Күн сайын білім беру үдерісіндегі заманауи педагог рөлі сан қырлы және түрлі образға ие болуда әртүрлі жағдайға сай ол – білім беруші, психолог, тәлімгер, қорғаушы және ұйымдастырушы бола білуі қажет.
Осылайша, оқушыларымыздың дербес өмірге қалай енетіндігі мұғалімге тікелей байланысты. Заманауи педагог бала бойында жан-жақты жүйелі білім, білік пен дағды ғана емес, қазіргі заманға сай білім берудің сапасын анықтайтын басты құзыреттіліктерді – оқушылардың дербес іс-әрекеті мен жеке жауапкершілігін де қалыптастыруы қажет.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі тұлғалық жеке қабілеттерінің үйлесімділігінен, түрлі нысандар мен құралдарға, педагогикалық еңбекке лайық сезімталдық және оқушы тұлғасындағы сапалы бастауларды дамытатын өнімді модельдерді құрастырудан тұрады.
Сыни ойлай алатын мұғалім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығарады.
Білім беру бағдарламаларын құрастыруда және бейімдеуде, сабақтарды өткізу, білімді бағалау мен оқыту үдерісінің басқа да кезеңдерінде және оқушылармен сабақтан тыс қарым-қатынас жасауда әр оқушының денсаулығы, мінез-құлқы мен жас ерекшелігі есепке алынуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі заман оқушыларының барлығына тән ерекшеліктерін де жадыда ұстаған жөн. Ақпараттандыру заманы бала бойында «клиптік ойлау» - заттар мен құбылыстардың мағынасын үстіртін тануды қалыптастырды. Жақсы педагог тәлім
алушыларына оқу материалын терең меңгертумен бірге қоршаған орта шындығын танытып, олардың дүниетанымын кеңейтуді де жүзеге асырады.
Білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қашықтан білім беру формалары да үлкен рөл атқаруда. Педагогтер компьютерлік технологияларды жақсы меңгеріп, бала ықыласын қашықтан, тікелей қарым- қатынассыз өзіне аударта алуы тиіс.