Қазақстан республикасының орта


«Әдебиеттік оқу» оқу пәні



бет34/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

«Әдебиеттік оқу» оқу пәні
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған. Нақты шығармаларды оқып білу және қажетті шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін мұғалім білім алушылардың даярлық деңгейіне байланысты сабақтар санын анықтайды.
Оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 2-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында – 102 сағатты;

  2. 3-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында – 102 сағатты;

  3. 4-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.

Оқу дағдысы негізгі оқу дағдысы болып табылады, сондықтан оны қалыптастырғанда кезең-кезеңмен жұмыс істеу маңызды: дұрыс оқу (дыбыстар
мен әріптерді сәйкестендіру, буындар құрауы); түсініп оқу (оқылған сөздің мағынасын түсіну және олардың мағынасын түсіндіру); шапшаң (тұтас сөздерді дұрыс және түсініп оқу); мәнерлеп (дұрыс, түсініп және шапшаң оқуға және ақпараттың мазмұнына өзінің көзқарасын білдіру).
Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып, мұғалім төмендегі міндеттерді қояды:

  • екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқу біліктерінің қалыптасуын; оқу қарқыны бойынша оқылған мәтіннің мазмұнын түсінуін, оқу кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын, кейіпкерлерінің ерекшеліктеріне тән қассиеттерін білуін тексереді;

  • үшінші сыныпта негізгі құралдардың мәнерлілігін пайдалануда өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру, дауыстап және іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуін, сонымен қатар, оқу техникасын тексерудің негізгі міндеттерін тұтас сөздермен оқи білуінің қалыптасуын тексереді;

  • төртінші сыныпта оқу дағдысы: шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу (5-кесте).




  1. кесте. Оқу дағдыларының нормалары




Сыныптар

І
жартыжылдық

ІІ
жартыжылдық

2-сынып

40-45 сөз

50-55 сөз

3-сынып

60-65 сөз

65-70 сөз

4-сынып

75-80 сөз

80-90 сөз

Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады. Білім алушылардың оқу техникасы оқу дағдысын қалыптастыру бойынша одан әрі оқыту алгоритмін құру үшін критерий болып табылатынын ескеру маңызды.
Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсінуіне және мәнерлілігіне тікелей байланысты екенін және сол арқылы оқу дағдысының толыққанды қалыптасатынын есте ұстау қажет.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты қажет болған жағдайда, мұғалімнің таңдауы бойынша басқа да әдеби шығармаларды оқуды тізбеге қосуға болады. Ол шығармалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім түрлі қосымша жұмыстарды жүргізуі мүмкін және тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторлары да алдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық жұмыстарды өткізу кезеңі мен түрлерін өзі анықтайды. Төменде ұсыным сипатында критерийлермен жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (6-кесте).

  1. кесте. Пән бойынша жұмыс түрлерінің үлгісі



Оқудың түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет