Қазақстан республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды даярлық сыныптарында


Бір жас тобында жұмыс істейтін екі тәрбиеші жұмыс кестесіне



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата18.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#143760
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі «мектепке де

Бір жас тобында жұмыс істейтін екі тәрбиеші жұмыс кестесіне 
сәйкес кезекпен қашықтықтан сабақтар өткізеді (
егер бір тәрбиеші 


12 
кезекші топта жұмыс істесе, онда екінші тәрбиеші кезекші топтарға 
қамтылмаған балаларға қашықтықтан сабақтар ұйымдастырады және 
керісінше
). 
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты жақсарған кезде 
санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымның 
штаттық режимде жұмыс істеуіне біртіндеп көшуі жүзеге асырылады. 
Ерте жастағы балаларды дамыту (1 жастан бастап) 
Стандартқа сәйкес ерте жас тобының жас кезеңдері және жас топтары 
мынадай: 
1) бөбек жасы – 0-3 жас: 
нәрестелік жас – туғаннан бастап; 
ерте жас – 1 жастан бастап (ерте жас тобы); 
кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ). 
Топтар санитариялық қағидаларға сәйкес толықтырылады. 
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі: 
1) ерте жас тобында (1 жастан бастап) - ұзақтығы 7-10 минут (7 сағатты); 
2) кіші топта (2 жастан бастап)-ұзақтығы 10-15 минут (9 сағатты) 
құрайды. 
Ерте жастағы баланы дамыту оның жеке және жас ерекшеліктеріне 
сәйкес іске асырылады. Балалардың дамуындағы жетістіктерін қадағалау 
олардың әрекет түрлерінде белсенділігін бақылау барысында жүзеге 
асырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны «Денсаулық», 
«Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына 
негізделген және оларды әрекет түрлерін ұйымдастыру арқылы кіріктіру 
жолымен іске асырылады. 
Ерте жастағы балаларды дамытудың негізгі міндеттері - балаларды 
әлеуметтендіруге, дербестікке тәрбиелеуге, әлеуметтік-тұрмыстық және 
әлеуметтік-коммуникативтік біліктері мен дағдыларын дамытуға, оларды 
әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам және мемлекет дәстүрлеріне 
баулуға бағытталған. 
Осы міндетті іске асыру мақсатында балаларды тәрбиелеу мен оқыту 
мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйымдар жанында консультациялық 
пункттердің жұмысын жетілдіру ұсынылады. 
Консультациялық пункттердің мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалары мектепке дейінгі 
ұйымдарға бармайтын ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету болып 
табылады. 
Міндеттері: 
- ата-аналар қауымдастығына мектепке дейінгі ұйым мамандарының 
психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуін жүзеге асыру;


13 
-
балаларды мектепке дейінгі ұйым жағдайларына бейімдеу және 
әлеуметтендіру; 
-
ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық құзыреттілігін 
арттыру; 

мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы ықтимал 
бұзылыстардың алдын алу және уақтылы теңестіру. 
Консультациялар өткізу үшін тақырыптардың үлгі тізбесі: 
- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектеп жасына дейінгі 
балаларды әлеуметтендіру; 
- ерте жастағы балаларды дамытудың жас кезеңдері; 
- балалардың тамақтануын ұйымдастыру; 
- үй жағдайында ойын әрекетін ұйымдастыру; 
- балаларды шынықтыру және сауықтыру үшін жағдай жасау және т. б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет