«Информатика»пәнібойыншабілімалушылардыңбіліміндегіолқылықтардытолықтыружөніндеұсынымдар: 2021-2022 оқу жылында «Информатика» пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы келесі кезеңдер бойынша жүргізу ұсынылады:
Диагностикалықжұмыс:
пәннің оқу бағдарламасының мазмұны бойынша диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (өткен оқу жылындағы күрделі тақырыптар, оқу мақсаттары);
білім алушыларға қиындықтар тудырған, білімінде олқылықтары бар тақырыптарды және оқу мақсаттарын анықтау;
Жоспарлаужұмысы:
бөлімдер/бөлімшелер/тақырыптар бойынша білімдегі олқылықтарды ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды қайта қарау (оқу тоқсаны ішінде сағаттарды қайта бөлу);
өткен оқу жылында игерілмеген күрделі тақырыптарды, оқу мақсаттарын анықтау, қайталау, жаңа оқу жылында оқыту;
білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша білім алушының жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу.
Жүзегеасыружәнеталдау:
өтілген оқу материалдары бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді жоспардың негізінде сабақты ұйымдастыру;
- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән тақырыптары бойынша білім алушылар үшін қосымша оқу материалдарын дайындау;
меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары мен тақырыптары бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жеке кеңестер, қосымша сабақтар өткізу;
оқушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және мектеп әдістемелік бірлестігінде нәтижелерді талқылау;
мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындау.
Шектеу шаралары кезінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауды ауызша сұрақ қою, қарапайым практикалық тапсырмалар,өзарабақылау,жазбашажұмыстар,тестілеуарқылы жүргізу ұсынылады.
Мысалы, «Информатика» пәні бойынша өткен оқу жылындағы меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады:
10-сыныпта:
"реляциондық деректер қоры" ұғымын түсіндіру;
жол,жазба,индекстерминдерініңанықтамасынқұрастыруоқу мақсаттары мен 9.2.2.1 "дерекқор, жазба, өріс" терминдерін түсіндіру;
9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау оқу мақсаттарын; 11-сыныпта:
11.3.4.3дайыналгоритмдерменматематикалықмодельдеудіңэлектрондықкестелеріндегі/бағдарламаларындағынейрондықжелілердіжобалауоқу мақсатын жүзеге асыруда электрондықкестелердіқолдануарқылыесептердішешуүшінкірістірілгенфункциялардыпайдаланудықайталау.
Сонымен бірге, 10-сыныптағы алгоритмдер мен программалар тақырыптарында негізгі алгоритмдік құрылымдардың орындалу реті мен программалау тілінде жазылу ережелерін үнемі қайталап еске түсіріп отыру керек.
Интернет – қолжетімді ақпарат көздерінің бірі болғандықтан 10-11-сынып білім алушыларының интернет-кеңістікте жұмыс істеу ережелерін, киберқауіпсіздік ережелерін, этикалық нормаларын сақтауы талап етіледі. Білім алушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауы, оған қажет білім базаларын (оның ішінде
«Информатика» пәні бойынша) анықтауы, мамандықтың қолдану салалары мен болашағымен танысуы үшін әр түрлі дерек көздерін тиімді пайдалануға бағыттау қажет. Сонымен бірге танымдық қызығушылықты, шығармашылық қабілеттілікті, бағдарлама компоненттерін өз бетінше үйрену, қолдану қабілеттерін дамыту мақсатында қашықтан оқу курстарын пайдалануға назар аудару ұсынылады.