Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының



Дата03.07.2018
өлшемі42 Kb.
#46239
















Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

«Қазақстан Республикасының

банктерінде клиенттердің банктік

есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу

тәртібі туралы ережені бекіту туралы»

2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына

толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының банктерінде жаңадан құрылатын қоғамдық бірлестіктердің уақытша жинақ шоттарын ашу және жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2000 жылы жарияланған, № 9; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы» 2001 жылғы 8 қазандағы № 382, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1675 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы жарияланған, № 40-41, «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 21 наурыздағы № 90, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2244 тіркелген, 2003 жылғы 6 маусымда «Казахстанская правда» газетінің № 163-164 жарияланған, «Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 140, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2343 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2003 жылғы 2–15 маусымда жарияланған, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4094 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурызда «Юридическая газета» газетінің № 42-43 жарияланған қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережеде:

37-тармақта «тұлға үшін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жаңадан құрылатын саяси партия үшін» деген сөздермен толықтырылсын;

38-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Жаңадан құрылатын саяси партияның уақытша жинақ шотына Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңнамалық актімен рұқсат етілген қаражат есептелуі мүмкін.»;

41-тармақта:

«заңды тұлғаның құрылтайшылары» деген сөздер «уақытша жинақ шотын ашуға және жабуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

«құрылтайшылардың» деген сөзден кейін «не олардың бастамасы бойынша саяси партия құрылатын жеке тұлғалардың» деген сөздермен толықтырылсын;

«заңды тұлғаның құрылтайшыларына (жеке және/немесе заңды тұлғаларға)» деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі
бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Заң департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.



5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы Ә. Сәйденов





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет