Мектепалды даярлық сыныптары
5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң)
бап).
1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады (Заңның 31-бабы). Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталылық);
ұжымдық қызметтегі бірлескен әрекет дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;
баланың мектепке эмоционалды оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |