233-2-бап
.
Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу
1. Террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террористік
топ), сондай-ақ оған басшылық ету, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Террористік топтың қызметіне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы
бола отырып жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген
әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
334-бап
. Жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi,
көше шерулерiн және
демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу
1. Жиналыс, митинг, пикет, көше шеруiн немесе демонстрация ұйымдастырушының
жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды
ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзуы, егер бұл әрекет көлiк жұмысының бұзылуына
алып келсе, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi түрде
зиян келтiрсе -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық
есептiк көрсеткiшке дейiнгi
мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен
сағатқа дейiнгi мерзiмге
қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге
жазаланады.
2. Жиналысты, митингтi, пикеттi, көше шеруiн немесе демонстрацияны
ұйымдастырушы жасаған заңсыз жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi, көше
шерулерiн, және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу, сол сияқты заңсыз
жиналыстарға, митингтерге, пикеттерге, көше шерулерiне
немесе демонстрацияларға
белсене қатысу, егер бұл әрекеттер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген зардаптарға
алып келсе -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде
айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық
жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
336-бап
. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың қызметiне заңсыз
араласуы
1. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың заңды қызметiне кедергi
жасауы немесе мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдардың
функцияларын иемденуi, сол сияқты мемлекеттік органдарды саяси партиялар ұйымдарын
құру, егер бұл әрекеттер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғам мен
мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi
мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Қоғамдық бiрлестiктiң басшысы жасаған дәл сол әрекеттер -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi
мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш
жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен
айналысу құқығынан айыра отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
337-бап
. Заңсыз қоғамдық және басқа да бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне
қатысу
1. Қызметi азаматтарға зорлық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян
келтiрумен ұштасқан не азаматтардың азаматтық мiндеттерiн орындаудан бас тартуға
немесе құқыққа қарсы өзге де әрекеттер жасауға түрткi болған дiни немесе қоғамдық
бiрлестiктер құру немесе оған басшылық жасау, сол
сияқты дiни негiздегi партия, не
Қазақстан
Республикасының
заңдарында
тыйым
салынған
көздерден
қаржыландырылатын саяси партиялар немесе кәсiптiк одақтар құру немесе оған
басшылық жасау -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi
мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты
жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен
айналысу құқығынан айыра отырып, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нәсiлдiк, ұлттық, рулық,
әлеуметтiк, таптық немесе дiни төзбеушiлiктi немесе
артықшылықты уағыздайтын немесе оны iс жүзiнде жүзеге асыратын, конституциялық
құрылысты күштеп құлатуға, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге немесе
Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа шақыратын
қоғамдық бiрлестiк құру, сол сияқты осындай бiрлестiкке басшылық жасау -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш
жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде аталған бiрлестiктердiң қызметiне
белсене қатысу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде
айыппұл салуға, не алты жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
338-бап
. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарына жәрдем
көрсету
Басқа мемлекеттердiң саяси партияларын немесе кәсiптiк одақтарын қаржыландыру,
үй-жай немесе мүлiк беру, сол
сияқты өзге де жәрдем көрсету, егер бұл әрекеттер
азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң, не қоғам мен мемлекеттiң
заңмен қорғалатын мүдделерiнiң елеулi түрде бұзылуына әкеп соқса -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде
айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, бір жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.