Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Денсаулық сақтау Министрлігі АҚ
Глоссарий
Нуклеопротеидтердің және нуклеин қышқылдарының биологиялық қызметтері, құрамы, құрылысы. Нуклеопротеиндердің алмасуы.
Тақырыбы:
Орындаған: Қуанышбай.Е
Тобы: В-ЖМҚАБ-08-20
Қабылдаған: Жиенбаева.А
Шымкент-2021 ж
Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) — құрамында фосфоры бар биополемерлер. Табиғатта өте көп тараған.
Мономер – молекулалары бір-бірімен немесе басқа қосылыстардың молекулаларымен полимер түзетін төменгі молекулалық қосылыстар.
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.
Нуклеопротеидтер — нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар.
Подагра (грек. podagra — аяқ үшін қақпан) — организмде зат алмасу процесінің бұзылуынан қанда несеп қышқылының артуы мен оның тұздарының буындарда, дене мүшелерінің басқа тіндерінде жиналуынан пайда болатын созылмалы ауру.
Ксантинурия – пуриндердің несеп қышқылына дейінгі катаболизмінің бұзылуына әкелетін ксантиноксидазаның ақауымен байланысты тұқым қуалайтын энзимопатия.
Оротацидурия – пиримидин синтезі жолының екі ферментінің – оротатфосфорибозилтрансфераза мен оротидиндекарбоксилазаның (I тип) жоғалуымен немесе тек оротидиндекарбоксилазаның (II тип) болмауымен байланысты тұқым қуалайтын ауру.
Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.
Нуклеотидтер – нуклеин қышқылдарын құрайтын негізгі құрылымдық бірлік.
Нуклеотидтер бір-бірімен ковалентті байланыс арқылы байланысқан 3 түрлі химиялық бөліктен тұрады:
Гуани́н (Гуа, Gua) — аминды өндіретін азоттық негіз. ДНҚ-да репликация мен транскрипция жүзінде цитозинмен үш сутекті байланыс құрайды. Алғашқы рет гуанодан бөлініп алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |