Қазақстан республикасының орта



бет26/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИЕТ инклюзивті білім берудің негізгі үш аспектісінің (инклюзивті саясатты әзірлеу, инклюзивті мәдениетті құру, инклюзивті практиканы жүзеге асыру) маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Білім беру ұйымдарындағы әрбір адамның өзіндік ерекшелігін, әртүрлілігін құрметтеу, білім берудің кез келген субъектісіне қолайлы, жағымды мектеп қоғамдастығын құру, инклюзивті құндылықтарды қабылдау инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайды.
Форумдар, арнайы семинарлар, жиналыстар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі табысты адамдар (Серік Есматов, Шахан Жолдасбаев, Зульфия Раухатовна – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кейіпкерлері, Пабло Пинед, Ника Вуйчиче, Стивен Хокинг және т.б.) туралы таныстырылымдар ұйымдастыру.
Инклюзивті мәдениет инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асырудың маңызды факторы. Сонымен қатар инклюзивті мәдениетті құру мектептегі теңдікті, қолжетімді ортаны қамтасыз етудің, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды құрметтеудің, оларға жағымды көзқарас қалыптастырудың, әлеуметтендірудің негізі ретінде қарауымыз керек.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын, білім алушылардың оң психо-эмоционалдық көңіл-күйін, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аудару қажет. Суицидтік мінез-құлыққа әкелетін негізгі факторлар – оқшаулану сезімінен туындаған жалғыздық, ата-аналарымен және туыстарымен жанжал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет