Шахан кенті әкімінің 2013 жылғы 17 қаңтарда өтетін кент тұрғындарымен есеп беру кездесуіне баяндама
Қайырлы күн құрметті Шахан кентінің тұрғындары!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен басталған әкім есептері ел өмірінде маңызды саяси науқанға айналды.
Мұндай кездесулер халықтың билік органдарының қызметтері туралы көбірек білуіне, жаңа экономикалық реформа міндеттерін орындауға және нақты проблемаларды шешуге қоғамды жұмылдыруға ықпал етеді.
Қайырлы күн құрметті Шахан кентінің тұрғындары!
Бүгін осы баяндамада 2012 жылда кенттің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі нәтижелеріне және 2013 жылға арналған басым бағыттарына тоқталғым келеді.
Мемлекетіміздің әлеуметтік саяси басымдылығының бірі қазақстандықтардың жұмысбастылығы болып табылады. Бұл біріншіден, тиімді оқу жүйесін құру және жұмысқа орналасуға көмектесу. Екіншіден, селода кәсіпкерліктің дамуына көмектесу. Үшіншіден, еңбек ресурстарының оңтайлылығын арттыру, бастысы экономикалық белсенді орталықтарға жұмысқа орналастыру.
Жұмысқа тұру сұрақтары бойынша 2012 жыл мерзімінде (жұмыбастылық органдарына) 246 адам үндеу жасады, оның ішінде 108 жастар. Шахтинск қаласының жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар бөліміммен бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесінде 215 жұмыссыздарға жұмысқа тұруда көмек көрсетілді, соның ішінде жастардан 92 адам орналастырылды.
Қоғамдық жұмыстарға – 35 адам, оның ішінде жастардан 14 адам жіберілді, оқуға 4 адам, оның ішінде жастардан 2 адам.
Бұдан басқа, жұмысқа тұру мәселесін шешу үшін тұрғындар 2011 жылдың шілде айынан өз әрекетін бастады «Жұмысбастылық 2020 бағдарламасы».
Кент әкімінің аппараты Шахтинск қаласының жұмысбастылық орталығымен бірге келесі жұмысты жүргізеді: тұратын жері бойынша жұмысқа орналастыру және оқыту. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі: жұмысқа тұру мәселесі бойынша консультация, оқыту және қайта оқыту, біліктілігін арттырудың тегін курстарына жіберу, кәсіби дайындау мен қайта даярлау.
Достарыңызбен бөлісу: |