Қазақстан Республикасының Конституциясы


-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ



Pdf көрінісі
бет39/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
4-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
32-бап
. Коммерциялық емес ұйымның қызмет түрлерi
1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым 
салынбаған және коммерциялық емес ұйымның мақсаттарына сәйкес келетiн, оның 
құрылтай құжаттарында көзделген бiр немесе бiрнеше қызмет түрiн жүзеге асыра алады.
2. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдар 
айналысуға құқылы қызмет түрлерiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде 
шектеулер қойылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйымдар заң актілеріне сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн 
лицензиялар негiзiнде ғана жүзеге асыра алады. 
33-бап
. Коммерциялық емес ұйымның кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы
1. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей ғана 
кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алады.
2. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың 
кәсiпкерлiк қызметiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы 
мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлiк қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың 
есебiн жүргiзедi.
4. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне салық салу Қазақстан 
Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын кiрiстердi 
коммерциялық емес ұйымдардың мүшелерi (қатысушылары) арасында бөлiсуге 
болмайды, ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, 
қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi. 
34-бап
. Коммерциялық емес ұйымның мүлкi
1. Коммерциялық емес ұйымның меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оның 
жарғысында көзделген қызметiн материалдық жағынан қамтамасыз етуге қажеттi, заң 
актілеріне сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың меншiгiнде болуға болмайтын 
мүлiктiң жекелеген түрлерiн қоспағанда, объектiлер, мүлiк, сондай-ақ өзiнiң қаражаты 
есебiнен құрылған ұйымдар болуы мүмкiн.
Дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебiнен иемденiп алған немесе өздерi құрған, 
азаматтар, ұйымдар қайырмалдық ретiнде берген, немесе мемлекет берген және заң 
актілеріне қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша иемденiп алынған мүлiкке меншiк 
құқығы болады.
Мекеменің өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген 
қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен айыруға немесе өзгеше 
әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.
2. Коммерциялық емес ұйым (мекемелердi қоспағанда) өз мiндеттемелерi бойынша 
өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi. 
35-бап
. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерi
1. Мыналар:
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсiмдер;
2) ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;
3) заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет 
көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);


4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) 
бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы (мүдде);
5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актілерiне сәйкес, коммерциялық 
емес ұйымның мүлкін ақшалай және өзге де нысандардағы құрау көздерi болып табылады.
2. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң кiрiс көздерiне заң 
актілерімен шектеулер қойылуы мүмкiн.
3. Құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түсетiн қаржы және өзге де 
қаражат түсiмдерiнiң тәртібі коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында 
белгiленедi.
4. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн, ақшалай нысаннан басқа, заттай және өзге 
нысандарда құрауға құрылтайшылардың салымдары барлық құрылтайшылардың келісімi 
бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық 
есептiк көрсеткiшке тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды аудиторлық ұйым растауға 
тиiс. 
36-бап
. Мүдделер қайшылығы
1. Коммерциялық емес ұйым мен мүдделi адамдардың арасындағы ұйымның мүлкiн 
пайдалануға байланысты мәмiлелер мүдделер қайшылығы орын алуын ұйғарымдайды.
2. Коммерциялық емес ұйымның басқару органының (басшылық етушi органының) 
мүшелерi, сондай-ақ осы өз ұйымымен жеке өзi немесе өкiлi арқылы мәмiлелер 
жасасатын, ұйыммен қатынастарына орай өз мүлкiмен ұйымға билiк етуге ықпал ете 
алатын адамдар мүдделi адамдар деп танылады.
3. Коммерциялық емес ұйым мүдделi адамдардың туыстарымен, сондай-ақ олардың 
кредит берушiлерiмен мәмiлелер жасаса да мүдделер қайшылығы ұйғарымдалады. 
37-бап
. Мүдделер қайшылығын шешу
Мүдделер қайшылығы ұйғарымдалған мәмiленi коммерциялық емес ұйымның 
уәкiлеттi органы бекiтуге тиiс. Мүдделi адам осындай мәмiле жасасудың ұйғарымдалғаны 
туралы ұйымның уәкiлеттi органын хабардар етуге тиiс.
Егер мәмiленi уәкiлеттi органдар бекiтпеген болса, мүдделер қайшылығы орын алған 
мұндай мәмiленiң жасалуы нәтижесiнде коммерциялық емес ұйымға келтiрiлген 
шығындардың орнын толтыруға мүдделi адам жауап бередi.
Шығындардың орнын толтыруға қоса, осындай мүдделi адам осындай мәмiленi жасау 
нәтижесiнде алған сол адамның бүкiл кiрiсiн коммерциялық емес ұйымға қайтаруға тиiс.
Егер шығындар бiрнеше мүдделi адамның iс-қимылдары нәтижесiнде туындаған 
болса, олар коммерциялық емес ұйымның алдында ортақ жауап беруi тиiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет