Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет40/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне
2007 жылғы 7 мамырда Конституцияның 72-бабы 1-тармағының
2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының, Қазақстан Республикасы Парламенті
2007 жылғы 26 сәуірде қабылдаған, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында қарау туралы өтініші
келіп түсті.

Кеңестің қорытынды шешімі шығарылғанға дейін, өтінішке қол қойған Парламент Мәжілісінің депутаттары З.Ө. Алшымбаев, Б.Б. Баймағамбетова, А.А. Бейсенбаев және Н.С. Сабильянов өздерінің қолдарын жазбаша түрде кері шақырып алып, сол арқылы өтініштен бас тартатындарын білдірді.

Конституцияның 72-бабының 1-тармағына сәйкес Республика Парламентінің депутаттары, егер олардың саны депутаттардың жалпы санының бестен бір бөлігінен кем болмаса, Конституциялық Кеңеске өтініш беру субъектісі бола алады. Конституциялық Кеңеке келіп түскен өтінішке 25 Парламент депутаты қол қойған. Парламент депутаттарының бір бөлігі мәлімделген өтініштен бас тартуына байланысты, өтінішке қол қойған депутаттардың саны 21 депутатқа қысқарады, ал бұл депутаттар жалпы санының бестен бірінен кем.

«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 30-бабы


1-тармағының 1) тармақшасына сай өтініш субъектісі өзі мәлімдеген өтініштен бас тартқан жағдайда, конституциялық іс жүргізу кез келген сатыда, бірақ қорытынды шешім шығарылғанға дейін тоқтатылады.

Жазылғанның негізінде, «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 30-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, Конституциялық Кеңес Регламентінің 6-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республмикасы Конституциялық Кеңесі


ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бір топ Парламент депутаттарының, Қазақстан Республикасы Парламенті 2007 жылғы 26 сәуірде қабылданған, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын Республика Конституциясына сәйкестігі тұрғысында қарау туралы өтініші бойынша конституциялық іс жүргізу тоқтатылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.



"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер

мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы

21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы

Конституциясының нормаларын түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2007 жылғы 18 маусымдағы N 7 Нормативтiк қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға
И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Н.Т. Рүстемовтiң,

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты
Қ. Ахметовтың,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкiлi – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.К.Фоостың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутаттарының "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi

А.М.  Нұрмағамбетовтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
2007 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң 47 депутаты қол қойған, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсiндiру туралы өтiнiш келiп түстi.

Республиканың Конституциясына мемлекеттiк билiк органдары арасындағы өзара қарым-қатынастарға, оларды қалыптастыру тәртiбiне және өзге де бiрқатар мәселелерге қатысты өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзген Заңның қабылдануы Конституциялық Кеңеске жүгiнуге себеп болған.

Өтiнiш субъектiсi Заңның 2-бабы 1-тармағының ережелерiн ескере отырып, Конституцияның Парламент пен оның Палаталарының өкiлеттiгiн, оларды қалыптастыру тәртiбiн айқындайтын нормаларына ресми түсiндiрме берудi және осы орайда мынадай сұрақтарға жауап қайтаруды сұрайды:

"1) Қазақстан Республикасының Конституциясы Республика Парламентiнiң қазiргi құрамына жаңа конституциялық өкiлеттiктердi алуға және iске асыруға мүмкiндiк бере ме және егер беретiн болса, қандай бөлiгiнде және Парламент Палаталарының екеуiне де ме;

2) Парламент Мәжiлiсi Конституцияның жаңа тиiстi нормаларын жедел қолданысқа енгiзу мақсатында өзiн-өзi тарату туралы дербес мәлiмдеуге құқылы ма, егер олай болмаса, Мемлекет басшысы Парламент Мәжiлiсiн тарату жөнiндегi өзiнiң конституциялық өкiлеттiгiн пайдалануға құқылы ма;

3) қазiргi сайланған Парламент Мәжiлiсiн тарату "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының  2-бабында  көзделген, Конституцияның Парламент депутаттары сияқты лауазымды адамдарға өкiлеттiк берудiң жаңа тәртiбiн белгiлеу мүмкiндiгiн белгiлейтiн және көздейтiн нормаларын қолданысқа енгiзу үшiн негiз бола ма. Егер олай болса, төртiншi сайланатын Парламент Мәжiлiсi сайланғаннан және төртiншi сайланатын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiрiншi сессиясының жұмысы басталғаннан кейiн Республика Парламентiне жаңа конституциялық өкiлеттiктер берiле ме".

Конституциялық Кеңестiң отырысы барысында өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 3-бабының
1) тармақшасына сәйкес мынаны түсiндiрiп берудi сұрап, ауызша өтiнiш мәлiмдедi: "Егер Мәжiлiстiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылатын болса, Сенаттың қазiргi қызмет iстеп тұрған құрамы Мәжiлiс уақытша болмаған кезеңде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындауға хақылы ма?".

Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсiндiрген кезде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны негiзге алды.

1. Заңмен, басқаларымен қатар, Конституцияның "Парламент" деп аталатын IV бөлiмiне Парламент Палаталарын қалыптастырудың жаңа тәртiбiн, олардың депутаттарының санын ұлғайтуды, Парламент пен оның Палаталарының өкiлеттiктерiндегi өзгерiстердi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.

Мәселен, Заңда Президенттiң Парламент Мәжiлiсiнiң келiсiмiмен Премьер-Министрдi қызметке тағайындау, Мәжiлiстiң және Парламенттiң Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiру рәсiмi белгiленiп, Мәжiлiстiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Сенаттың Республика Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындау жөнiндегi құқығы бекiтiледi.

Заңның 2 және 3-баптарында Конституцияның осы көрсетiлген ережелерiн қолданысқа енгiзудiң тәртiбiн айқындайтын нормалар берiлген. Заңның 2-бабының 1-тармағына сай Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның Палаталары осы Заңда өздерi үшiн көзделген конституциялық өкiлеттiктердi үшiншi сайланған Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталған соң алады.

Осы норма Парламент пен оның Палаталарының өздерiне Заңмен берiлген жаңа конституциялық өкiлеттiктер алу уақытын, – үшiншi сайланған Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталу сәтiн белгiлейдi. Осы көрсетiлген сәт келгенге дейiн Парламент пен оның Палаталары жаңа құқықтар мен мiндеттер ала алмайды және оларды жүзеге асыра алмайды. Бұл сондай-ақ, лауазымды адамдарға өкiлеттiк берудiң жаңа тәртiбiне де қатысты болады, егер осы адамдардың орнын басу рәсiмiне Парламенттiң немесе оның Палаталарының қатысуы кiретiн болса (келiсiм беру, тағайындау, сайлау), оның қолданысқа енгiзiлуi осы лауазымды адамдардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталуына немесе өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына қарай көзделген (Заңның 2-бабының 2-тармағы).

Бұл жазылғандар, Парламенттiң және оның Палаталарының жаңа конституциялық өкiлеттiктер алуын Заң үшiншi сайланған Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталуымен байланыстыратынын айғақтайды. Демек, Парламент Мәжiлiсiнiң қазiргi қызмет iстеп тұрған құрамы кезiнде тұтас алғанда Парламент те, оның Палаталары да ешқандай бөлiгiнде жаңа өкiлеттiктер ала алмайды және оларды жүзеге асыра алмайды.

2. Конституцияның 49-бабы 2 және 3-тармақтарының,


55-бабы 5) тармақшасының және 63-бабының мазмұнынан, Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiк мерзiмi мынадай жағдайларда аяқталуы мүмкiн екендiгi келiп шығады: конституциялық өкiлеттiк мерзiмi аяқталуы; Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған кезде өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы.

Республика Конституциясының 49-бабының 2-тармағында "Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезде аяқталады" деп белгiленген.

Осы конституциялық ереже негiзiнде үшiншi шақырылған Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған күннен – 2004 жылғы 3 қарашадан басталды ("Үшiншi шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiрiншi сессиясын шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы
1 қарашадағы N 1465 Жарлығы) және жаңа (төртiншi) шақырылған Парламенттiң бiрiншi сессиясының жұмысы басталуымен аяқталады.

Парламенттiң немесе Парламент Мәжiлiсiнiң таратылуы салдарынан Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Мәселен, Конституцияның 52-бабының


5-тармағында "Парламент және Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгi тиiсiнше Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған жағдайда тоқтатылады" деп көрсетiлген. Бұл жазылғаннан келiп шығатыны, Парламенттiң немесе Парламент Мәжiлiсiнiң таратылуы тұтас алғанда Парламент депутаттарының не Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанын бiлдiредi.

Конституцияның 63-бабы 1-тармағының жаңа редакциясына сәйкес Республика Президентi мiндеттi конституциялық рәсiм сақталған кезде – Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрiмен консультациялардан кейiн Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн таратуға хақылы. Бұл, Республика Президентiнiң Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн таратуға ерекше құқығы бар дегендi бiлдiредi. Парламенттi және Парламент Мәжiлiсiн төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiнгi бiр жыл iшiнде ғана таратуға болмайды (Конституцияның


63-бабының 2-тармағы).

Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған кезде, Конституцияның 44-бабының 2) тармақшасына сай, Республика Президентi Республика Парламентiне және оның Палатасына кезектен тыс сайлау тағайындайды. Конституцияның 51-бабының


3-тармағында, Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиiсiнше Парламент немесе Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi ай iшiнде өткiзiледi, деп белгiленген. Бұл ретте, кезектен тыс сайлау Парламент депутаттарына өкiлеттiк берудiң жаңа тәртiбiне сәйкес өткiзiлуге тиiс. Оларды сайлау (тағайындау) Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнiң саны жағынан құрамы өзгеруiн ескере отырып iске асырылады.

Үшiншi шақырылған Парламент Мәжiлiсi таратылған жағдайда, Парламент Сенаты Заңның редакциясындағы Конституцияның 55-бабында көзделген өкiлеттiктердi алады. Атап айтқанда Сенат Мәжiлiстiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындайды. Төртiншi сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясының жұмысы басталуымен Парламент пен оның Палаталарына жаңа конституциялық өкiлеттiктер толық көлемiнде берiледi.

3. Конституцияға жасалған талдау көрсеткенiндей, оның нормалары өзiн-өзi таратуды Парламенттiң немесе Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз ретiнде көздемейдi. Конституцияда жергiлiктi өкiлдi органдар – мәслихаттардың ғана өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдауы мүмкiн екендiгi белгiленген (Конституцияның 86-бабының
5-тармағы).

Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттiң және оның Палаталары өкiлеттiгiнiң толық тiзбесi берiлген және оны заңдармен кеңейту мүмкiндiгi көзделмеген (Конституцияның 53-бабының 8) тармақшасы, 55-бабының


6) тармақшасы, 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы).

Сонымен бiрге, Парламент және оның Палаталары өздерiнiң конституциялық мәртебесi бойынша тұрақты түрде қызмет iстейтiн органдар болып табылады, олардың шешiмдерiн депутаттар Палаталардың бiрлескен отырыстарында да, бөлек отырыстарында да дауыс беру арқылы қабылдайды. Депутаттардың Парламент жұмысына қатысуға мiндеттi екендiгi, Парламентте жеке өзi ғана дауыс беруiнiң талап етiлуi, дауыс беру құқығын басқа бiреуге беруiне жол берiлмеуi (Конституцияның 52-бабының 2-тармағы) шешiм қабылдау үшiн адам санының және депутаттардың тиiстi дауыс санының жеткiлiктi болуы қажет екендiгiн көздейдi, бұл Парламент пен оның Палаталары актiлерiнiң заңдылығын айқындаушы фактор болып табылады. Әртүрлi жағдайларға қарай адам санының жеткiлiктi болмауы (депутаттардың орнынан түсуi, олардың мандатынан айрылуы және басқалары) Республика Президентiнiң Конституцияның 63-бабының 1-тармағына сәйкес Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн тарату туралы шешiм қабылдауына себеп болуы мүмкiн.

Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"
1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Парламенттiң және оның Палаталарының жаңа конституциялық өкiлеттiктерi, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес, үшiншi сайланған Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталған сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi, Парламенттiң немесе Парламент Мәжiлiсiнiң конституциялық өкiлеттiк мерзiмi аяқталған кезде де, Республика Президентi оны таратып жiберген жағдайда өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде де олай iстеу мүмкiн болады.

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы үшiншi сайланған Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе Республика Президентi Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн таратқан кезде өкiлеттiгi тоқтатылғанға дейiн Парламентке және оның Палаталарына жаңа конституциялық өкiлеттiктер алып, оларды жүзеге асыруына мүмкiндiк бермейдi.

2. Республика Конституциясы өзiн-өзi таратуды Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз ретiнде көздемейдi.

3. Қазақстан Республикасының Президентi Конституцияға сай Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрiмен консультациялардан кейiн, өз бастамасымен де, Парламент депутаттарының өтiнiшi бойынша да Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн таратуға хақылы.

4. Үшiншi сайланған Парламент Мәжiлiсi таратылған жағдайда Парламент депутаттарына өкiлеттiк берудiң жаңа тәртiбiн белгiлейтiн конституциялық нормалар қолданысқа енгiзiледi. Бұл ретте Конституцияның 55-бабының 5) тармақшасына сай Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындайды.

5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

6. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының өтiнiшi

бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң

361-бабы бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнiң конституциялылығын тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2008 жылғы 27 ақпандағы N 2 Нормативтiк қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға
И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Н.В. Белоруков, В.А. Малиновский,
А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты


И.Ә. Әмiровтiң,

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты


Н.Н. Турецкийдiң,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi З.Я. Балиеваның және Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының төрағасы Ә.Т. Жүкеновтiң,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары


А.Қ. Дауылбаевтың,

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң орынбасары


А.Ж. Шпекбаевтың,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң өкiлi – Адам құқықтары жөнiндегi Ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың,

Қазақстанның адвокаттар одағының өкiлi – Қазақстанның адвокаттар одағының президентi Ә.Қ. Түгелдiң қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң


361-бабының бiрiншi және төртiншi бөлiктерiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Н.В. Белоруковтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың және сарапшының – заң ғылымдарының докторы, профессор А.А. Матюхиннiң сөйлеген сөздерiн тыңдап, сарапшылардың – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор С.З. Зимановтың және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор Ғ.С. Сапаргалиевтiң қорытындыларымен, сондай-ақ маманның – заң ғылымдарының докторы, профессор Е.И. Қайыржановтың қорытындысымен танысып шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
2008 жылғы 28 қаңтарда Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының, қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердегi адамдар тобының осы мекемелердiң қалыпты қызмет тәртiбiн тұрақсыздандыру не мекемелер қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасау мақсатында дене мүшелерiн зақымдағаны, сондай-ақ адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып дәл осындай әрекеттер жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылығын көздейтiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  361-бабының  бiрiншi және төртiншi бөлiктерiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.

Ұсыныстан келiп шығатыны, Қапшағай қалалық сотының iс жүргiзуiнде бiр топ адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген қылмысты жасағаны үшiн айыптау жөнiндегi қылмыстық iс жатыр. Сотта iстi қарау барысында қорғау тарабы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердегi адамдар тобының осы мекемелердiң қалыпты қызмет тәртiбiн тұрақсыздандыру не мекемелер қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасау мақсатында дене мүшелерiн зақымдағаны үшiн қылмыстық жауаптылығын белгiлейтiн нормасын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiну жөнiнде өтiнiш мәлiмдедi. Өтiнiш авторларының пiкiрiнше, дене мүшелерiн зақымдау сотталғандардың өз құқықтары мен бостандықтарын мекеме әкiмшiлiгiнiң заңсыз әрекеттерiнен қорғау тәсiлi болып табылады және олардың құқық субъектiсi ретiнде танылу және өз пiкiрiн еркiн бiлдiру құқығынан


келiп шығады.

Осыған байланысты, сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұрып, "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабының бiрiншi бөлiгiн және төртiншi бөлiгiн (26.03.07 жылғы N 240 ҚР Заңының редакциясында) дене мүшелерiн зақымдағаны үшiн жауаптылыққа қатысты қолданыста Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес емес деп тану" туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiндi.

1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167-1 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабы бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнiң ("Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 26 наурыздағы N 240-III Қазақстан Республикасы Заңының редакциясында) конституциялылығын тексерген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алды.

1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы), бұл мемлекет үшiн жалпы адамзат құндылықтарының басымдығы болатынын айғақтайды (Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы


21 желтоқсандағы N 18/2 және 2006 жылғы 13 шiлдедегi N 4 қаулылары) және мемлекет үшiн "адамға... қамқорлық жасаудан асқан маңызды мiндет жоқ екенiн бiлдiредi (Конституциялық Кеңестiң 2007 жылғы 28 мамырдағы N 5 қаулысы )".

Негiзгi Заңның 12-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес "Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк берiледi", "адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады". Бұл нормалардың мазмұнынан келiп шығатыны, адам құқықтары мен бостандықтарына мемлекет Конституцияда және соған сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген шектерде кепiлдiк бередi, және осы құқықтар мен бостандықтарды iске асырудың шарттары мен тәртiбiн белгiлейтiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, қабылдау кезiнде негiз етiп алынады (Конституциялық Кеңестiң 1996 жылғы 28 қазандағы N 6/2 және 2007 жылғы


18 сәуiрдегi N 4 қаулылары).

Мемлекеттiң адамға қатысына байланысты Конституция жария еткен ережелер Республикада адамның және азаматтың мәртебесiн құқықтық реттеудiң барлық аспектiлерiн шешудiң алғышарты болып табылады. Негiзгi Заңда адамның, оның құқықтары мен бостандықтарының ең қымбат қазына деп танылуы, конституциялық түрде ұйымдасқан қоғамның негiзiн құрайтын және әркiмге өзiн-өзi қалай ұстауын заң шеңберiнде таңдауына заңды түрде танылған және мемлекет қорғайтын мүмкiндiк беретiн конституциялық құрылыстың түбегейлi принципi болып табылады.

Адамның құқық субъектiсi ретiнде танылу құқығына кепiлдiк бере отырып, Конституция оған өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға мүмкiншiлiк бередi (13-баптың 1-тармағы). Негiзгi Заңның осы нормасын түсiндiре отырып, Конституциялық Кеңес 2002 жылғы 5 тамыздағы N 5 қаулыда, бұл адамның және азаматтың өз мүдделерiн қорғаудың заңды құралдарын таңдауда еркiн қалауын бiлдiруiн көздейдi деп атап көрсеттi.

Республика Конституциясының "Адам және азамат" деп аталатын II бөлiмiнде баянды етiлген адамның және азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтары, солардың iшiнде құқық субъектiсi ретiнде танылу құқығы (13-баптың 1-тармағы), өмiр сүруге құқығы (15-баптың 1-тармағы), жеке басының бостандығына құқығы (16-баптың 1-тармағы), қадiр-қасиетiне қол сұғылмауына құқығы


(17-баптың 1-тармағы), сөз еркiндiгi (20-баптың 1 және
2-тармақтары) және басқалары, әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады және олардан ешкiм айыра алмайды
(12-баптың 2-тармағы), ал 13-баптың 1-тармағымен, 15-баптың
1-тармағымен, 16-баптың 1-тармағымен және 17-баптың
1-тармағымен көзделген құқықтар мен бостандықтар, оның үстiне, – ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс (Конституцияның 39-бабының 3-тармағы). Оларға жеке тұлғаның ерiк бостандығын және содан келiп шығатын iс-әрекеттерiнiң дербестiгiн тану негiз етiп алынған. Тиiсiнше, табиғи жаратылысынан осындай құқықтар мен бостандықтарға ие адам және азамат оларға өз қалауынша иелiк ете алады. Аталған Негiзгi Заң нормаларына олардың бiрыңғайлығы мен жүйелiк тұтастығы тұрғысында жасалған талдаудан келiп шығып, қаралып отырған өтiнiш нысанына қатысты қолданыста бұл әркiмнiң өз өмiрi мен денсаулығына еркiн түрде (соның iшiнде өзiне өзi зиян келтiру секiлдi нысанында да), егер ол конституциялық және заңмен жүктелген өзге де мiндеттердi атқарудан жалтарумен байланысты болмаса, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбаса және конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмесе (Конституцияның
12-бабының 5-тармағы, 34-бабының 1-тармағы және 36-бабы), иелiк етуге хақылы екендiгiн бiлдiредi.

2. Қоғамнан оқшаулау жағдайында өмiр сүру үшiн енгiзбесе болмайтын шектеулердi ескере отырып, бас бостандығынан айрылған адамдар Қазақстанда Конституцияда және Республика таныған халықаралық-құқықтық құжаттарда кепiлдiк берiлген барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, бұл адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келедi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы 45/III резолюциясымен қабылданған, Қамаудағыларға қараудың негiзгi принциптерiнiң 5-бабына сәйкес, түрмеге қамауға байланысты анық қажет болатын шектеулердi қоспағанда, қамалғандардың бәрi Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiде және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының өзге де құжаттарында баяндалған адам құқықтары мен түбегейлi бостандықтарынан пайдаланады.

Республика Конституциясы сөз еркiндiгiн жариялайды және оған кепiлдiк бередi (20-баптың 1 және 2-тармақтары), бұл, еркiн ақпарат алу және тарату құқығымен қатар, еркiн пiкiр бiлдiрудi көздейдi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200А (XXI) резолюциясымен қабылданып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91-III Заңымен ратификацияланған және Конституцияның 4-бабының
1-тармағына сәйкес Қазақстанда қолданылатын құқықтың құрамдас бөлiгi болып табылатын, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнiң 19-бабының 2-тармағына сай, "әрбiр адам өз пiкiрiн еркiн бiлдiруге құқылы; бұл құқық мемлекеттiк шекараларға қарамастан кез келген ақпараттар мен идеяларды еркiн iздеу, тауып алу және оларды өз қалауынша таңдап алған құралдар арқылы ауызша, жазбаша немесе баспасөз арқылы немесе көркемдiк бейнелеу формалары түрiнде тарату бостандығын да қамтиды". Бұл ретте, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйымға қатысушы мемлекеттердiң көбi ұстанатын халықаралық стандарттар, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөнiндегi комитетiнiң, адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы халықаралық құқықтық актiлердiң орындалуын қамтамасыз етушi өзге де органдардың практикасы адамның өз пiкiрiн бiлдiруiнiң нысандарын, егер оның пiкiрiн бiлдiруге елеулi түрде бағытталған болса, онда қарсылық мiнез бiлдiруiн де қоса отырып, кеңiнен қарастырады.

Бұл орайда Конституциялық Кеңес, дене мүшелерiн зақымдау пiкiр (қарсылық) бiлдiрудiң нысаны болып табылуы және бас бостандығынан айрылған адамдардың өз құқықтарын қорғауының тәсiлi ретiнде қарастырылуы мүмкiн деп пайымдайды. Мұндай жағдайларда дене мүшелерiн зақымдағаны үшiн жауаптылыққа тартуды, Негiзгi Заңның 20-бабымен кепiлдiк берiлген сөз еркiндiгiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын пiкiрiн еркiн бiлдiру құқығын шектеу деп бағалаған жөн.

Адамның және азаматтың ең маңызды құқықтары қатарына адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмау құқығы жатады (Республика Конституциясының 17-бабының 1-тармағы) ол ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс (Негiзгi Заңның 39-бабының 3-тармағы). Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3452 (XXX) резолюциясымен қабылданған, Адамдардың бәрiн азаптаудан немесе олардың қадiр-қасиетiн қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездiк жолмен жәбiрлеудiң немесе жазалаудың түрлерiнен қорғау туралы декларацияға сәйкес, азаптау немесе адамдардың қадiр-қасиетiн қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездiк жолмен жәбiрлеудiң немесе жазалаудың түрлерi секiлдi кез келген әрекет адамның қадiр-қасиетiн қорлау, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын және Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясын бұзу болып табылады. Осыған байланысты, адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмауы туралы конституциялық құқық азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға салынатын тыйыммен толықтырылады (Конституцияның 17-бабының
2-тармағы), бұл адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмауына құқығы бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарға да қолданылатынын айғақтайды.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарынан көрiнiп тұрғанындай, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды және қамаудағы өзге де адамдарды ұстау жағдайлары, жалпы адамзат құндылықтарының басымдығына, адамдық қадiр-қасиет қорланбауына берiлетiн кепiлдiктер жүйесiн қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнама талаптарына әр кезде де жауап


бере бермейдi.

Осыны негiзге ала отырып, Қылмыстық Кодекстiң 361-бабы бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнiң конституциялылығын тексерген кезде, осы әрекеттер барысында адам өзiне өзi зиян келтiрiп, өзге адамдарға қатысты күш қолданылмайтын не өзге де заңсыз әрекеттер жасалмайтын дене мүшелерiн зақымдау секiлдi құбылыстың сипатын ескере отырып, Конституциялық Кеңес, оны қарсылық бiлдiрудiң соңғы нысаны ретiнде қоғамнан оқшауланған адамдардың өз қадiр-қасиетiн қорғауының тәсiлi болуы мүмкiн деп есептейдi (Конституцияның 13-бабының 1-тармағы). Осыған байланысты, дене мүшелерiн зақымдауға қылмыстық сипат беру арқылы, бас бостандығынан айрылғандардың өз құқықтары мен бостандықтарына деген құқығын қорғау мүмкiншiлiгiн шектеуге, мейлi заңмен болсын, Негiзгi Заңның 39-бабы 1-тармағының талаптары бұлжытпай сақталғанда жол берiледi.

3. Республика Конституциясының 12-бабының 2-тармағына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары "заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуын анықтайды". 2003 жылғы 10 маусымдағы N 8 қаулыда бiлдiрiлген Конституциялық Кеңестiң құқықтық көзқарасына сай, "бұл аталған ереже құқықтық мемлекеттiң негiзгi белгiлерiнiң бiрi ретiнде Қазақстанда қолданылатын құқықтың тұжырымдамалық негiзi болып табылады". Адам құқықтары мен бостандықтары заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуын анықтайды деген ереженi, Конституция жариялаған адам құқықтары мен бостандықтары осы құқықтар мен бостандықтарды iске асырудың шарттары мен тәртiбiн белгiлейтiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, қабылдау кезiнде негiз етiп алынады деген мағынада түсiну керек (Конституциялық Кеңестiң 1996 жылғы 28 қазандағы N 6/2 және 2007 жылғы 18 сәуiрдегi N 4 қаулылары).

Бұл ретте адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтiн заң заңдық тұрғыдан дәлме-дәл және әкеп соқтыратын салдары болжаулы болуға тиiс, яғни оның нормалары жеткiлiктi дәрежеде анық тұжырымдалып және заң ережелерiн өзiнше пайымдау мүмкiндiгiн жоққа шығара отырып, заңдылы мiнез-құлықты заңсыздығынан мейлiнше айқындықпен ажыратуға мүмкiндiк беретiн түсiнiктi өлшемдерге негiзделуге тиiс.

Бұл орайда Республика Үкiметi, Парламентi Мәжiлiсi, Бас прокуратурасы, Жоғарғы Соты өкiлдерiнiң, сондай-ақ өзге де конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың пiкiрiнше қылмыстық заңның қаралып отырған нормасы бұл жазылған талаптарға толық жауап бермейдi, жетiлмеген және құқық қолдануда қиыншылық туғызады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабының бiрiншi бөлiгiне жасалған қисындық-мазмұндық талдау көрсеткенiндей, заң шығарушы, "адамдар тобының дене мүшелерiн зақымдауы", "қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекеме", "қалыпты қызмет тәртiбiн тұрақсыздандыру", "заңды қызметiне кедергi жасау" деген ұғымдарды пайдалана отырып, олардың заңдық тұрғыдағы дәл анықтамасын бермеген (осы терминдердiң мазмұнын ашпаған), ал бұл қылмыс құрамының белгiлерiн толық және бiржақты бөлiп-ажыратуға мүмкiндiк бермейдi. Бұл құқықтық норманың диспозициясынан қылмыс субъектiсiнiң дене мүшелерiн зақымдау арқылы, яғни тек өзiне өзi зиян келтiре отырып, басқа адамдарға қатысты күш қолданбай немесе күш қолданумен қорқытпай, объективтi түрде қалайша қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердiң қызметiн тұрақсыздандыруы не мекемелер қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасауы мүмкiн екендiгi көрiнбейдi. Оның үстiне, бұл құқықтық норманың мазмұнынан, өзiне өзi зиян келтiру қоғамнан оқшауланған адамның өзiне Конституциямен немесе заңмен жүктелген қандай да болсын мiндеттердi атқарудан (дене мүшесiне зақым келтiру жолымен әскери қызметтен жалтару секiлдi – Қылмыстық Кодекстiң 374-бабы) жалтару мақсатында жасалатыны келiп шықпайды. "Мекеменiң қалыпты қызмет тәртiбiнiң" тұрақтылығын қамтамасыз ету оның әкiмшiлiгiнiң мiндетi болып табылады.

Қылмыстық Кодекстiң 361-бабының  бiрiншi және төртiншi бөлiктерiн салыстыру олардың iшкi қарама-қайшылығын көрсеттi, атап айтқанда, топ болып дене мүшелерiн зақымдау оқиғаларын және адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл осындай әрекеттерден мейлiнше айқындықпен бөлiп-ажыратуға мүмкiндiк бермейдi, өйткенi екi жағдайда да бұл адамдар, заңның мағынасына қарай, бiр ниетпен әрекет етуге тиiс.

Қылмыстық Кодекстiң 361-бабы бiрiншi бөлiгiнiң диспозициясындағы "мекемелердiң қалыпты қызмет тәртiбiн тұрақсыздандыру не мекемелер қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасау" деген арнайы мақсатты тұжырымдау – ол да, конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың пiкiрiнше, құқық қолдану процесiнде жол беруге болмайтындай кең түсiндiрiлуi мүмкiн. Айыптының ниетi қайда бағытталғанын құқық қолданушының бiржақты анықтауына мүмкiндiк беретiн объективтi өлшемдердiң құқықтық нормада болмауы, конституциялық iс жүргiзуде анықталғанындай, объективтi айыптауға (дәлелденген кiнәсi болмай тұрып соттауға) әкеп соқтыруы мүмкiн, оған жол беруге болмайды және ол Негiзгi Заңның 77-бабы 3-тармағының


1) тармақшасына қайшы келедi.

Бұл жазылған кемшiлiктер, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, заң жобасы ел Парламентiнен өтер кезде жеткiлiктi дәрежеде тиянақталмағаны салдарынан пайда болған. Парламент Мәжiлiсi депутаттарының бiрiнiң ұсынысы бойынша енгiзiлген, Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiн жаңа қылмыс құрамымен толықтыру үкiметтiк заң жобасы тұжырымдамасының шегiнен шығып кеткен. Парламенттiң Конституциялық Кеңеске берген материалдарында депутат ұсынған Қылмыстық Кодекстiң 361-бабы бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнiң редакциясын көпшiлiктiң талқылауына қатысты ақпарат, заң жобасының осы бөлiгiн терең негiздеу, қаржы-экономикалық есептеулер мен ғылыми сараптама жүргiзу, сондай-ақ осы норманы қабылдаудың заңдық, әлеуметтiк және өзге де салдарына болжам жасау туралы мәлiметтер жоқ.

Осының бәрi, жинала келе, заң жобасының Парламенттен өтуiнiң Конституцияда және заңнамалық актiлерде белгiленген рәсiмi бұзылуы мүмкiн екендiгiн көрсетедi, алайда бұл мәселенi Конституциялық Кеңес шешусiз қалдырды, өйткенi "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 26 наурыздағы N 240-III Қазақстан Республикасы Заңының конституциялылығын тексеру Қапшағай қалалық сотының өтiну нысаны болып табылмайды.

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Әдiлет министрiнiң конституциялық iс жүргiзу кезiнде Қылмыстық Кодекстiң 361-бабының бiрiншi және төртiншi бөлiктерiндегi құқықтық нормалардан табылған кемшiлiктердi заң шығару тәртiбiмен түзетуге дайын екендiгi туралы мәлiмдемесiн назарға алады. Сонымен бiрге, Конституциялық Кеңес, қылмыстық заңның қолданыстағы нормасына өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн оның қолданылу мүмкiншiлiгiн сақтап қалу адамның және азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келуiне әкеп соғуы мүмкiн деп есептейдi.

4. Қазақстан Республикасының Конституциясы (39-баптың 1-тармағы) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары "конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана" заңмен шектелуiне жол бередi. Өтiнiш нысанына қатысты қолданыста бұл, заң шығарушы қылмыстық жауаптылық белгiлеген кезде, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың мәнiн бұрмаламай және конституциялық анықталған мақсаттарға сәйкес келмейтiн шектеулер енгiзбей, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудiң жол берiлетiн конституциялық шегiн негiз етiп алуға тиiс екенiн бiлдiредi.

Заң шығарушының да, құқық қолданушының да қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазаға кесiлген адамның және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесiн сөзсiз сақтауы мемлекет пен тұлғаның қылмыстық жауаптылықты белгiлеу және жүзеге асыру саласындағы өзара қарым-қатынасының негiзi болып табылады. Конституцияның 39-бабының 1-тармағында "...шамада ғана..." деген сөздердiң пайдаланылуы, қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу, сондай-ақ қылмыстың алдын алу шаралары қылмыстық жауаптылықтың әдiлдiгi мен мөлшерлестiгi принциптерiне, сондай-ақ Негiзгi Заңмен  қорғалатын, ең қымбаты адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын құндылықтарға жауап беруге тиiс екенiн болжамдайды.

Конституцияның 39-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекет, қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу, сондай-ақ қылмыстың алдын алу шараларын белгiлей отырып, жоғарыда көрсетiлген мақсаттарды қатаң басшылыққа алуға және бас бостандығынан айрылғандардың, қоғамнан оқшаулануы себептi кейбiрiн алып тастап, басқа адамдардiкi секiлдi құқықтары мен бостандықтары бар екенiн негiзге алуға тиiс. Өтiнiш нысанына қатысты қолданыста Конституцияның 39-бабы 1-тармағының ережелерi, конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау, егер мұндай шектеу заңды түрде негiзделген мақсаттарға барабар болса және әдiлдiк талаптарына жауап берсе, тепе-тең, мөлшерлес және конституциялық маңызы бар құндылықтарды қорғау үшiн демократиялық мемлекетте қажет болып табылса, құқықтар мен бостандықтардың шектелуiне себеп бола алатынын бiлдiредi. Бұл ретте, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтiн заң, жоғарыда аталып өткендей, мейлiнше анық тұжырымдалып, оны көп мағынада түсiндiру мүмкiншiлiгiне жол бермей отырып, құқық бұзушылық белгiлерiн де, қорғау мақсатында өзi қабылданған конституциялық мақсаттарды да дәл көрсетуге тиiс.

Бұл жағдайда, Қылмыстық Кодекстiң 361-бабы бiрiншi бөлiгiнiң редакциясы оның мазмұнын орынсыз кең пайымдауға, демек негiзсiз қылмыстық қудалауға жол бере отырып, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын заңмен шектеудiң жоғарыда көрсетiлген өлшемдерiне сәйкес келмейдi, Негiзгi Заңның 39-бабы 1-тармағының талаптарына сай емес және сонда баяндалған конституциялық мақсаттарды көздемейдi.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 361-бабының бiрiншi бөлiгi ("Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 26 наурыздағы N 240-III Қазақстан Республикасы Заңының редакциясында) Қазақстан Республикасы Конституциясының
12-бабының 2-тармағына, 20-бабының 1 және 2-тармақтарына,
39-бабының 1-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келмейдi және, сондықтан, конституциялық емес деп танылуға тиiс.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 361-бабының төртiншi бөлiгi ("Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы


26 наурыздағы N 240-III Қазақстан Республикасы  Заңының  редакциясында) осы баптың бiрiншi бөлiгi үшiн саралау белгiлерiн анықтайды. Соның салдарынан, Негiзгi Заңның 4-бабы
1-тармағының талаптарын негiзге ала отырып, Қылмыстық Кодекстiң 361-бабының  төртiншi бөлiгi осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң саралау белгiлерiн анықтауға қатысты бұл да конституциялық емес деп танылуға тиiс.

Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы


29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37,
40-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет