Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет156/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   288
Байланысты:
ӘНХ
То сан. – сынып. «Са талу за дары» бжб, 9 класс ББЖБ №4
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 
5-9-сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған 
мазмұндағы оқу бағдарламасының басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін 
дамыту, оқушылардың дене дамуы қасиеттерін және олармен байланысты 
қабілеттерін жетілдіру.


201 
Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. 
Ол оқушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін 
қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептегі білім беру контексінде дене 
шынықтыру білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттайды.
 
Оқу бағдарламасы білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере 
отырып, дене және психикалық денсаулығын нығайтуға уәждемесін (мотивация) 
арттыруға, білім алушылардың арнайы спорттық (спорттық-спецификалық) қимыл 
дағдыларын меңгеруіне, дене қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
Оқу бағдарламасында дене шынықтыру мен спортты дамыту тарихы 
бойынша білімді қалыптастыру; негізгі дене дамуы қасиеттерін жетілдіру, арнайы 
спорттық біліктер мен дағдыларды дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту, 
атап айтқанда, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалану, оны тиісті 
нысанда нақты ұсыну қабілеті; ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту; 
адамгершілік-жігер, моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыру қарастырылған. 
Оқу бағдарламасы оқу жылы ішінде бағдарлама бөлімдерін оқытудың 
бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. 
Сағаттарды бөлу, сондай-ақ тақырыптарды оқу реті мұғалімнің қалауы 
бойынша өзгеруі мүмкін. 
«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1)
5-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат;
2)
6-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат;
3)
7-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат;
4)
8-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет