Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет44/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір қаулыларына жекеше нотариустерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін жеке мөрлерінде пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша қосымша түсіндірме беру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өтініші бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2010 жылғы 19 мамырдағы № 2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, кұрамында Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелері І.Ж. Бақтыбаев,
Н.В. Белоруков, А.Н. Жайылғанова
, В.А. Малиновский,
А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан өзінің ашық отырысында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір қаулыларына жекеше нотариустерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін жеке мөрлерінде пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша қосымша түсіндірме беру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өтінішін қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне
2010 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Қаулысын түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 6 шілдедегі №3 Қосымша қаулысын ескере отырып, «Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Қаулысын, жекеше нотариустерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін жеке мөрлерінде пайдалану құқығын беру бөлігінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына түзетулер енгізу мүмкіндігі тұрғысында қосымша түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестің мүшесі


А.Н. Жайылғанованың хабарлауын тыңдап, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өтінішінің мазмұнын зерделеп және Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті нормаларын, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарын талдап шығып, Конституциялық Кеңес бұл өтініш бойынша конституциялық іс жүргізу мынадай негіздерге орай тоқтатылуға тиіс деген ұйғарымға келді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өзінің өтінішінде жекеше нотариустерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін жеке мөрлерінде пайдалану құқығын беру бөлігінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258-ІІІ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына түзетулер енгізу мүмкіндігі туралы мәселе қояды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 9-бабына сәйкес мемлекеттік рәміздер – Тудың, Елтаңбаның және Гимннің сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.

Осы конституциялық норма дамытыла келе, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабында «осы Конституциялық заңда белгіленгеннен басқа жағдайларда мемлекеттік емес ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының бланкілерінде, мөрлерінде және басқа да реквизиттерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін пайдалануға тыйым салынады»,


деп белгіленді.

«Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Қаулысын түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 6 шілдедегі №3 Қосымша қаулысының қорытынды бөлігінің 2-тармағында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының ресми пайдаланылуы тәртібін айқындау заң шығарушының құзыретіне жатады және конституциялық заңмен белгіленеді», – деп Конституциялық Кеңес тікелей атап көрсетті.

Конституциялық Кеңестің бірқатар қаулыларындағы құқықтық позицияларға сай, Конституциялық Кеңес бұл мәселелер басқа мемлекеттік органдардың құзіретіне жататын жағдайлардың бәрінде оларды анықтау мен зерттеуден қалыс қалуға міндетті (Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 18/2 және 2003 жылғы 26 маусымдағы № 9 қаулылары).

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзінің


2010 жылғы 17 мамырдағы № 7-11662-10 қорытындысында дәл осындай көзқарасты ұстанады.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабы 1-тармағының


3) тармақшасына сәйкес мәлiмделген өтiнiш Конституциялық Кеңестiң қарауына жатпаса, конституциялық iс жүргiзу кез келген сатыда, бiрақ қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн тоқтатылуға тиiс. Конституциялық Кеңестiң мәлiмделген өтiнiш бойынша конституциялық iс жүргiзудi тоқтату туралы шешiмi өтiнiш субъектiсiн Конституциялық Кеңеске осы негiздер бойынша қайтадан өтiнiш беру мүмкiндiгiнен айырады.

Баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы


№ 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 30-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын және 2-тармағын, 31-33,
37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 1-тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституция-лылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Қаулысын түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
2006 жылғы 6 шілдедегі № 3 Қосымша қаулысын ескере отырып, «Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Қаулысын қосымша түсіндіру туралы өтініші бойынша конституциялық іс жүргізу, мәлімделген өтініш Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қарауына жатпайтындықтан тоқтатылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.



Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабының

1-тармағын ресми түсiндiру бөлiгiнде қайта қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2004 жылғы 18 маусымдағы N 7 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И. Рогов және Кеңес мүшелерi Қ.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
С.Ф. Бычкова, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк-құқық басқармасының сот жүйесi мәселелерi жөнiндегi бөлiм меңгерушiсi П.А. Пақырдiновтiң, Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың, Республика Әдiлет вице-министрi С.Н. Баймағанбетовтiң, Республика Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмгершiлiгi жөнiндегi комитеттiң төрағасы В.М. Борисовтың қатысуымен,

өз бастамасы бойынша ашық отырыста Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын,
77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы
6 наурыздағы N 3 қаулысын қайта қарау туралы мәселенi қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны – Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф. Бычкованы және отырысқа қатысушыларды тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:
Конституцияның 79-бабының 1-тармағын түсiндiрген кезде, Конституциялық Кеңестiң қайта қаралып отырған қаулысының уәждеу бөлiгiнде мынадай деп атап көрсетiлген:

"Аталған Жарлықтың 8-бабының 1-тармағына сәйкес бiрiншi сатыдағы соттарда iстердi қарауды судья жеке, ал ерекше жағдайларда тұрақты үш судьяның құрамында жүзеге асырады"


(7-тармақтың екiншi абзацы);

"Қолданылып жүрген заңда белгiленген тұрақты судьялардан тұратын соттармен салыстырғанда бұрын болған халық соттары және басқа елдердегi қазiргi ант берген судьялар судьялардың тұрақтылық және кәсiбилiк сияқты белгiлерiн иеленбейдi"


(7-тармақтың үшiншi абзацы).

Конституциялық Кеңес қаулысының қаулы алу бөлiгiнде мынадай деп белгiленген: "...7. Конституцияның 79-бабының


1-тармағының нормасы мен сот құрылысы туралы қолданылатын заң соттар тек кәсiби, тұрақты судьялар құрамында құрылатынын ескередi. Республикада қолданылатын құқық бойынша соттарды басқа құрамда құру ескерiлмеген".

Республика Конституциясының 79-бабының 1-тармағына ресми түсiндiрменi Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 7 қазандағы N 284-I Заң қабылданғанға дейiн берген болатын, бұл заң Негiзгi Заңның 75-бабының


2-тармағын мынадай ережемен толықтырды: "заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқа заседательдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады".

Осылайша, Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы


6 наурыздағы N 3 қаулысының уәждеу бөлiгi 7-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары және қаулы алу бөлiгiнiң 7-тармағы
1998 жылғы 7 қазандағы редакциясындағы Республика Конституциясының 75-бабының 2-тармағына сәйкес келмейдi.

Баяндалғанның негiзiнде, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 36-бабы


1-тармағының 1) тармақшасын және 2, 3-тармақтарын,
31-33-тармақтарын, 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысы  ережелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциясының
79-бабының 1-тармағын "алқа соты институтын" құру мәселесi бойынша ресми түсiндiру бөлiгiнде күшi жойылсын.

Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысының уәждеу бөлiгi
7-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары;

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң


1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысының қаулы алу бөлiгiнiң
7-тармағы.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.



  1. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер

мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы

N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң кейбiр нормативтiк қаулыларын қайта қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2007 жылғы 8 қарашадағы N 9 қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға
И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев, Н.В.Белоруков, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов,
Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты


Қ. Ахметовтың,

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты


Н.Н. Турецкийдiң,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары


А.Қ. Дауылбаевтың,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл А.О. Шәкiровтiң,

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Жауапты хатшысы В.К. Советскийдiң қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында»"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"


2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының  қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң бұдан бұрын қабылданған кейбiр нормативтiк қаулыларын қайта қарау туралы мәселенi қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi


Н.В. Белоруковтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулыларын және өзге де конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы
N 254-III Қазақстан Республикасының Заңы арқылы елiмiздiң Негiзгi Заңына елеулi тузетулер енгiзiлдi. Конституциялық новеллаларда қоғамдық және мемлекеттiк институттардың бiрiгiп кетуiне және қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк қаржыландыруға салынатын тыйымды алып тастау (Конституцияның 5-бабы), өлiм жазасын қолдану ауқымын шектеу (Конституцияның 15-бабы), тек қана соттың санкциясымен тұтқындау және қамауда ұстау (Конституцияның 16-бабы) көзделген. Конституцияға Республика Президентi сайланатын мерзiмдi (41-бап), Парламенттiң өкiлеттiгiн, депутаттарының санын, оларды сайлау тәртiбiн және өкiлеттiгiн тоқтату негiздерiн (50-58, 61-63-баптар), Үкiметтi (44, 56-баптар), Конституциялық Кеңестi (57, 71-баптар)  және басқа да кейбiр мемлекеттiк органдарды (57, 58-баптар)  құру рәсiмдерiн өзгертетiн түзетулер енгiзiлдi. Негiзгi Заңның сот және құқық қорғау жүйелерiнiң (75, 82, 84-баптар) , жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару (86, 87, 89-баптар) қызметiн регламенттейтiн және басқа да кейбiр нормалары өзгертiлдi.

Конституциялық реформа негiзгi қоғамдық-саяси институттар мен олардың даму келешегiн түсiнудегi жаңа тұжырымдамалық көзқарастарды айқындап бердi. Конституцияға енгiзiлген бiрқатар өзгерiстер мен толықтырулар (5, 43, 44, 51, 84, 89-баптар), өзара байланыса келе, мемлекеттiк билiктiң мақсатын, мемлекет функциясының мазмұнын жаңаша түсiндiруге, мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың өзара қарым-қатынасы принциптерiн айқындауға, азаматтық қоғам институттарын мемлекеттiк маңызы бар мәселелердi шешуге кеңiнен қатыстыруға, өзгерiп отыратын қоғамдық қатынастармен бара-бар заң нормаларын белгiлеуге мүмкiндiк бередi.

Бұл елiмiздiң бүкiл нормативтiк құқықтық базасын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулыларын қоса отырып, жаңартылған Конституцияға сәйкестендiрудi
талап етедi.

"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық Кеңестiң шешiмiн ол өз бастамасы бойынша, егер Кеңес қабылданған шешiмге негiз болған Конституция нормасы өзгердi деп тапқан жағдайда, қайта


қарауы мүмкiн.

Жүргiзiлген талдау көрсеткенiндей, Конституциялық Кеңестiң бұдан бұрын қабылданған кейбiр нормативтiк қаулылары қайта қарауды талап етедi. Негiзгi Заңның өзгертiлген және толықтырылған нормаларына сәйкес келмейтiндерi толығымен жойылуға тиiс, Конституциялық Кеңестiң конституциялық новеллаларға сәйкес келмейтiн жекелеген ережелерiн алып тастағанда Конституция нормаларын түсiндiрудiң iшкi қисыны, мазмұндылығы мен мағынасы жоғалмайтын нормативтiк қаулылары iшiнара жойылуға тиiс. Сол арқылы, Конституциялық Кеңестiң тиiстi конституциялық өкiлеттiгi жүзеге асырыла отырып қабылданып, iшiнара күшi жойылып отырған қорытынды шешiмдерде бекiтiлген құқықтық позициялардың нысаны өзгермейдi және ауқымы кеңеймейдi.

Жазылғанның негiзiнде, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын,
2 және 3-тармақтарын, 31-33 және 40-баптарын, 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мына нормативтiк қаулыларының толығымен күшi жойылды деп танылсын:

1.1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының


5-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы
29 сәуiрдегi N 8/2 ;

1.2. "Парламент Мәжiлiсi депутатының өкiлеттiгiн тоқтату үшiн негiздер бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 1 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы  N 12/2;

1.3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы
26 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдаған "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы өтiнiшi туралы" 1998 жылғы 31 шiлдедегi N 5/2 ;

1.4. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң


1998 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдаған "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi туралы" 1999 жылғы 18 ақпандағы N 15/2 ;

1.5. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 18 ақпандағы N 15/2 қаулысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарсылығы туралы" 1999 жылғы 29 наурыздағы N 15/3;

1.6. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабы 1-тармағын және 84-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы"
2000 жылғы 26 желтоқсандағы  N 23/2 ;

1.7. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының


3-тармағын, 6-бабының 1-тармағын, 8-бабын және 66-бабының
5) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 12 сәуiрдегi
N 1/2;

1.8. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының


3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы
17 мамырдағы N 7/2 ;

1.9. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының


1 және 4-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы
8 маусымдағы N 8/2 ;

1.10. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 және 83-баптарын ресми түсiндiру туралы" 2003 жылғы


31 желтоқсандағы  N 13 ;

1.11. "Қазақстан Республикасы Конституциясының


50-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2004 жылғы
12 ақпандағы N 1 .

2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мына нормативтiк қаулыларының:

2.1. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының
1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының
3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3:

дәлелдеме бөлiгiнiң 4-тармағының бiрiншi абзацы; дәлелдеме бөлiгiнiң 7-тармағы; қаулы бөлiгiнiң 4-тармағының бiрiншi сөйлемi; қаулы бөлiгiнiң 6-тармағындағы "тек қана" деген сөздер алынып тасталып;

2.2. "Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2:

дәлелдеме бөлiгiнде "Конституцияның 52-бабының


1-тармағында Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес делiнген. Бұл нормалардың мәнiнен шығатын жәйт, депутаттың қызметi ешқандай да аманатқа немесе тапсырмаға қатысты емес, ол жалпы мемлекеттiк мүдделердi басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы"
1995 жылғы 16 қазандағы Жарлығының 24-бабының 1-тармағында: "Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен, соның iшiнде аманат немесе тапсырмамен байланысты емес және Парламентте өз сенiмi бойынша дауыс бередi" деп көрсетiлген" деген сөздер алынып тасталып;

2.3. "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы" 1999 жылғы 2 шiлдедегi


N 12/2:

дәлелдеме бөлiгiнiң жетiншi абзацындағы "және сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк қаржыландыруға" деген сөздер алынып тасталып;

2.4. "Қазақстан Республикасы Конституциясының
52-бабының 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының
4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 19/2:

дәлелдеме бөлiгiнiң 1-тармағы;

дәлелдеме бөлiгiнiң 3-тармағы тоғызыншы абзацының бiрiншi сөйлемi;

қаулы бөлiгiнiң 1-тармағы алынып тасталып;

2.5. "Қазақстан Республикасы Конституциясының
61-бабының 7-тармағын және 63-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы N 6: дәлелдеме бөлiгiнiң 4-тармағы; қаулы бөлiгiнiң 4-тармағы алынып тасталып, iшiнара күшi жойылды деп танылсын.

3. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 40-бабына сәйкес, осы қаулының керi күшi болмайды, сондықтан Конституциялық Кеңестiң бұдан бұрын қабылданған нормативтiк қаулыларының толығымен не iшiнара күшiн жою, Конституцияның 74-бабының 1 және 2-тармақтарына орай, конституциялық емес деп танылған заңдарға Республика Президентi қол қоюы немесе оларға заңдық күш қайтарылуы мүмкiн екендiгiне әкеп соқтырмайды деп белгiленсiн. Қажет болған кезде мұндай заңдар Конституцияда  және нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау тәртiбiн регламенттейтiн заңнамада белгiленген рәсiмдердi сақтай отырып қайта қабылдануы мүмкiн.

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



"Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы

2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 қаулысын және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы

1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы

12 сәуiрдегi N 1/2 қосымша қаулысын қайта қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2008 жылғы 7 ақпандағы N 1 Нормативтiк қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға
И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Н.В. Белоруков,
В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты


Н.Н. Турецкийдiң,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары


А.Қ. Дауылбаевтың,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң өкiлi – Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануына байланысты, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 қаулысын және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының
13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы
12 сәуiрдегi N 1/2 қосымша қаулысын қайта қарау туралы
мәселенi қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi


Ү.М. Стамқұловтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, сарапшы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры М.К. Сүлейменовтiң қорытындысымен танысып, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң нормативтiк қаулыларын және өзге де конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет