29
түрлі мәтіндерді өздігінен түсініп оқиды, оқығаны бойынша өзіндік
қорытынды жасап, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары арқылы тың
идеяларын өзгелермен еркін бөліседі.
Қазақ тілін оқытудың классикалық тәсілі, негізінен, тілді академиялық
тұрғыдан оқытуды көздейді. Ол тәсіл қазақ тілінің грамматикалық құрылымын
тереңдете түсінуіне, жазба тілді дамытудың тұрақты дағдыларын
қалыптастыруға, сөйтіп, аса жоғары сауаттылықты дамытуға бағытталды. Ал
коммуникативтік әдіс болса, қолданбалы бағытты ұстанады. Бұл бағыт бойынша
білім алушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын, ойын айшықты етіп беру
шеберліктерін қалыптастыру көзделеді. Мұның өзі білім алушыларда қазақ тілін
жан-жақты танып-білудің жаңа мотивациясын туғызады.
Пән мазмұны білім алушыларға қазіргі қазақ тілін дамыған жүйе ретінде
танытып, оның құрылымын жай ереже түрінде емес, өмірдің түрлі саласындағы
атқаратын қызметімен тығыз байланыста меңгертеді.
Бағдарламада білім алушылардың қазақ тіліне деген құндылық көзқарасын
қалыптастырып, қазақ тілін қазақ халқының болмысын танытушы ерекше
феномендік құбылыс ретінде түйсінуге жетелейтін әдіс-тәсілдер жүйесі
жүйеленіп берілген. Қазақша сауатты сөйлеу мен жазу, пікір алысу, мәтін талдау,
тыңдай білу мәдениеті негіздерін үйрену, сұхбаттасу әдептерін коммуникативтік
дағдылармен тығыз бірлікте қалыптастыру – бағдарламаның өзіндік ерекшелігін
танытады.
Бағдарламада қамтылған дидактикалық бірліктер – көркем мәтін мен
көркем емес мәтін негізінде сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын тілдік
бірліктермен тығыз байланыста дамытатын оқу материалдарын қамтиды. Олар
оқу және әдістемелік міндеттерге сай болуы тиіс. Атап айтқанда,
Достарыңызбен бөлісу: