Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


-кeстe.  «Нeміс тілі», «Француз тілі»  пәндері бөлім бойыншa жиынтық  бaғaлaу сaны     Сыныбы



Pdf көрінісі
бет89/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   416
17-кeстe.
 «Нeміс тілі», «Француз тілі»  пәндері бөлім бойыншa жиынтық 
бaғaлaу сaны  
 
Сыныбы 
Жиынтық бaғaлaу сaны 
бөлім/ортaқ тaқырып үшін 
1 тоқсaн 
2 тоқсaн 
3 тоқсaн 
4 тоқсaн 
2-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
3-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
4-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 

Жиынтық  бaғaлaудa  бөлім  /  ортaқ  тaқырыпқa  сөйлeу  қызмeтінің  eкі  түрі 
біріктірілeді (мысaлы, тыңдaу жәнe сөйлeу; оқу жәнe жaзу). 
 
 
 


66 
 
«Шетел тілі» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі 
олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру 
 
Білім 
алушылардың 
«Шетел 
тілі» 
пәні 
бойынша 
білімдегі 
олқылықтарының  орнын  толтыру  бойынша  жүйелі  жұмыс  төмендегідей 
міндеттерді шешуге бағытталған: 
•  «Шетел  тілі»  пәні  бойынша  білім  алушылардың  үлгерімі  мен  білім 
сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар қабылдау
• өзін-өзі бақылауға үйрету; 
• өзін-өзі бақылау қажеттілігін қалыптастыру; 
• орындалған жұмысқа жауапкершілік танытуға тәрбиелеу; 
• білім алушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
«Шетел  тілі»  пәні  бойынша  білім  алушылардың  біліміндегі 
олқылықтарды  анықтау  және  қайта  қалпына  келтіру  бойынша  жұмысты 
ұйымдастыру төмендегідей кезеңдерден тұрады:  
І кезең. Жалпы қателіктерді анықтау 
II кезең. Қателерді түзету 
ІІІ кезең. Жіберілген қателіктерді талдау 
IV кезең.  Кемшіліктерді жоюды жоспарлау 
V кезең. Кемшіліктерді жою. Сыныпта талдау жұмысын жүргізу 
VI кезең. Алдын алу шаралары 
І кезең. Жалпы қателіктерді анықтау 
Жазбаша  жұмыстарды  тексеру,  ауызша  жауап  беру,  өзіндік  және  өзара 
бақылау барысында жүзеге асады. 
Жазбаша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және өзі дербес орындауын 
қатаң  бақылау  ұсынылады.  Қателерді  анықтауға  арналған  жазбаша  жұмыстың 
тиімді түрлері: 

 
оқу  жылының  басында  және  соңында  қателіктерді  талдау  үшін  жеке 
өзіндік  жұмыс  үшін  әр  кестеге  мәліметтер  матрицасын  және  оған  сәйкес 
тестілеу беріледі; 

 
оқу  жылында  пән  бойынша  дәстүрлі  бақылау,    кесінді  бақылау 
жұмысы, теориялық материалды жазбаша зерттеу. 
Белгілі  бір  тақырыптың  типтік  қателері    мен  жалпы  білім  беру  дағды-
қабілеттерін анықтауға бағытталған ББҚ (білім, білу, қабілет) ауызша тексеру. 
Тест  тапсырмаларында  есте  сақтауды  (меңгергендерді  жаңғырту),  ойлауды 
(салыстыру,  дәлелдеу,  жалпылау),  сөйлеуді  дамытатын  сұрақтар  қамтылуы 
тиіс.  Ауызша  емтиханның  сапасы  сұрақтардың  іріктелуіне  және  олардың 
қойылу  реттілігіне  байланысты  болуы  қажет.  Әрбір  сұрақ  логикалық  түрде 
толық, қысқа және нақты болуы керек. 
Білім  алушылардың  бойында  өзін-өзі  бақылау  дағдылары  мен 
қабілеттерін  қалыптастыру  олардың  қателіктерін  өз  бетінше  табуға  мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар ол тәрбиелік, психологиялық,  педагогикалық тұрғыдан 
тиімді.  Мысалы,  мынадай  формаларды  пайдалануға  болады:  «Қатені  тауып, 
түсіндіріңіз»  (өзіңіздің  сыныптасыңыз  жасаған,  педагог  жоспарлаған), 
«Жауабын тексеріп, қатесін түсініңіз», «Жауабыңызды бағалаңыз». 


67 
 
Білім  алушылардың  оқу  іс-әрекетінің  сапасы  мен  тиімділігін  өзара 
бақылау  педагогке  олардың  білімін  тексеруге  көмектеседі  және  адалдық  пен 
әділеттілік,  ұжымшылдық  сияқты  жеке  қасиеттерінің  дамуына  ықпал  етеді. 
Білімді  өзара  тексеру  білім  алушылардың  белсенділігін  дамытады,  білімге 
қызығушылығын  арттырады.  Өзара  бақылау  барысында  білім  алушылардың 
жеке ерекшеліктері ашылады, білімге қызығушылығы артады. 
II кезең. Қателерді түзету 
Қателерді түзету қателерді анықтаумен қатар жүреді. Әрбір білім алушы 
өзінің «проблемалық» тақырыптарын бірнеше рет қайталауы арқылы шет тілін 
меңгеруде оң нәтижеге қол жеткізе алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет