Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет246/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   416
64-кесте.
  Оқу жүктемесінің көлемі  
Сынып 
Оқу пәнінің 
атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары 
(жаңартылған 
мазмұн) 
Үлгілік оқу жоспары  
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 
жаратылыстану-математика бағыты 
10 
Қазақ әдебиеті 

68 

68 
11 
Қазақ әдебиеті 

68 

68 
қоғамдық-гуманитарлық бағыт 
10 
Қазақ әдебиеті 

102 

68 
11 
Қазақ әдебиеті 

102 

68 
 
10-11-сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған 
жалпы  білім  беретін  пәндердің,  таңдау  курстарының  және  факультативтердің 
үлгілік  оқу  бағдарламаларын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2013  жылғы  3  сәуірдегі  
№  115  бұйрығына  өзгеріс  пен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  БҒМ  2017 
жылғы  27  шілдедегі  №  352  бұйрығымен  бекітілген  оқу  бағдарламаларымен 
жүзеге асырылады: 
-
 
жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы; 
-
 
жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  
10-11-сыныптарына 
арналған  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.  
 
ҚР  БҒМ  2017  жылғы  27  шілдедегі  №  352  бұйрығына  өзгерістер  енгізу 
туралы»  ҚР  БҒМ  2019  жылғы  7  наурыздағы  №105  бұйрығының  (Қазақстан 
Республикасының  Әділет  министрлігінде  2019  жылғы  12  наурызда  №  18382 
болып  тіркелді)  1-тармағында  Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ 
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге 
асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарда:  


215 
 
«Зобалаң заман шындығы» бөлімінің атауы «Заман шындығы» және сол 
бөлімде  оқытылатын  Лира  Қоныстың  «Тиын»  әңгімесі  Ерболат  Әбікеннің 
«Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесімен ауыстырылды. 
Аталған  бұйрықтың  1-тармағында  Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің 
қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  10-11-сыныптарына  арналған  «Қазақ 
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге 
асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарда: 
 
«Аңызбен  өрілген  көркем  сөз»  бөліміндегі  Ш.Айтматовтың  «Боранды 
бекет» романының орнына Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі; 
М.Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасының орнына Т. Әсемқұловтың 
«Бекторының қазынасы» әңгімесі енгізілді.  
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті 
ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне 
қолдау  көрсету,  дәлелдер  келтіру,  салыстыру  және  анализ  жасау,  бағалау 
дағдыларын  қалыптастыру.  Білім  алушылар  әдеби  жанрларға  эксперимент 
жасау  арқылы  драмалық  шығарманы  проза  тілімен,  прозаны  поэзия  тілімен 
жазу тәсілдерін меңгере алады.  
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:  
1)  «Қазақ  әдебиеті»  бағдарламасы  білім  алушылардың  сауаттылығын, 
олардың  әдеби  және  эстетикалық  талғамдары  мен  сезімдерін  дамыту,  ойлау 
қабілеттері  мен  танымдық  және  коммуникативтік  дағдыларын  қалыптастыру 
бағытында құрастырылған;  
2) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі 
маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;  
3)  қазақ  әдебиетінің  мәдениетаралық  қарым-қатынастағы  рөлін,  қазақ 
халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама-
қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;  
4)  түрлі  жағдайларға  бейімделе  білу  және  өздігінен  шешім  қабылдау 
дағдыларын қалыптастырады;  
5)  заманауи,  ғылыми  және  қоғамдық  дамуға  сәйкес  дүниетанымын 
дамытады. 
«Қазақ  әдебиеті»  пәндік  білімнің  мазмұны  бөлімдерге  бөлінген:  түсіну 
және  жауап  беру,  анализ  және  интерпретация,  бағалау  және  салыстыру. 
Сонымен  қатар,  дағдыларды  қалыптастыратын  бөлімшелерден  тұрады. 
Бағдарламаның бұл бөлімшелері пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады. 
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық 
құрылысын  талдау  арқылы  идеялық  мазмұнын  терең  түсіну,  әдеби 
шығармадағы  көтерілген  мәселелерді  ұлттық  мүдде  тұрғысынан  ашу,  көркем 
шығармадағы  кейіпкерлер  жүйесін  жинақтау  мен  даралау,  көркем 
шығармалардан  алған  үзінділерді  ғаламдық  тақырыптағы  мәселелермен 
байланыстыру, шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен 
үндестігін ашу;  
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын уақыт 
пен  кеңістік  тұрғысынан  талдау,  шығармадағы  авторлық  идеяның  өмір 


216 
 
шындығымен  байланысы,  шығармадағы  автор  стилі  мен  көркемдегіш 
құралдардың  қызметін  ашу,  көркем  шығармадағы  көтерілген  мәселелерге 
талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу, әлем 
және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту;  
3)  бағалау  және  салыстыру:  шығарманы  мазмұндас  туындылардың 
үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, көркем 
шығармадағы  көтерілген  мәселелердің  жаңашылдығына  сыни  тұрғыдан  баға 
беру,  шығарманың  идеясын  жалпыадамзаттық  құндылық  тұрғысынан  талдап, 
әдеби  эссе  жазу,  шығарманы  идеялық  жағынан  мазмұндас  туындылармен 
салыстыра отырып, әдеби сын жазу. 
«Қазақ  әдебиеті»  пәнінің  үлгілік  оқу  бағдарламасында  Блум 
таксономиясының  толық  меңгерту  теориясы  басшылыққа  алынып,  көркем 
шығарманы  толық  оқыту  қағидаты  сақталғандықтан  көркем  шығарма  аз 
берілген.  ХХІ  ғасырдың  жаңа  адамының  талғамын  қанағаттандырып, 
толғандырар  сұрақтарына  жауап  бере  алатын  толыққанды  әдеби  шығармалар 
енгізілген.  Бұл  ерекшеліктер  оқушылардың  шығармадағы  автордың  идеясын 
толық  түсінуге,  оны  жан-жақты  талдай  алу  қабілетін  дамытуға  және 
оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.   
Тоқсан  ішінде  көркем  шығармаларды  оқытуға  бөлінетін  сағат  сандарын 
шығарманың көлеміне, оқу мақсаттарының жеңіл, күрделілігіне қарай мұғалім 
өзі анықтайды. 
 
 
Жалпы  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу  жоспарын  (төмендетілген  оқу 
жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі ҚР БҒМ 2020 
жылғы  27  қарашадағы  №  496  бұйрығымен  бекітілген  Жалпы  орта  білім  беру 
деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  10-11-сыныптарына  арналған 
«Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  оқу  жүктемесі  төмендетілген  үлгілік  оқу 
бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады. 
 
Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  
10-11-сыныптарына 
арналған  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  жаңартылған 
мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасын  жүзеге  асыру  бойынша  ұзақ  мерзімді 
жоспарда төмендегі оқу мақсаттары қысқартылды:  
10-сыныпта: 
10.1.5.1  шығармадағы  ұлттық  құндылықтардың  әлемдік  тақырыптармен 
үндестігін ашу; 
10.2.1.1  әдеби  шығарманың  композициясын  уақыт  пен  кеңістік 
тұрғысынан талдау; 
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы 
өзекті  мәселелермен  байланыстыру»  деген  оқу  мақсаты  «10.1.2.1  әдеби 
шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу» деген оқу 
мақсатымен алмастырылды;  
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы 
өзекті мәселелермен байланыстыру;  


217 
 
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының 
қызметін талдау;  
10.3.1.1  шығарманы  мазмұндас  туындылардың  үлгілерімен  салыстырып, 
тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;  
10.1.5.1  шығармадағы  ұлттық  құндылықтардың  әлемдік  тақырыптармен 
үндестігін ашу; 
10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын 
айқындау;  
11-сыныпта:  
11.2.4.1  көркем  шығармадағы  ғаламдық  тақырыптарға  креативті  ой 
қосып,  шығармашылық  жұмыс  (эссе,  әңгіме,  өлең,  әдеби  және  еркін 
тақырыптарға шығарма) жазу;  
11.3.4.1  шығарманы  идеялық  жағынан  мазмұндас  әлем  әдебиеті 
үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу; 
11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық  тақырыптағы 
өзекті мәселелермен байланыстырып,  шығармашылық жұмыстарда қолдану; 
11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы 
өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану; 
11.3.2.1  көркем  шығарманың  жаңашылдығын  ғаламдық  тақырыптармен 
байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру; 
11.2.1.1  әдеби  шығарманың  композициясын  жанрлық  ерекшеліктерін 
айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау. 
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 65-кестеде берілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет