КІРІСПЕ
Тәуелсіз егеменді еліміздің әлемдік өркениетке жетудегі сара да дара жолы
– оның білім жүйесі. Бүкіл әлемдегі елдермен терезесі тең, керегесі кең болу үшін
артымыздан ерген келешек ұрпағымыз білімді болу керек. Еліміздегі «Білімді
ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының екінші міндеті – орта білім беру
сапасын арттыру болса, Ұлттық даму жоспарының Сапалы білім 3-ұлттық
басымдығының міндеттері де білім беру саласындағы қолжетімділікті, теңдікті
қамтамасыз ету, оқыту үшін қолайлы жағдайлар мен орта жасау және білім беру
сапасын арттыру. [1] Ендеше қазіргі білім беруде педагог қауымының алдында
білім алушыларға сапалы білім беру міндеті тұр. Білімнің сапалы берілуі –
ұстаздың біліміне, тәжірибесіне, ізденісіне, оқытудағы жаңа технологияларды
сабақ барысында мол шеберлікпен, шығармашылықпен жеткізуіне байланысты
болып тұр.
«...Үлгерімі төмен балаларға ерекше қолдау, жылы сөздер және олардың
жетістікке жететініне сенім қажет екенін түсіну маңызды», - деп Оқу-ағарту
министрі мектептегі үлгермеушілік мәселесі туралы айтты. Ғылым мен
техникалық прогрестің дамуы, қоғамның өзгеруі, жаһандану заманының
басталуы білім мазмұнын жаңартуға мол мүмкіндіктер туғызды. Білім теңіз,
оның тереңін жетік білетін, сырын меңгерген адамдарды дайындайтын педагог.
Әрбір педагог өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол,
парасатты, мәдениеті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Ол үшін
педагог өзі оқытатын пәндердің ғылыми әдістемелік деңгейін ғылыми
ұйымдастырғанда, яғни сабақта әртүрлі әдіс-тәсілді кешенді жоспармен
пайдаланғанда ғана қолы жетеді.
Әлеуметтік дамудың қазіргі деңгейі жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға
қойылатын талаптардың көбеюін талап етеді. Мектептегі білім алушылардағы
үлгермеушіліктің алдын алу мен түзетудің тиімді тәсілдерін анықтау қажеттілігі
білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейінің төмендеуінің жалпы үрдісіне
негізделген.
Бүгінгі білім беру үрдісінде жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің дамуы,
өздігінен қоршаған ортаны танып білуі, белсенділігінің артуы, шығармашылық
міндеттерді ойдағыдай шешуде педагог және мектеп психологының тарапынан
көп жұмыс жасалуы тиіс.
Мектептегі оқытудың негізгі мәселелері – білім алушылардың оқу
үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдылық жан қуаттарының
оятуына түрткі болу. Денсаулығы дұрыс дамыған кез келген білім алушы мектеп
бағдарламасын толық игеруі керек. Білім алушылардың көпшілігі оқу
бағдарламасын қиындықпен, ал кейбіреуі негізгі пәндерден ұзақ уақыт бойы
үлгермейді.
Үлгермеушілік – білімді меңгеруде шығармашылық жұмыстардың
тәжірибесін қалыптастыруда, икем мен дағдыны жетілдіруге қатысты мектептің
міндетті талаптарына, білім алушы дайындығының сәйкес келмеуі және ол оқу
процесінің мазмұнымен тура байланыстағы оқыту нәтижелерінен білінетін,
4
белгілі бір көрсеткіштерінен байқалуы мүмкін. Оқу процесіндегі үлгермеушілік–
бұл әр білім беру мекемесінің өзекті проблемасының бірі болып саналады.
Осыған орай үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс – бұл әр пән мұғалімнің
үлкен басым міндеттерінің бірі.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс әдістемелік ұсынымдарды
әзірлеуде «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттары» [2], «Үлгілік оқу жоспарлары», «Үлгілік оқу
бағдарламалары» негізгі құжаттары басшылыққа алынған.
Әдістемелік ұсынымның құрылымы негізгі 3 бөлімді қамтыған. «Үлгерімі
төмен білім алушыларды педагогикалық, оқу-әдістемелік сүйемелдеу» бөлімінде
оқу пәндері бойынша үлгермеушілік себептері, оқу процесінде үлгерімі төмен
білім алушыларды педагогикалық қолдаудың мәні, негізгі түрлері, формалары
мен кезеңдері мен үлгерімі төмен білім алушыларды оқытуды дараландыруды
жүзеге асыру жолдары мен оларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету
туралы жазылған. «Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс істеу әдістері мен
нысандары» бөлімінде оқу пәндері бойынша үлгерімі төмен білім алушылармен
жұмыс істеудің тиімді әдістері ұсынылды және оқу пәндері бойынша білім
алушылардың пәнді оқудағы қиындықтарын анықталды. «Үлгерімі төмен білім
алушылармен түзету жұмысының жүйесі» бөлімінде оқу пәндері бойынша
арналған сабақ үлгілері берілген.
Үлгерімі төмен
білім алушыларды зерттеу кезінде ғалымдар екі мәселеге
тоқталады: біріншісі – Педагог қалай оқытады?, екіншісі – Білім алушы қалай
оқиды және осы кезде оның дамуы қалай жүзеге асады?
Дидактиктер бұның себептерін педагогикалық психологиялық жағдай,
оқу- тәрбие процесі жағынан қарастырады. Ал психологтар үлгерімі төмен білім
алушылардың оқу үрдісіндегі оқу іс–әрекетінің жеке ерекшеліктеріне тоқталады.
Үлгерімі төмен білім алушылардың ортақ белгілері болса да, олар бір-бірінен
айтарлықтай ерекшеленеді. Күнделікті жұмыс тәжірибесінде, әр сәтсіздікке
ұшыраған жағдайда, біз жеке көзқарастың жаңа жолдарын іздеуді қажет ететін
мүлдем жаңа ерекшеліктерді кездестіреміз.
Оқудағы үлгермеушілікке апаратын ауытқушылықтар жеке дара
дамуының бір немесе бірнеше аспектіде көрінуі мүмкін: физикалық және
психикалық денсаулығы, баланың танымдылық деңгейінің қарқыны, оның
эмоционалды- тұлғалық даму ерекшелігі. Сондықтан баланың даму қарқыны мен
көмек көрсету бағдарламасын құруда көптеген мамандар қамтылуы керек
(дәрігер, психолог, логопед, әлеуметтік педагог, пән педагогтері). Педагог пен
білім алушының іс-әрекетіндегі өзара байланысының күрделі үрдісінде
қалыптасатын оқуға деген субъект – объективтілік қарым – қатынасқа өтудің
маңызы зор. Білім алушының ойын ояту, түйінді сұрақ қою, оны
таңғажайыптармен таңырқата білу, танымдық қызығуды тұрақтандыратын
белсенді өзіндік іс-әрекеттерге қатыстыру шараларын ұйымдастырғанда педагог
мен мектеп үлгермеуші білім алушыны жоя алады.
Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі принциптері:
5
1.
Тиісті пән негізіндегі нақты және арнайы білімде қалыс қалулар, оның
негізінде білім алушы оқылатын түсініктердің, заңдылықтардың,
теорияның негізгі элементтерін сипаттап бере алмайды және практикалық
іс- әрекет орындай білмейді.
2.
Оқу – танымдық іс-әрекетінде дағдылардың қалыс қалуының салдарынан,
берілген уақыт ішінде білім алушы білім, білік, дағды көлемін меңгере
алмайды, жұмыс қарқыны төмендейді.
3.
Даму деңгейі мен тұлғалық қасиеттердің тәрбиеленуінің жеткіліксіздігі
негізінде,
білім
алушы
сәтті
оқуға
қажетті
өз
бетімен,
ұйымдастырушылық, шыдамдылық және басқа қасиеттерді көрсете
алмайды.
Біздің елімізде педагогтің жеке тұлғасына үлкен талаптар қойылады.
Педагог өз білім алушыларының арасында шынайы беделге ие болуы және
оларға үлгі бола білуі қажет. Аталған талаптарды орындай отырып ол білім
алушыларды оқыту мен тәрбиелеуде оңды нәтижелерге қол жеткізе алады.
|