Қазақстан Республикасының Конституциясы


IX БӨЛIМ ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет19/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

IX БӨЛIМ
ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
90-бап
1. Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының 
Конституциясы референдум нәтижелерi ресми түрде жарияланған күннен бастап күшiне 
енедi, сол мезгiлден бастап бұрынғы қабылданған Қазақстан Республикасы 
Конституциясының күшi жойылады.
2. Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке - 
Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнi деп жарияланады.
 
91-бап
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентінің өз 
бастамасымен, Парламенттiң немесе Үкiметтiң ұсынысымен қабылданған шешiмi 
бойынша өткiзiлетiн республикалық референдум өзгертулер мен толықтырулар енгізуi 
мүмкiн. Егер Президент оны Парламенттiң қарауына беру қажет деп ұйғарса, 
Конституцияға енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық 
референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттiң шешiмi Конституцияда 
белгiленген тәртiппен қабылданады. Егер Республика Президентi Конституцияға 
өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы 
Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының 
әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк даусымен 
Парламент осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң 
қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi осы заңға қол қояды 
немесе оны республикалық референдумға шығарады, егер республикалық референдумға 
қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге 
қатысса, ол өткiзiлдi деп есептеледi. Республикалық референдумға шығарылған 
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс 
беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп 
есептеледі.
2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастығын, 
Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды.
 
92-бап
1. Конституциялық заңдар Конституция күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде 
қабылдануға тиiс. Егер Конституцияда конституциялық деп аталған заңдар немесе заң 
күшi бар актiлер ол күшiне енген кезде қабылданып қойған болса, онда олар 
Конституцияға сәйкес келтiрiледi де, Қазақстан Республикасының конституциялық 
заңдары деп есептеледi.
2. Конституцияда аталған өзге заңдар Парламент белгiлейтiн тәртiп пен мерзiмде
бiрақ Конституция күшiне енген күннен бастап екi жылдан кешiктiрiлмей қабылдануға 
тиiс.


3. Республика Президентінің өзiне берiлген қосымша өкiлеттiктi жүзеге асыру мерзiмi 
iшiнде «Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша 
қосымша өкiлеттiк беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес шыққан және заң күшi бар Жарлықтары Республика 
заңдарын өзгерту, толықтыру немесе күшiн жою үшiн көзделген тәртiппен ғана өзгертiлуi, 
толықтырылуы немесе күшiн жоюы мүмкiн. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабының 12-15, 18 және 20 
тармақтарымен көзделген мәселелер бойынша өзiне берiлген қосымша өкiлеттiктi жүзеге 
асыру мерзiмi iшiнде шыққан Республика Президентінің Жарлықтары Республика 
Парламентiнiң бекітуiне жатпайды.
4. Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының 
заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және Конституция қабылданған 
күннен бастап екi жыл iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет