Ж аукенова Гулнара Жаугаштиевна Жаңаөзен қаласы №7 орта мектеп



бет1/5
Дата01.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#148576
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Өзін-өзі тану сабағында музыканың алатын орны


Ж аукенова Гулнара Жаугаштиевна

Жаңаөзен қаласы №7 орта мектеп


Музыка және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі


І б/санатты


«Өзін-өзі тану» сабағында музыканың алатын орны


«Болашақ бүгіннен басталады»,-дегендей,еліміздің болашағы-біздің бүлдіршіндеріміз.Ал,оларға сапалы білім,саналы тәрбие беру-басты парызымыз.Осыған орай барлық білім ордалары мен балабақшаларында Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» бағдарламасы енгізілді.Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты-адамның қоршаған ортаны,өзінің ішкі жан дүниесін танытып,өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани қуатын дамыту.Баланың өзіне деген сенімін арттырып,өз ойын,пікірін ашық айтуға үйретеді.


«Өзін-өзі тану» сабақтарында оқушыларға жан-жақты адамгершілік-рухани тәрбие берумен қатар,музыканың да алатын орны ерекше.Музыка адамның ой-өрісін молайтып,ішкі рухани қазынасын байытып,санасын дамытып отырады.Музыка адамды сезімталдыққа,нәзіктікке баулиды. Ғалымдар музыканы шығармашылыққа дем беретін,балалар сурет салумен,жабыстырумен,әдеби шығарма жазумен шұғылданғанда музыка қосып қоюдың пайдалылығын айтады.
Осыған орай өз тәжірибеммен бөлісетін болсам, сабақ барысында жағымды әуен тыңдағанда оқушының тыныштыққа бой алдырып,сүйіспеншілікке берілетінін байқаймын.Әуен аяқталған кезде кейбір балалар музыкадан алған әсерлерін қағаз бетіне сурет салу арқылы бейнелесе,кейбір балалар шабыттанып өз ойынан өлеңдер шығарады.Бұл көбіне тыныштық сәтін ұйымдастырған кезде байқалады.Жаңа сабақта мәтінді балаларға жәй әуеннің ырғағымен оқып берсе,әңгіме әсерлі болады.Бала өз ойын еркін жеткізе алады.Сабақта аңыз айтылатын болса, тақырыпқа сай күй тыңдатуға да болады. Сонымен қатар баланың музыка тыңдау барысында әуен әсерінен қан айналу,зат алмасу процесі жақсарады.Музыка көңілді көтереді,бойды сергітеді,жанға жайлы әсер тудырады.Яғни,музыканың денсаулыққа да пайдасы зор.
Шығармашылық қабілетті дамытуда музыка мен өлеңнің орны ерекше. Берілетін шығармашылық жұмыс кезінде мысалы, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен жайлап айтып болған соң,енді осы мезгілдің суретін салуды сұраңыз.Сондағы олардың ішіндегі сөз бен істің үйлесімділігін көресіз.Табиғаттың сұлулығы бейнеленген суретті бала өз ойымен толықтыруы да мүмкін.Сабақты қорытындылау барысында тақырыпқа сай ән айтқызып,би де билетуге болады. Алайда, ұстаз музыканы аса талғаммен таңдау керек.
Ойымды қорытындылай келе,белгілі француз жазушысы Р.Ролланның «Жақсы музыка сәбидей пәк те,абыздың көзіндей ақылға толы» деп музыкаға жоғары баға берген ойымен аяқтағым келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет