Жас кезеңдері және жас топтары (балалардың жасы – оқу жылының басындағы толық жасы) мынадай: 2) мектепке дейінгі жас – 3-6 жас: орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ); ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ). Балаларды оқыту қазақ тілінде жүргізілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі: -ортаңғы топта (3 жастан бастап) - ұзақтығы 15-20 минут(11сағатты); -ересек топта (4 жастан бастап) - ұзақтығы 20-25 минут(12 сағатты) құрайды. Балаларды оқыту орыс тілінде жүргізілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі мынадай: - ортаңғы топта (3 жастан бастап) - ұзақтығы 15-20 минут(11,5 сағат); -ересек топта (4 жастан бастап) - ұзақтығы 20-25 минут(12,5 сағат). Үлгілік оқу жоспарының құрылымында инвариантты және вариативтік бөлік көрсетіледі. Инвариантты бөлік міндетті бөлімнің орындалуын – Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйым қызметінің бағыты, штаттық кестеге сәйкес кабинеттердің және мамандардың болуы ескеріледі.
Тәрбиелеу мен оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі:
ортаңғы топ балалары үшін –0,5 сағатты;
ересек топ балалары үшін –1,5 сағатты құрайды.
Тәрбиелеу мен оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі мынадай:
ортаңғы топ балалары үшін –1сағатты;
ересек топ балалары үшін – 2 сағатты құрайды.