541-бап.
Соттар
1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың
судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы
Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80 - 84, 85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 85-
1 (екiншi бөлiгiнде), 85-2 (екiншi бөлiгiнде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95 - 110-
1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 135-1, 136 - 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1,
143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-6 (2-1-бөлігінде),
147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он
үшінші, он төртінші бөліктерінде), 147-11, 147-12, 147-13 (үшінші, бесінші және алтыншы
бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртiншi бөлiгiнде), 155-2, 156, 157,
157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бiрiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 162,
163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3,
163-4, 163-6, 165, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 168-1, 168-3, 168-5, 168-8, 175
(екiншi бөлiгiнде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және
аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 176 (бiрiншi және үшінші
бөлiктерiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-1, 183, 184,
184-1, 185, 187, 188 (екiншi бөлiгiнде), 190, 192, 200, 202, 203, 208-1, 209, 213 (төртінші -
алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 219-6, 219-8 (екінші және үшінші
бөліктерінде), 222 - 226, 228-229, 230-1, 230-2, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235
(екiншi бөлiгiнде), 235-1 (төртінші бөлігінде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екiншi бөлiгiнде),
275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi
бөлiктерiнде), 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304
(екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде),
306-2, 306-3 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi
бөлiктерiнде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 309-
5, 310-1 (1-1 және екінші бөліктерінде), 311-1 (жетiншi бөлiгiнде), 312-1, 314, 315, 316, 317
(екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктерінде),
318, 319, 319-1, 320 (бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде), 321, 322 (үшiншi, төртiншi және
бесiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 324-
1, 324-2, 326, 327 (бiрiншi бөлiгiнде), 328, 330, 330-1 (екiншi бөлiгiнде), 332 (бiрiншi,
екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-
2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342 - 344, 346 - 357, 357-1,
357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 357-7 (екiншi бөлiгiнде), 359, 361, 362,
362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371
(екiншi бөлiгiнде), 372 - 376, 380 (екiншi бөлiгiнде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде),
388, 389-1, 390 (екiншi бөлiгiнде), 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (екiншi және үшiншi
бөлiктерiнде), 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 394-1, 396 (төртiншi
бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417,
417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446
(екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде), 461
(3-1-бөлiгiнде), 463-3 (бесiншi бөлiгiнде), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 465
(екiншi бөлiгiнде), 466 (екiншi бөлiгiнде), 467, 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде),
468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екiншi бөлiктерiнде), 473 (үшiншi бөлiгiнде), 474-1,
477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшiншi
және бесiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513 - 518, 520 - 537-
1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
1-1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
соттардың судьялары:
1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстің 320 (екінші бөлігінде), 331, 332
(үшінші бөлігінде), 334 (үшінші бөлігінде), 341 (екінші бөлігінде), 500-баптарында (екінші
бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;
2) осы Кодекстің 111, 111-1, 112, 112-1, 114, 115, 115-1, 116, 117, 327 (екінші
бөлігінде), 336 (1-1-бөлігінде), 336-3 (екінші бөлігінде), 336-4 (екiншi бөлiгiнде), 519-
баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Судьялар, iстiң қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бірiншi
бөлiгiнде көрсетiлгендерден басқа, әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бірi ретiнде шетелдiк
азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен
әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, лицензиядан, арнаулы
рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен), арнаулы құқығынан айыру, әкiмшiлiк
құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою
не тәркiлеу, сондай-ақ құрылыстарды ерiксіз бұзу, белгiлi бір қызметпен айналысуға
тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
3. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың
судьялары сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан
осы Кодекстің 513-бабында көзделген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы
істерді қарайды.
723-бап
. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру немесе оған
тыйым салу туралы қаулыны орындау
1. Заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым
салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья шығарады және оны
шешiмнiң заңды күшiне енуi бойынша заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе жеке
кәсiпкер жедел орындауға тиiс.
2. Еңбек шарттары бойынша есеп айырысуды, өз қызметi нәтижесiнде келтiрiлген
шығындардың орнын толтыруды және айыппұлдарды төлеудi қоспағанда, заңды тұлғаның
және жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру кезеңiнде олардың банктiк салымдарды
пайдалану құқығы тоқтатыла тұрады. Қоғамдық бірлестiктiң қызметiн тоқтата тұру
кезеңiнде оған бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге,
митингiлер, демонстрациялар және басқа да көпшiлiкке арналған шараларды өткізуге,
сайлауға қатысуға тыйым салынады. Егер қызметiн тоқтата тұру белгiленген мерзiм
iшiнде қоғамдық бірлестiк тәртiп бұзушылықты жойса, қаулыда аталған мерзiм бiткеннен
кейiн қоғамдық бірлестiк өз қызметiн қайта жалғастырады.
3. Заңды тұлға құрылтайшысының (басқарушы органының, лауазымды адамының)
немесе жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі судья
қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда қаулы уәкiлеттi органның
атқарушылық iс жүргiзу тәртібімен орындалады.
724-бап
. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру не оған
тыйым салу туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Уәкiлеттi лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң жұмысын iшiнара
немесе толық тоқтата тұрады, үйлердi, ғимараттарды, жекелеген үй-жайларды,
қоймаларды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады.
2. Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметiне
тыйым салу (оны тарату) туралы шешiмдi алған соң, заңдарда көзделген қызметке тыйым
салу (оны тарату) тәртібінiң сақталуын тексередi және он күн iшiнде заңды тұлға
қызметiнiң тоқтатылғанын тiркейдi, бұл туралы мемлекеттік статистика саласындағы
уәкілетті органға хабарланады.
|