары тұрған органда (жоғары тұрған лауазымды тұлғада) немесе аудандық (қалалық) сотта шағымдануы мүмкiн, ал оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады.

Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгi 3) тармақшасының және


22-тараудың басқа нормаларының мазмұны бойынша, айыппұл салумен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша сот шешiмiнiң түпкiлiктiлiгi, оның шығарылғаннан соң шұғыл түрде күшiне енетiнiн және орындалуға жататынын бiлдiредi. Бұл тұста, оған мүдделi тұлғаның бұл сот кесiмiне шағымдануға құқықтық мүмкiндiгi жоқ. Одан тыс, Кодекстiң 22-тарауының, сондай-ақ Республиканың Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 26-тарауының нормаларын талдаудан, прокурордың наразылық бiлдiруi де, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң жоғарыда аталған категориялары бойынша шығарылған сот қаулыларын мiндеттi түрде тексеру секiлдi заңи салдарға әкеп соқтырмайтыны
келiп шығады.

Сол арқылы, аудандық (қалалық) соттың айыппұл салу туралы әкiмшiлiк iстер бойынша шешiмдерiнiң түпкiлiктiлiгi бөлiгiндегi Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгi 3) тармақшасының нормасы, олардың заңдылығын және негiздiлiгiн сот тәртiбiмен одан әрi тексеру мүмкiншiлiгiн жоққа шығарады. Соған байланысты, бұдан кейiнгi сот бақылауының және сот қателiгiн жөндеудiң кепiлi ретiнде, олардың орындалуын тоқтату мүмкiн болмай отыр.

Баяндалғанды ескере отырып, Кодекстiң жоғарыда аталған нормасы, Республика Конституциясы 13-бабы 2-тармағының әркiмнiң сот арқылы қорғану құқығын белгiлейтiн талабына қайшы келедi. Бұл конституциялық құқық адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын әртүрлi озбырлықтан да, соттың қате шешiмдерiнен де қорғауды көзде тұтады. Осыған орай Конституциялық Кеңес өзiнiң "Маңғыстау облыстық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң
292-бабының алтыншы бөлiгiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынымы жөнiндегi" 1999 жылғы 5 мамырдағы N 8/2 қаулысында, сот арқылы қорғану конституциялық құқығы, бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтiру үшiн әркiмнiң сотқа өтiнiм бере алу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiнiн атап өткен болатын. Бұл тұста қаулыдан, мұндай қорғанудың ең тиiмдi кепiлi ретiнде жоғары тұрған сот инстанцияларында iстiң қайта қаралу мүмкiндiгi болып табылатыны келiп шығады, ал ол Республика заңдарымен қамтамасыз етiлуге тиiс.

Кодекстiң зерттелiп отырған нормасы жұрттың бәрiнiң заң мен сот алдындағы теңдiгi туралы Конституцияның 14-бабы


1-тармағының талабымен үйлеспейдi, себебi, қылмыстық пен азаматтықтан айырмашылығы, әкiмшiлiк сот iсiн жүргiзу, мүдделi органдар мен тұлғалардың сот қателiгiн түзету мақсатында наразылық бiлдiруi мен арызы бойынша сот шешiмiнiң заңдылығын және негiздiлiгiн басқа сот инстанциялары тексеруiнiң қандай-да болмасын тәртiбiн жоққа шығарады.

Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағында және


14-бабының 1-тармағында көзделген адамның және азаматтың құқықтарын шектейдi, ал Конституция 39-бабының 3-тармағы аталған конституциялық құқықтарды ешбiр жағдайда да шектеуге жол бермейдi.

Кодекстiң бұл нормасы, сондай-ақ, Республика Конституциясының 75, 76-баптарына және 83-бабының 1-тармағына қайшы келедi.

Мәселен, Конституциялық Кеңестiң "Жамбыл облыстық сотының Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 280-бабының 2-бөлiгiн және 288-бабының 1-бөлiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы өтiнiшi туралы" 1998 жылғы 5 маусымдағы N 3/2 қаулысында аудандық (қалалық) соттың (судьясының) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысы түпкiлiктi және арыздануға жатпайды деп тану әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi сот билiгiнiң шегiн аудандық (қалалық) сот шеңберiнде шектейдi және сот органдарының жүйесiн және негiзгi өкiлеттiктерiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 75, 76-баптарына сәйкес келмейдi деп атап көрсетiлген болатын.

Одан тыс, Конституциялық Кеңестiң "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағын,


14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысында "прокуратура... Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетiн... басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi" деген бөлiгiндегi Конституцияның 83-бабының 1-тармағын прокуратура органдары қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот кесiмдерiне наразылық бiлдiруi мүмкiн деп түсiну керек.

Демек, айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы iстер бойынша аудандық (қалалық) сот шешiмдерiнiң түпкiлiктiлiгi бөлiгiндегi Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы, Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 39-бабының З-тармағына, 75 және 76-баптарына, 83-баптың 1-тармағына қайшы келедi.

3. Осы өтiнiштi қарай отырып, Конституциялық Кеңес, Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң басқа да категориялары бойынша аудандық (қалалық) сот шешiмдерiнiң түпкiлiктiлiгi көзде тұтылатынын анықтады. Бұл нормалар да, сондай-ақ, Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 39-бабының 3-тармағына, 75 және 76-баптарына, 83-баптың
1-тармағына қайшы келедi.

Алайда, Конституциялық Кеңес оның өкiлеттiлiгi конституциялық iс жүргiзу кезiнде өтiнiш көлемiнен тыс шығып кетпеуге тиiс деп атап өтедi. Сондықтан, осы шешiмнiң қаулы алу бөлiгiнде, органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жасалған шағым бойынша аудандық (қалалық) сот шығарған шешiмнiң түпкiлiктiлiгiне қатысты, тек Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгi 1-тармағы нормасының конституциялылығы туралы тұжырым баяндалып отыр.

Сонымен бiрге, Кодекстiң 281-бабы бiрiншi тармағының
1) және 2) тармақшалары Республика Конституциясының 4-бабы
2-тармағының талаптарына орай қолданылмауға тиiс, өйткенi, оларға сәйкес, конституциялық нормалардың ең жоғары заңдық күшi бар және елiмiздiң бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. Мұндай жағдайларда Республика Конституциясы 13-бабының
2-тармағында, 14-бабының 1-тармағында, 39-бабының
З-тармағында, 75 және 76-баптарында, 83-баптың 1-тармағында баянды етiлген ережелер тiкелей басшылыққа алыну керек.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31, 33,


37-баптарын, 39-бабының 2-тармағын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 281-бабы бiрiншi бөлiгi 3) тармақшасының нормасын, органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жасалған шағым бойынша аудандық (қалалық) сот шығарған шешiмнiң түпкiлiктiлiгi бөлiгiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына,
14-бабының 1-тармағына, 39-бабының 3-тармағына, 75 және
76-баптарына, 83-баптың 1-тармағына сәйкес емес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының


2-тармағына сай, Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi 281-бабының бiрiншi бөлiгi 3) тармақшасы нормасының, органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жасалған шағым бойынша аудандық (қалалық) сот шығарған шешiмнiң түпкiлiктiлiгi бөлiгiнде, заңдық күшi жойылады және қолданылуға жатпайды.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының


3-тармағына сәйкес, қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет